Об утверждении Правил осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағының 23) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігінің төртінші абзацының 17) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М.Сартбаевқа жүктелсін. "Келісілген" Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидалары
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның 2006 жы­л­ғы 25 шіл­де­де­гі N 65 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағының 23) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігінің төртінші абзацының 17) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрі – Қор) сенімгерлік басқару кезінде инвестициялық операцияларды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Ұлттық Банктің Қорды сенімгерлік басқару кезінде инвестициялық операцияларды жүзеге асыруының негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Қор активтерінің сақталуы;
Тармақша 2
2) Қор активтері өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұру;
Тармақша 3
3) бірқалыпты тәуекел деңгейінде ұзақ мерзімді болашақта Қор активтері кірістілігінің жеткілікті жоғары деңгейін қамтамасыз ету. Қор активтері кірістілігінің ұзақ мерзімді болашақта жеткілікті жоғары деңгейін қамтамасыз ету кірістіліктің қысқа мерзімді ауытқуларын көздейді.
Тармақ 3
3. Қорды сенімгерлік басқару бойынша қызметке қаржы нарықтары туралы деректерді ұсынатын Bloomberg L.P., Reuters (Eastern Europe) Limited және басқа ақпараттық жүйелердің қызмет көрсетулерін сатып алу кіреді.
Тармақ 4
4. Ұлттық Банк Басқармасы осы Қағидалардың ережелерін жылына кемінде бір рет талқылайды.
Тарау 2. 2-тарау. Негізгі ұғымдар
2-тарау. Негізгі ұғымдар
Тармақ 5
5. Активтерді активтік басқару – портфель кірістілігі ауытқуының өзгермелілік мәні (tracking error) 2 (екі) пайыздан асатын басқару түрі.
Тармақ 6
6. Негізгі валюта - Қор активтерін басқарудың кірістілігін бағалау мақсаттары үшін пайдаланылатын валюта.
Тармақ 7
7. Бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілік - кірісі белгіленген бағалы қағаздың (портфельдің) пайызбен көрсетілген және бағалы қағазды (портфельді) ол өтелгенге дейін сатып алған және сақтаған жағдайда алынатын кірістілігі. Бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілікті есептеу купон ставкасына, бағалы қағаздың (портфельдің) өтеу мерзіміне және нарықтық құнына негізделеді. Есептеу кезінде купондық төлемдерді бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілікке тең пайыздық ставка бойынша қайта инвестициялау болжанады.
Тармақ 8
8. Кірісі белгіленген бағалы қағаздың (портфельдің) дюрациясы - бағалы қағазды (портфельді) өтеуге қатысты кірістілік жоғарылаған/төмендеген жағдайда бағалы қағаздың (портфельдің) құны жуық шамамен қаншалықты төмендейтінін/жоғарылайтынын көрсететін көрсеткіш.
Тармақ 9
9. Кірістілік ауытқуының өзгермелілігі (tracking error) - портфельдің нарықтық тәуекелінің эталондық портфельге қатынасы бойынша портфель кірістілігінің эталондық портфель кірістілігінен ауытқу өзгермелілігін көрсететін негізгі көрсеткіші (tracking error).
Тармақ 10
10. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 11
11. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 12
12. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 13
13. Кредиттік рейтинг – борыштық қаржы құралдары, эмитенттер, қарсы әріптестер бойынша кредиттік тәуекел деңгейінің халықаралық рейтингтік агенттіктер беретін көрсеткіші.
Тармақ 14
14. Активтерді пассивтік (индекстік) басқару - портфель кірістілігі ауытқуының өзгермелілік мәні (tracking error) 0.5 (ноль бүтін оннан бес) пайыздан аспаған кездегі басқару түрі.
Тармақ 15
15. Өкілетті өкіл - Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен белгіленетін, өкілеттіліктеріне Ұлттық Банктің атынан Қорды сенімгерлік басқару бойынша шешімдерді жедел қабылдау кіретін арнайы лауазымды тұлға (Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде).
Тармақ 16
16. Портфель - қаржы құралдарының жинағы, оның ішінде Қордың ақшасы бар.
Тармақ 16-1
Тармақ 16-2
16-2. Алтын портфелі – бұл мақсаты валютадағы активтердің халықаралық қаржы нарықтарындағы тартымдылығының ықтимал төмендеуінен сақтау және қорғау болып табылатын, ішкі және/немесе сыртқы алтыннан тұратын портфель.
Тармақ 17
17. Жинақ портфелі – бұл мақсаты тәуекел деңгейі тиісті болған кезде ұзақ мерзімді болашақта сақтау және кірістілікті қамтамасыз ету болып табылатын портфель. Жинақ портфеліне барлық түсімдер және жинақ портфелінен трансферттер тұрақтандыру портфелі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Тұрақтандыру портфелі – бұл мақсаты активтер өтімділігінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету болып табылатын портфель.
Тармақ 19
19. Құрылымдық өнім – әр түрлі қаржы құралдарының бірігуі болып табылатын активтер мен міндеттемелердің жиынтығы.
Тармақ 20
20. Активтерді тактикалық бөлу (tactical asset allocation) – эталондық портфель және оның рұқсат етілген ауытқулары шеңберінде қаржы құралдарының түрлі кластарының үлесін қаржы құралдарының, оның ішінде туынды қаржы құралдарының портфеліне/портфелінен сатып алу/сату/аудару жолымен өзгерту. Портфель активтерін тактикалық бөлу портфельдің кірістілігін эталондық портфельмен салыстырғанда арттыру мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 21
Тармақ 22
22. Активтерге кепілге салынған бағалы қағаздар (ABS) - жылжымайтын мүлікті қоспағанда, активтер сатып алуға арналған заемдарға кепілге салынған, эмитент кепілдік берген борыштық міндеттемелер.
Тармақ 23
23. Жылжымайтын мүлікке кепілге салынған бағалы қағаздар (MBS) - жылжымайтын мүлік сатып алуға арналған заемдарға кепілге салынған, эмитент кепілдік берген борыштық міндеттемелер.
Тармақ 24
24. Эталондық портфель - стратегиялық мүдделерді көрсететін құралдар жинағы. Эталондық портфельдің кірістілігі активтерді басқарудың кірістілігін бағалау кезінде өлшем болып табылады. Эталондық портфель ретінде әлемдік жетекші қаржы компаниялары, не Ұлттық Банк әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады.
Тармақ 25
25. Дербес басқару - Ұлттық Банк басқаратын Қор активтерінің бір бөлігі.
Тармақ 26
26. Сыртқы басқару - Ұлттық қордың сыртқы басқарушылары басқаратын Қор активтерінің бір бөлігі.
Тармақ 26-1
26-1. Алтын депозит (салым) – келісілген пайыздық мөлшерлемеде белгілі бір кезеңге салынған металл шоттарындағы алтын салымы.
Тармақ 26-2
Тармақ 26-3
Тармақ 26-4
Тармақ 26-5
26-5. Активтерді жетілдірілген индекстік басқару – кірістілік ауытқуының өзгермелілік мәні (tracking error) 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыздан қоса алғанда 2 (екі) пайызға дейін болатын басқару түрі. Активтерді жетілдірілген индекстік басқаруда эталондық портфельдің негізгі көрсеткіштерінен бірқалыпты ауытқуы болжанады.
Тармақ 26-6
26-6. Басқарушылық бақылау – бір заңды тұлғаның шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындау және (немесе) басқа заңды тұлғаның осындай заңды тұлғаға қатысуға (меншіктеуге) байланысты қабылдайтын шешімдеріне ықпал ету мүмкіндігі.
Тармақ 26-7
26-7. Компаниялар тобы – бірге бір заңды тұлғаның басқарушылық бақылауында болатын заңды тұлғалар, немесе бір заңды тұлға екінші заңды тұлғаның басқарушылық бақылауында болатын заңды тұлғалар.
Тармақ 26-8
26-8. Транзиттік портфель – кейіннен активтер бойынша төлемдерді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін мән-жайлардың (дүлей күш құбылыстары, соғыс қимылдары, төтенше жағдай) салдарынан Қағидалардың параметрлеріне сәйкес келмеуі туындаған, бұрын жинақ портфеліне сатып алынған Қордың осы активтерінен қалыптастырылатын уақытша портфель.
Тарау 3. 3-тарау. Қордың портфельдерін басқару жөніндегі жалпы стратегия
3-тарау. Қордың портфельдерін басқару жөніндегі жалпы стратегия
Тармақ 27
27. Қордың активтері тұрақтандыру портфеліне және жинақ портфеліне бөлінеді.
Тармақ 28
28. Тұрақтандыру портфелінің ең жоғарғы мөлшері 10 (он) миллиард АҚШ долларын құрайды. Егер жылдың қорытындысы бойынша тұрақтандыру портфелінің мөлшері 10 (он) миллиард АҚШ долларынан асып кеткен жағдайда, аударым жасау күніне асып кеткен сомадан кем емес мөлшердегі қаражат тиісті жылдан кейінгі 1 (бір) тоқсан ішінде тұрақтандыру портфелінен жинақ портфеліне аударылады.
Тармақ 28-1
28-1. Тұрақтандыру портфелінің ең төменгі мөлшері 5 (бес) миллиард АҚШ долларын құрайды. Егер әрбір тоқсанның қорытындыcы бойынша тұрақтандыру портфелінің мөлшері 5 (бес) миллиард АҚШ долларынан кем болған жағдайда, аударым жасау күніне толықтыру үшін қажетті сомадан кем емес мөлшердегі қаражат тиісті тоқсаннан кейінгі 1 (бір) ай ішінде жинақ портфелінен тұрақтандыру портфеліне аударылады.
Тармақ 29
29. Қаражат жетпеген жағдайда республикалық бюджетке Қордан кепілдік берілген және нысаналы трансферттерді алуды қамтамасыз ету үшін активтердің бір бөлігін жинақ портфелінен тұрақтандыру портфеліне аудару жүргізіледі.
Тармақ 30
30. Қордың активтерін портфельдер арасында аудару, олардың түрі мен көлемі айқындалып өкілетті өкілдің тапсырмасымен Қағидалардың шеңберінде жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. Қордың активтерін басқарудың кірістілігін бағалау мақсаттары үшін оның негізгі валютасы АҚШ доллары болып саналады.
Тармақ 32
32. Қордың активтері инвестицияланатын қаржы құралдары Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық Банкпен бірлесіп айқындайтын Материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат берілген қаржы құралдарының және олармен жасалатын мәмілелердің тізбесінде бекітіледі. Осы Қағидаларда көзделген шектеулер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің шешімдеріне сәйкес сатып алынған, кірістілік пен тәуекелдер көрсеткіштерін есептегенде ескерілмейтін қазақстандық қаржы құралдарына қолданылмайды.
Тармақ 32-1
32-1. Сенімгерлік басқару кезінде активтерді активтік басқару, активтерді пассивтік басқару, активтерді жетілдірілген индекстік басқару қолданылады.
Тармақ 33
33. Репо және кері репо операциялары А-1 (Standard&Poor's)/P1(Moody's) төмен емес қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері бар және A- (Standard & Poor's)/A3 (Moody's) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері бар қарсы әріптестермен жүзеге асырылады. Кері репо операцияларына арналған қамтамасыз ету нарықтық құны операция сомасының кемінде 100 (жүз) пайызын құрайтын, ең төменгі кредиттік рейтингі A+ (Standard&Poor’s)/А1 (Moody’s) төмен емес бағалы қағаздар болады.
Тармақ 34
34. Шетел валютасындағы және алтын депозиттері (салымдар) A-1 (Standard&Poor’s)/P1 (Moody’s) төмен емес қысқа мерзімді кредиттік рейтингі бар және A (Standard&Poor’s)/A2 (Moody’s) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар қарсы әріптестерде орналастырылады. Шетел валютасындағы депозиттердің (салымдардың) ең көп мерзімі – 1 (бір) ай. Алтын депозиттерінің (салымдарының) ең көп мерзімі Қағидалардың 56-11 тармағында көзделген.
Тармақ 35
35. «Төлемге қарсы жеткізу» қағидаты бойынша мәмілелерді қарсы әріптестер (немесе кастодиандар) арасында активтерді бір мезгілде жеткізу кезінде олардың кредиттік рейтингіне шектеулерсіз жүзеге асырылады.
Тармақ 35-1
35-1. Валютамен операциялар, осы Қағидалардың 35-3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, жинақ және тұрақтандыру портфельдерінің эталондық портфеліне кіретін елдердің валюталарын сатып алумен және сатумен шектеледі.
Тармақ 35-2
35-2. Ақша қалдықтарын инвестициялау АААm (Standard&Poor's)/AAA-mf (Moody' s) рейтингі немесе басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің ұқсас рейтингі бар ақша нарығының қорларына не AAAm (Standard&Poor 's)/AAA-mf (Moody' s) рейтингі немесе басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің ұқсас рейтингі бар қорларға қойылатын барлық талаптарды орындайтын ақша нарығының қорларына жүзеге асырылады. Ақша нарығының қорларына инвестицияланған активтердің ең жоғары көлемі Ұлттық Банктің немесе сыртқы басқарушылардың басқаруындағы тиісті портфель активтерінің нарықтық құнының 10 (он) пайызынан аспайды. Ақша нарығының қорларына инвестициялау мынадай шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) ақша нарығының қоры активтерінің көлемі 3 000 000 000 (үш миллиард) АҚШ долларынан кем емес;
Тармақша 2
2) ақша нарығы қорының жұмыс тәжірибесі 5 (бес) жылдан кем емес;
Тармақша 3
3) ақша нарығының қорларына инвестициялауға рұқсат етілген қаржы құралдарының ең төменгі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері тиісінше A- және A-1 (Standard&Poor's)/A3 және P-1 (Moody's) немесе басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің ұқсас кредиттік рейтингінен төмен емес;
Тармақша 4
4) ақша нарығының қоры активтерінің 90 (тоқсан) пайызынан кем емес: АҚШ үкіметі шығарған, АҚШ долларында номинирленген АҚШ ақша нарығының қаржы құралдарына, сондай-ақ олармен репо операцияларына; Еуроаймақ құрамына кіретін елдердің үкіметтері шығарған немесе кепілдік берген, еурода номинирленген А- (Standard & Poor's)/A3 (Moody's) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің ұқсас кредиттік рейтингі бар ақша нарығының құралдарына, сондай-ақ олармен репо операцияларына инвестицияланады.
Тармақ 35-3
35-3. "Жаппай активтік акциялар" және "Активтерді жаппай тактикалық бөлу" мандатының үлгілері үшін акциялар портфелінің эталондық портфеліне кірмейтін акцияларға және валюталарға портфель активтерінің 10 (он) пайызын инвестициялауға рұқсат етіледі.
Тармақ 35-4
35-4. Мемлекеттік бағалы қағаздың кредиттік рейтингі болмаған жағдайда мемлекеттік бағалы қағазға кредиттік рейтинг берілгенге дейін эмитент-елдің тәуелсіз рейтингі қолданылады.
Тармақ 35-5
35-5. Қор активтерінің кірістілігін арттыру мақсатында Қағидалардың 8-1-тарауына сәйкес кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (securities lending) бойынша операцияларды жүзеге асыруға рұқсат беріледі.
Тармақ 35-6
35-6. Қордың портфельдері үшін Қағидаларда көзделген шектеулер транзиттік портфельде орналастырылған активтерге қолданылмайды.
Тарау 4. 4-тарау. Тұрақтандыру портфелінің негізгі өлшемдері
4-тарау. Тұрақтандыру портфелінің негізгі өлшемдері
Тармақ 36
36. АҚШ қазынашылығының қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарының кең индексіне кіретін бағалы қағаздардан тұратын индекс (ICE BofA US Treasury Bill Index) тұрақтандыру портфелінің эталондық портфелі болып табылады. Ұлттық Банк тұрақтандыру портфелінің кірістілік пен тәуекел көрсеткіштерін күн сайын есептейді.
Тармақ 37
37. Тұрақтандыру портфелі кредиттік рейтингі А-(Standard&Poor’s)/A3 (Moody’s) төмен емес елдердің өтімділігі жоғары активтерінен тұрады.
Тармақ 38
38. Тұрақтандыру портфелінің секторлық бөлінуі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес айқындалады.
Тармақ 39
39. Корпоративтік бағалы қағаздар эмитенттерінің тұрақтандыру портфелінде АА (Standard&Poor’s)/ Aа2 (Moody’s) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері болады. Тұрақтандыру портфеліндегі коммерциялық бағалы қағаздардың және депозиттік сертификаттардың А-1 (Standard&Poor’s) / P-1 (Moody’s) төмен емес қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері болады.
Тармақ 40
40. Бағалы қағазды өтеудің ең көп мерзімі 10 (он) жылдан аспайды.
Тармақ 41
41. Тұрақтандыру портфелі қаржы құралдарының орташа алынған өтеу мерзімі 1 (бір) жылдан аспайды.
Тармақ 42
42. Тұрақтандыру портфелі активтерінің 50 (елу) пайыздан аспайтын мөлшерін сыртқы басқаруға беріледі.
Тармақ 43
43. Тұрақтандыру портфелі активтерінің валюталық бөлуге қатысты ең көп дегенде 50 (елу) пайызын жинақ портфелінің индекстеріне кіретін елдердің АҚШ долларынан басқа валюталарда деноминирленген активтерге инвестицияланады.
Тарау 5. 5-тарау. Жинақ портфелінің өлшемдері
5-тарау. Жинақ портфелінің өлшемдері
Тармақ 1. 1-параграф. Жинақ портфелінің негізгі өлшемдері
1-параграф. Жинақ портфелінің негізгі өлшемдері
Тармақ 44
44. Жинақ портфелі облигациялар портфеліне, акциялар портфеліне, балама құралдар портфеліне және алтын портфеліне бөлінеді. Облигациялар портфелі дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелінен, дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелінен және корпоративтік облигациялар портфелінен тұрады. Балама құралдар портфелі жаһандық балама құралдар портфелінен, ашық инвестициялық әріптестік портфелінен және шетелдік цифрлық активтер портфелінен тұрады. Жаһандық балама құралдар портфелі балама инвестициялардың кең спектрін қамтиды және жекелеген аймақтарға, секторларға немесе инвестициялық тақырыптарға сілтеме жасамай қалыптасады.
Тармақ 44-1
44-1. Облигациялар портфелінің кемінде 20 (жиырма) пайызын инвестициялауды Қордың активтерін сыртқы басқарушылар жүзеге асырады.
Тармақ 44-2
44-2. Жинақ портфелінің құрылымында транзиттік портфельді жасауға жол беріледі. Транзиттік портфельді бағалы қағаздарды сатып алу арқылы толықтыруға жол берілмейді. Транзиттік портфельді басқарудың мақсаты үстеме кірісті алу болып табылмайды.
Тармақ 44-3
44-3. Жинақ портфелін басқару тиімділігін бағалау ұзақ мерзімді перспективада сырғымалы бағалау әдісімен (rolling window) 5 (бес), 10 (он) жылдық мерзімдегі кезеңдерде және жинақ портфелін басқару басталғаннан бері жүргізіледі.
Тармақ 45
45. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 46
46. Жинақ портфелінің активтерін нысаналы стратегиялық бөлу осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес айқындалады. Жинақ портфелінің активтерін нысаналы стратегиялық бөлуге кері қайту күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүзеге асырылады. Әрбір есепті жылдың қорытындысы бойынша активтердің кез келген сыныбы есепті жылдан кейінгі жылдың алғашқы 2 (екі) айында (қаңтар және ақпан) 3 (үш) пайызға ауытқыған жағдайда, активтер сыныбының үлесі есепті жылдан кейінгі жылғы бірінші тоқсанның соңына дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес жинақ портфелінің активтерін нысаналы стратегиялық бөлуге дейін жеткізіледі.
Тармақ 47
47. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 1-1. 1-1-параграф. Өтпелі кезеңнің жинақ портфелінің негізгі өлшемдері
1-1-параграф. Өтпелі кезеңнің жинақ портфелінің негізгі өлшемдері
Тармақ 2. 2-параграф. Дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің өлшемдері
2-параграф. Дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің өлшемдері
Тармақ 48
48. Дамыған елдердің өтімділігі жоғары мемлекеттік облигацияларының кең индексіне кіретін бағалы қағаздардан тұратын композиттік индекс (ICE BofA Global Government Index, ICE BofA Global Inflation-Linked Government Index) дамыған елдердің белгіленген кірістілігі бар мемлекеттік облигациялары портфелі үшін эталондық портфель болып табылады.
Тармақ 49
49. Портфельдің дюрациясы эталондық портфель дюрациясынан +30/-40 (плюс отыз/минус қырық) пайыз шегінен аспайды.
Тармақ 50
50. Дамыған елдердің мемлекеттік облигациялар портфелінің секторлық бөлінуі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Тармақ 50-1
Тармақ 51
51. Бағалы қағаздардың ең төменгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі – BBB (Standard&Poor’s)/ Baa2 (Moody’s). Дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларының портфеліндегі жеке басқарушы портфельдегі корпоративтік бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг (Standard&Poor's/Moody's) бойынша лимиттер осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес айқындалады. Коммерциялық бағалы қағаздардың және депозиттік сертификаттардың ең төменгі қысқа мерзімді кредиттік рейтингі – А-3 (Standard&Poor’s)/ P-3 (Moody’s). Эталондық портфельге кірмейтін дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары, агенттік борыштық міндеттемелер, эталондық портфельге кіретін елдердің муниципалдық борыштық міндеттемелері, АА- (Standard&Poor's)/Aa3 (Moody's) және одан төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері портфеліндегі ең жоғары ауытқулар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес айқындалады. Муниципалды борыштық міндеттемелер мемлекеттік кепілмен қамтамасыз етіледі. Жылжымайтын мүлікке кепілдікке берілген бағалы қағаздар (MBS) және активтерге кепілдікке берілген бағалы қағаздар (ABS) ААА-дан ВВВ-ға дейін (Standard&Poor’s) немесе Ааа-дан Ваа2-ға дейін (Moody’s) кредиттік рейтингтері бар.
Тармақ 51-1
51-1. Дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары портфелі кірістілігінің ауытқуының күтілетін өзгермелілігі (ex-ante tracking error) оған кіретін туынды қаржы құралдарын есепке ала отырып, жылдық 2 (екі) пайыздан аспайды. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шектеу асып кеткен жағдайда Ұлттық Банк оны асып кеткен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күннен артық емес мерзімде жояды.
Тармақ 2-1. 2-1-параграф. Дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің өлшемдері
2-1-параграф. Дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің өлшемдері
Тармақ 51-2
51-2. Дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелі:
Тармақша 1
1) дамушы нарықтардың мемлекеттік облигацияларының кең индексіне (ICE BofA US Emerging Markets External Sovereign Index, ICE BofA Emerging Markets Corporate Plus Index, ICE BofA US Emerging Markets External Debt Sovereign & Corporate Plus Index) кіретін бағалы қағаздардан тұратын эталондық портфельді қолдана отырып, дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінен тұрады. Дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелі үшін эталондық портфелінде экспорттағы мұнай үлесі 80 (сексен) пайыздан асатын елдердің облигациялары қамтылмайды;
Тармақша 2
2) көлемі жинақ портфелінің 1 (бір) пайызынан аспайтын эталондық портфельді қолданбай, Қытай юаніндегі портфельден тұрады.
Тармақ 51-3
51-3. Дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелі үшін мынадай талаптар қолданылады:
Тармақша 1
1) дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің бағалы қағаздарының ең төменгі кредиттік рейтингі ВВ (Standard&Poor's)/Ва2 (Moody’s) деңгейіне немесе басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің ұқсас кредиттік рейтингіне сәйкес келеді. Дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің бағалы қағаздары үшін 2 (екі) және одан да көп кредиттік рейтинг болған кезде ең төменгі кредиттік рейтинг олардың ең төменгісі ретінде айқындалады. Егер бағалы қағаз бойынша кредиттік рейтингтің мәні ең төменгі кредиттік рейтингтен төмен түссе, Ұлттық Банк нарықтың ағымдағы конъюнктурасын ескере отырып, бағалы қағаз бойынша ең төмен кредиттік рейтингтің мәні төмендеген күннен бастап 2 (екі) айдан аспайтын мерзімде осы бағалы қағаз бойынша позицияны жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес жеке басқарушының дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелін секторлық бөлу.
Тармақ 51-4
51-4. Эталондық портфельді қолдана отырып, дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелі үшін мынадай талаптар қолданылады:
Тармақша 1
1) Ұлттық Банк экспорттағы мұнайдың кемінде 80 (сексен) пайыз мөлшерде үлесі бар елдің облигацияларын индексі құрамынан алып тастауды кемінде жылына 1 (бір) рет жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) эталондық портфельге кіретін бір эмитент-елдің бағалы қағаздарының үлесі дамушы елдердің мемлекеттік облигациялар портфелі көлемінің 20 (жиырма) пайызынан аспайды;
Тармақша 3
3) эталондық портфельге кірмейтін бір эмитент-елдің бағалы қағаздарының үлесі дамушы елдердің мемлекеттік облигациялар портфелі көлемінің 5 (бес) пайызынан аспайды;
Тармақша 4
4) дамушы елдердің мемлекеттік облигациялар портфелінің дюрациясы эталондық портфель дюрациясының +30/-40 (плюс отыз/минус қырық) пайызы шегінен аспайды;
Тармақша 5
5) дамушы елдердің мемлекеттік облигациялар портфелі кірістілігінің ауытқуының күтілетін өзгермелілігі (ex-ante tracking error) оған кіретін туынды қаржы құралдарын есепке ала отырып, жылдық 4 (төрт) пайыздан аспайды. Осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген шектеу асып кеткен жағдайда Ұлттық Банк оны асып кеткен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күннен артық емес мерзімде жояды.
Тармақ 51-5
Тармақ 51-6
Тармақ 51-7
Тармақ 51-8
Тармақ 51-9
Тармақ 2-2. 2-2-параграф. Корпоративтік облигациялар портфелінің өлшемдері
2-2-параграф. Корпоративтік облигациялар портфелінің өлшемдері
Тармақ 51-10
51-10. Корпоративтік облигациялардың кең индексіне кіретін бағалы қағаздардан тұратын индекс (ICE BofA Global Corporate & High Yield Index) корпоративтік облигациялар портфелі үшін эталондық портфель болып табылады. Корпоративтік облигациялар портфелі үшін эталондық портфельде парниктік газдар шығарындыларының деңгейі жоғары компаниялар, көмір өндіруші компаниялар және темекі өнімдерін өндірушілер шығаратын бағалы қағаздар қамтылмайды.
Тармақ 51-11
51-11. Корпоративтік облигациялар портфелінің бағалы қағаздарының ең төменгі кредиттік рейтингі ВВ (Standard&Poor's)/Ва2 (Moody's) деңгейіне немесе басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің ұқсас кредиттік рейтингіне сәйкес келеді. Корпоративтік облигациялар портфелінің бағалы қағаздары үшін 2 (екі) және одан да көп кредиттік рейтинг болған кезде ең төменгі кредиттік рейтинг олардың ең азы ретінде айқындалады. ВВ (Standard&Poor's)/Ва2 (Moody's) кредиттік рейтингі немесе басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің ұқсас кредиттік рейтингі бар корпоративтік облигациялар портфеліндегі бағалы қағаздардың үлесі корпоративтік облигациялардың эталондық портфеліндегі ВВ (Standard&Poor's)/Ва2 (Moody's) кредиттік рейтингі немесе басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің ұқсас кредиттік рейтингі бар бағалы қағаздардың үлесінен 1 (бір) пайыздан артық аспайды. Егер бағалы қағаз бойынша кредиттік рейтингтің мәні ең төмен кредиттік рейтингтен төмендейтін болса, Ұлттық Банк нарықтың ағымдағы конъюнктурасын ескере отырып, бірақ бағалы қағаз бойынша ең төмен кредиттік рейтингтің мәні төмендеген күннен бастап 1 (бір) айдан аспайтын мерзімде осы бағалы қағаз бойынша позицияны жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
Тармақ 51-12
51-12. Корпоративтік облигациялар портфелінің дюрациясы эталондық портфельдің дюрациясынан +30/-40 (плюс отыз/минус қырық) пайыз шегінен аспайды.
Тармақ 51-13
51-13. Корпоративтік облигациялар портфелін секторлық бөлу осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 51-14
51-14. Корпоративтік облигациялар портфелі кірістілігінің ауытқуының күтілетін өзгермелілігі (ex-ante tracking error) оған кіретін туынды қаржы құралдарын есепке ала отырып, жылдық 4 (төрт) пайыздан аспайды. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шектеу асып кеткен жағдайда Ұлттық Банк оны асып кеткен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күннен артық емес мерзімде жояды.
Тармақ 3. 3-параграф. Акциялар портфелінің өлшемдері
3-параграф. Акциялар портфелінің өлшемдері
Тармақ 52
52. Жаһандық акциялар нарығының кең индексіне (MSCI World Index) кіретін бағалы қағаздардан тұратын индекс акциялар портфелі үшін эталондық портфель болып табылады. Пассивті басқарудағы акциялар портфелі үшін эталондық портфель MSCI World ESG Index құрамына кіретін бағалы қағаздардан тұратын индексті қамтиды. Салықтарды есепке алмағанда дивидендтерді қайта инвестициялау ескерілген индекстің кірістілігі күн сайын есептелетін акциялар портфелі үшін эталондық портфель кірістілігінің көрсеткіші болып табылады.
Тармақ 53
53. Жинақ портфелінің акциялары портфелінің активтері (бұдан әрі – акциялар портфелі) жай және артықшылықты акцияларға, акциялар портфелінің эталондық портфелінде негізге алынатын немесе оның құрамдас секторларындағы индекстерге, туынды қаржы құралдарына, сондай-ақ ақшаға инвестицияланады.
Тармақ 54
54. Дербес басқарудағы акциялар портфелінің активтері Қағидалардың 53-тармағында аталған қаржы құралдарына инвестицияланады, сондай-ақ өтеу мерзімі 1 (бір) жылға дейінгі мемлекеттік бағалы қағаздар мен депозиттерге инвестициялауна және репо операцияларын жасауына жол беріледі.
Тармақ 55
55. Акциялар портфелінің активтік басқарудағы үлесі акциялар портфелінің 50 (елу) пайызынан аспайды.
Тармақ 55-1
55-1. Акциялар портфелінің нарықтық құнының кемінде 80 (сексен) пайызын инвестициялау Қордың активтерін сыртқы басқарушылардың көмегімен жүзеге асырылады. Ұлттық Банк жүзеге асыратын акциялар портфелін хеджирлеуге арналған туынды қаржы құралдары осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған лимитті есептеуде ескерілмейді.
Тармақ 55-2
55-2. Ұлттық Банк туынды қаржы құралдарының көмегімен жүзеге асыратын акциялар портфелін хеджирлеу шығындарды барынша азайту және (немесе) акциялар портфелін жинақ портфелінің активтерін нысаналы стратегиялық бөлуге жақындату үшін жүргізіледі. Мәмілелер жасасу кезінде Ұлттық Банк жүзеге асыратын акциялар портфелін хеджирлеуге арналған туынды қаржы құралдары бойынша барлық позициялардың абсолюттік мәндеріндегі номиналды құндарының сомасы акциялар портфелінің нарықтық құнының 100 (бір жүз) пайызынан аспайды. Ұлттық Банк жүзеге асыратын акциялар портфелін хеджирлеуге арналған туынды қаржы құралдары кірістілік ауытқуының күтілетін өзгермелілігін есептеуде ескерілмейді.
Тармақ 55-3
55-3. Активтік басқарудағы акциялар портфелінің кірістілігі ауытқуының күтілетін өзгермелілігі (ex-ante tracking error) оған кіретін туынды қаржы құралдарын есепке алғанда жылдық 7 (жеті) пайыздан аспайды. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шектеу асып кеткен жағдайда Ұлттық Банк оны асып кеткен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күннен артық емес мерзімде жояды.
Тармақ 56
56. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.08.22 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Тармақ 4. 4-параграф. Баламалы құралдар портфелі
4-параграф. Баламалы құралдар портфелі
Тармақ 56-1
56-1. Жаһандық балама құралдар портфелі кірістілігінің нысаналы деңгейі АҚШ долларымен өлшенетін, 80 (сексен) пайызы MSCI АCWI IMI Net Total Return USD Index индексінен және 20 (жиырма) пайызы Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD индексінен тұратын композиттік индекстің кірістілігі (портфель референсі) болып табылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген композиттік индексте (портфель референсі) эталондық бөлуге кері қайтару күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүзеге асырылады. Бұл ретте жаһандық балама құралдар портфелі, сондай-ақ ашық инвестициялық әріптестік портфелі үшін ұзақ мерзімді кірістіліктің ең төменгі деңгейі 5 (бес), 10 (он) және 15 (он бес) жыл мерзімдегі кезеңдер үшін сырғымалы бағалау (rolling window) әдісімен есептелетін US Consumer Price Index (CPI YOY) + 3 (үш) пайыздық мәні болып табылады. Шетелдік цифрлық активтер портфелін басқарудың және ашық инвестициялық әріптестіктің тиімділігін бағалау портфель референсіне қатысты жүргізілмейді. Шетелдік цифрлық активтер портфелін басқару тиімділігін бағалау жыл сайынғы негізде жүзеге асырылады. Шетелдік цифрлық активтер портфелін басқару нәтижелері «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Корпорация) Директорлар кеңесі бекітетін эталондық портфельдің кірістілігі мен тәуекел көрсеткіштеріне қатысты бағаланады.
Тармақ 56-2
56-2. Баламалы құралдар портфелінің мақсаты ұзақ мерзімді перспективада активтердің кірістілігін қамтамасыз ету және Қор активтерін әртараптандыру болып табылады. Баламалы құралдар портфелінің мақсатына сәйкес оның тиімділігін бағалау 15 (он бес) жылдан асатын кезеңге жүзеге асырылады.
Тармақ 56-3
56-3. Корпорация балама құралдар портфелін сыртқы басқаруды жүзеге асырады. Инвестициялық жобаларды талдау және басқару үшін ашық инвестициялық әріптестік бағдарламасы шеңберінде Корпорация 2 (екі) миллиард АҚШ долларынан кем емес активтерді басқаратын және инвестициялау тәжірибесі 10 (он) жылдан кем емес халықаралық басқарушыларды тартады.
Тармақ 56-4
56-4. Жаһандық балама құралдар портфеліндегі инвестициялар осы Қағидаларда белгіленген шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады. Жаһандық балама құралдар портфелін активтер сыныптары бойынша секторлық бөлу осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады. Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес белгіленген секторлық бөлу бұзылған жағдайда, жаһандық балама құралдар портфелін соңғы есепті кезеңдегі жаһандық балама құралдар көлемінің 100 (бір жүз) пайызынан кем мөлшердегі сомаға жаһандық балама құралдар портфелін толықтыру салдарынан және (немесе) жаһандық балама құралдар портфелі активтерінің құнын өзгерту және (немесе) жаһандық балама құралдар портфелінен активтерді алып қою нәтижесінде жаһандық балама құралдар портфелі бұзылған сәттен бастап 1 (бір) жыл ішінде белгіленген бөлуге сәйкес келтіріледі. Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес белгіленген секторлық бөлу бұзылған жағдайда, жаһандық балама құралдар портфелін соңғы есепті кезеңдегі жаһандық балама құралдар көлемінің 100 (бір жүз) пайызынан астам сомаға толықтыру салдарынан жаһандық балама құралдар портфелі бұзушылық жасалған сәттен бастап 3 (үш) жыл бойы жарамды транзиттік кезең ішінде белгіленген бөлуге сәйкес келтіріледі. Транзиттік кезең ішінде жаһандық балама құралдар портфелі осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес портфельдің референс параметрлеріне қатысты бағаланады. Балама құралдар портфелінің көлемі Қордың активтерін балама құралдар портфеліне ауыстыру кезінде жинақ портфелінің активтері көлемінің 10 (он) пайызынан аспайды. Ашық инвестициялық әріптестік портфелін толықтырудың жиынтық көлемі 1 (бір) миллиард АҚШ долларынан аспайды. Балама құралдар портфеліндегі шетелдік цифрлық активтер портфелінің нарықтық құны балама құралдар портфелінің 30 (отыз) пайызынан аспайды.
Тармақ 56-5
56-5. Балама құралдар портфелінің активтері мынадай балама құралдарға:
Тармақша 1
1) жеке капиталға;
Тармақша 2
2) хедж-қорларға;
Тармақша 3
3) жылжымайтын мүлікке;
Тармақша 4
4) инфрақұрылымға;
Тармақша 5
5) жеке борышқа инвестицияланады.
Тармақ 56-6
56-6. Балама құралдар портфелінің активтерін «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының және олармен жасалатын мәмілелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 353 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының және олармен жасалатын мәмілелердің тізбесінде көзделген өзге қаржы құралдарына инвестициялауға рұқсат етіледі.
Тармақ 56-7
56-7. Бірлескен инвестицияларды, қорлардың қорларына (fund of funds) инвестицияларды және қорларға тікелей инвестициялау жолымен жүзеге асыру үшін арнайы мақсаттағы компаниялардың (special purpose vehicle) акцияларын және (немесе) үлестерін сатып алу арқылы инвестициялауға рұқсат етіледі.
Тарау 5-1. 5-параграф. Алтын портфелінің өлшемдері
5-параграф. Алтын портфелінің өлшемдері
Тармақ 56-8
56-8. Алтын портфелі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығында (филиалында) (бұдан әрі - Орталық) сақталатын құйма түріндегі ішкі алтыннан;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ашылған метал шоттарға орналастырылған құйма түріндегі сыртқы алтыннан тұрады.
Тармақ 56-9
56-9. Валютадағы активтерді сақтау және халықаралық қаржы нарықтарындағы тартымдылығын ықтимал төмендеуден қорғау алтындағы активтерді басқару мақсаты болып табылады. Үстеме кірістілік алу алтындағы активтерді басқарудың мақсаты болып табылмайды.
Тармақ 56-10
56-10. Алтын портфелінің көлемі Қордың активтерін алтын портфеліне аудару сәтінде жинақ портфелі активтері көлемінің 5 (бес) пайызынан аспайды.
Тармақ 56-11
56-11. Активтермен қамтамасыз етілмеген алтындағы депозиттің (салымның) ең көп мерзімі 1 (бір) жылдан аспайды. Активтермен қамтамасыз етілген алтындағы депозиттің (салымның) ең көп мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Қамтамасыз ету ретінде осы Қағидаларда инвестициялау үшін рұқсат етілген, ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі АА-(Standard&Poor's)/Aa3(Moody's) және одан жоғары болатын мемлекеттік бағалы қағаздар болады.
Тармақ 56-12
56-12. Алтынды Орталықтағы шоттарға есептей отырып оны ішкі нарықта сатып алған кезде бұл алтын Қордың ішкі алтын позицияларына жатады, ал оны Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ашылған шоттарға есептеген кезде Қордың сыртқы алтынының позицияларында есепке алынады.
Тармақ 56-13
56-13. Сыртқы алтынның көлемінен 25 (жиырма бес) пайызға дейін AAA(Standard&Poor's) немесе Ааа (Moody's) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар және өтеу мерзімі 10 (он) жылдан аспайтын алтынның бағасына байланысты бағалы қағаздарға инвестициялауға жол беріледі.
Тарау 6. 6-тарау. Сыртқы басқарушыларды таңдау кезіндегі шектеулер
6-тарау. Сыртқы басқарушыларды таңдау кезіндегі шектеулер
Тармақ 57
57. Ұлттық Қордың сыртқы басқарушыларын таңдау тәртібін Ұлттық Банктің Басқармасы айқындайды.
Тарау 7. 7-тарау. Кастодиандарды таңдау кезіндегі шектеулер
7-тарау. Кастодиандарды таңдау кезіндегі шектеулер
Тарау 8. 8-тарау. Құрылымдық өнімдерді пайдалану
8-тарау. Құрылымдық өнімдерді пайдалану
Тармақ 63
63. Құрылымдық өнімдерді тәуекелдерді хеджирлеу және кірістілікті ұлғайту үшін пайдаланады.
Тармақ 63-1
63-1. Сатып алуға эмитенттің А+ (Standard&Poor's)/А1 (Moody's) төмен емес рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары және тәуелсіз агенттіктер эмиссиялайтын құрылымдық өнімдер сатып алуға жол беріледі.
Тармақ 63-2
63-2. Ақша ағындары және (немесе) өтеудің негізгі сомасы валюталық, шикізат нарықтарына және (немесе) акциялар нарықтарына не кредиттік оқиғаларға байланысты құрылымдық өнімдерді сатып алуға жол берілмейді.
Тармақ 63-3
63-3. Егер құрылымдық өнім бойынша нарықтық қайта бағалау болса, құрылымдық өнімді сатып алуға жол беріледі.
Тармақ 64
64. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 65
65. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 66
66. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 67
67. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 68
68. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 69
69. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 223 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 70
70. Құрылымдық өнімдерге қолданылатын шектеулер MBS-қа және ABS-қа қолданылмайды.
Тарау 8-1. 8-1-тарау. Бағалы қағаздарды кепіл арқылы қарызға беру (securities lending)
8-1-тарау. Бағалы қағаздарды кепіл арқылы қарызға беру (securities lending)
Тармақ 70-1
70-1. Кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру операциялары (securities lending) кастодиан бағалы қағаздарды қарызға алушы ретінде әрекет ететін немесе кастодианмен бірге компаниялар тобына кіретін заңды тұлға қарызға алушы ретінде әрекет ететін кастодиандардың бағдарламаларына сәйкес кастодианның қарызға кепіл арқылы берілген бағалы қағаздардың құнын қайтару немесе өтеу талаптарында жүзеге асырылады.
Тармақ 70-2
70-2. Мәміле ашылған сәтте нарықтық құны кепіл арқылы қарызға берілетін (securities lending) бағалы қағаздың нарықтық құнының 102 (бір жүз екі) пайызынан кем болмайтын, ең аз кредиттік рейтингі A+ (Standard&Poor’s)/А1 (Moody’s) төмен емес немесе басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас кредиттік рейтингі бар бағалы қағаздар кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (securities lending) операциялары бойынша кепіл ретінде қабылданады. Кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (securities lending) операциялары бойынша кепіл ретінде жылжымайтын мүлік (MBS) және активтер кепілімен бағалы қағаздар (ABS), тұрақтандыру және жинақ портфельдерінің валюталарынан басқа валюталармен номинирленген бағалы қағаздар қабылданбайды. Тұрақтандыру және жинақ портфельдерінің валюталарындағы ақша қарыз алушының Ұлттық Банкке бағалы қағаздарды кепілге беруі үшін қажетті мерзімге кепіл ретінде қабылданады. Тұрақтандыру және жинақ портфельдерінің валюталарындағы ақша да қарыз алушы Ұлттық Банктің қарызға берген бағалы қағаздарды қайтару жөніндегі міндеттемелерін орындамаған жағдайда Ұлттық Банк алдындағы өз міндеттемелерін орындау үшін қарыз алушы Ұлттық Банкке балама бағалы қағаздарды бергенге дейінгі мерзімге не қарыз алушының Ұлттық Банк алдындағы өз міндеттемелерін тараптардың келісімі бойынша өзге тәсілмен орындағанға дейінгі мерзімге кепіл ретінде қабылданады. Балама бағалы қағаздар деп қарызға берілген бағалы қағаздар сол эмитентінің, сол шығарылымдағы және номиналдық құны (облигацияларға қатысты) немесе саны (акцияларға қатысты) сондай бағалы қағаздары түсініледі.
Тармақ 70-3
70-3. Кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (securities lending) бойынша операциялар күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімге жасалады.
Тармақ 70-4
70-4. Кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (securities lending) Ұлттық Банктің меншікті басқаруындағы активтерге, сондай-ақ сыртқы басқаруға берілген активтерге де қатысты рұқсат етіледі.
Тарау 9. 9-тарау. Есептілік
9-тарау. Есептілік
Тармақ 71
71. Ұлттық Банк тоқсан сайын және жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ұлттық Банктің Басқармасы бекіткен Қорды сенімгерлік басқару нәтижелері туралы есепті ұсынады.
Тарау 10. 10-тарау. Кредиттік тәуекел лимиттері
10-тарау. Кредиттік тәуекел лимиттері
Тармақ 72
Тармақ 72-1
72-1. Контрәріптестермен операциялар контрәріптестердің кредитке қабілеттілігін ескере отырып, кредиттік лимиттері шеңберінде жүргізіледі.
Тармақ 73
73. Бағалы қағаздардың ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі осы Қағидаларда белгіленген деңгейден төмен түсірілген жағдайда, рейтинг төмендетілген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде осы позициялар мен мәмілелерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру бойынша шаралар қабылданады.
Тармақ 74
74. Ең төменгі кредиттік рейтингі ВВВ- төмен емес деңгейге (Standard&Poor's)/Ваа3 (Moody's) немесе басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің ұқсас кредиттік рейтингіне сәйкес келетін контрәріптестер сыртқы басқаруға берілген активтермен операцияларды жүзеге асырады.
Басқа 1. Кредиттік рейтингтер
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қо­ры­ның ин­ве­сти­ци­я­лық опе­ра­ци­я­ла­рын жү­зе­ге асы­ру ере­же­сіне 1-қо­сым­ша Кредиттік рейтингтер Standard & Poor’s Moody’s Ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тинг­тер ААА Ааа АА+ Аа1 АА Аа2 АА- Аа3 А+ А1 А А2 А- А3 BBB+ Baa1 BBB Baa2 Қы­сқа мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тинг­тер А-1+, А-1 Р-1 А-2 Р-2 A-3 Р-3
Басқа 2. Тұрақтандыру портфелінің секторлық бөлінуі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша Тұрақтандыру портфелінің секторлық бөлінуі Активтер түрі Нарықтық құны (туынды қаржы құралдары үшін олардың негізінде жатқан қаржы құралдарының нарықтық құны пайдаланылады) ең төменгі (пайызбен анықталады) ең жоғарғы (пайызбен анықталады) Р/с № 1 2 3 1 Ақша (ағымдағы шоттардағы қалдықтар; келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығы қорларына орналастырылған қаражат), эталондық портфелге кіретін елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары 50 100 2 Эталондық индекске кірмейтін елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары, агенттік борыштық міндеттемелер, Халықаралық есеп айырысу Банкін қоса алғанда халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері, эталондық портфельге кіретін елдердің муниципалдық борыштық міндеттемелері 0 50 3 Депозиттер (салымдар), оның ішінде репо операцияларынан депозиттерге (салымдарға) орналастырылған ақша 0 50 4 Туынды қаржы құралдары 0 20 5 Корпоративтік бағалы қағаздар, коммерциялық бағалы қағаздар, депозиттік сертификаттар 0 30
Басқа 2-1. Жинақ портфелі активтерінің нысаналы стратегиялық бөлінуі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына 2-1-қосымша Жинақ портфелі активтерінің нысаналы стратегиялық бөлінуі р/с № Порт­фель ата­уы Ба­ла­ма құ­рал­дар порт­фе­лін қа­лып­та­стыр­ған­ға дей­ін (пай­ы­з­бен) Ба­ла­ма құ­рал­дар порт­фе­лін қа­лып­та­стыр­ған­нан кей­ін (пай­ы­з­бен) 1 2 3 4 1 Об­ли­га­ци­я­лар: 65 50 1.1 да­мы­ған ел­дер­дің мем­ле­кет­тік об­ли­га­ци­я­ла­ры 34 19 1.2 да­му­шы ел­дер­дің мем­ле­кет­тік об­ли­га­ци­я­ла­ры 21 21 1.3 кор­по­ра­тив­тік об­ли­га­ци­я­лар 10 10 2 Ак­ци­я­лар 30 35-40 3 Ба­ла­ма құ­рал­дар 0 5-10 4 Ал­тын 5 5 Ескертпе: 4-бағанның 2 және 3-жолдары бойынша балама құралдар мен акциялардың бірлескен үлесі 45 (қырық бес) пайыздан аспаған жағдайда балама құралдар портфелін ауыстыру немесе толықтыру сәтінде балама құралдардың нақты қалыптасқан үлесі қолданылады.
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесіне 3-қосымша
Басқа 3-1. Өту жоспары
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына 3-1-қосымша Өту жоспары
Басқа 4
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымша Ак­тив­тер тү­рі На­рық­тық құ­ны (туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры үшін олар­дың негі­зін­де жа­тқан қар­жы құ­рал­да­ры­ның на­рық­тық құ­ны пай­да­ла­ны­ла­ды) ең тө­мен­гі (пай­ы­з­бен анық­та­ла­ды) ең жо­ғар­ғы (пай­ы­з­бен анық­та­ла­ды) Ақ­ша (ағым­да­ғы шот­тар­да­ғы қал­дық­тар; ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні қай­та­ру мүм­кін­ді­гі­мен ақ­ша на­ры­ғы­ның қор­ла­ры­на ор­на­ла­сты­ры­л­ған ақ­ша), эта­лон­дық порт­фель­ге кі­ре­тін ел­дер­дің мем­ле­кет­тік (тәу­ел­сіз) бо­ры­штық мін­дет­те­ме­ле­рі және агент­тік бо­ры­штық мін­дет­те­ме­ле­рі 60 100 Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры­ның бо­ры­штық мін­дет­те­ме­ле­рі 0 30 Эта­лон­дық порт­фель­ге кір­мей­тін ел­дер­дің мем­ле­кет­тік (тәу­ел­сіз) бо­ры­штық мін­дет­те­ме­ле­рі, агент­тік бо­ры­штық мін­дет­те­ме­ле­рі, эта­лон­дық порт­фель­ге кі­ре­тін ел­дер­дің му­ни­ци­пал­дық бо­ры­штық мін­дет­те­ме­ле­рі 0 40 Де­по­зит­тер (са­лым­дар), оның ішін­де ре­по опе­ра­ци­я­ла­ры­нан де­по­зит­тер­ге (са­лым­дар­ға) ор­на­ла­сты­ры­л­ған ақ­ша 0 30 Туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры (Tracking Error бой­ын­ша шек­теу ар­қы­лы рет­те­ле­ді) 0 50 Құ­ры­лым­дық өнім­дер (жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке ке­пі­л­ге са­лын­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды (MBS), ак­тив­тер­ге ке­пі­л­ге са­лын­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды (ABS) қо­с­па­ған­да) 0 30 Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке ке­пі­л­ге са­лын­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар (MBS) және ак­тив­тер­ге ке­пі­л­ге са­лын­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар (ABS) 0 30 Кор­по­ра­тив­тік және ком­мер­ци­я­лық ба­ға­лы қа­ға­з­дар, де­по­зит­тік сер­ти­фи­кат­тар 0 30
Басқа 5. Дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің жеке басқарушысының портфеліндегі корпоративтік бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг (Standard&Poor’s)/Moody’s) бойынша лимиттер
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына 5-қосымша Дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің жеке басқарушысының портфеліндегі корпоративтік бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг (Standard&Poor’s)/Moody’s) бойынша лимиттер Ак­тив­тер­дің түр­ле­рі На­рық­тық құ­ны Ең тө­мен­гі Ең жо­ға­ры BBB/Ва­а2-ден ба­стап  қо­са ал­ған­да ВВВ+Ва­а1 дей­ін (BBB/Ва­а2 ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі бар үлес 2%-дан ас­пай­ды) 0% 4% A-/А3 ба­стап қо­са ал­ған­да A/А2 дей­ін ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі бар 0% 8% А+/А1 ба­стап қо­са ал­ған­да AA-/Аа3 дей­ін ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі бар 0% 12%
Басқа 6
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына 6-қосымша Ак­тив­тер­дің тү­рі На­рық құ­ны (пай­ы­з­бен) ең тө­мен­гі ең жо­ға­ры BBB/Ва­а2 ба­стап ВВВ+/Ва­а1 дей­ін қо­са ал­ған­да ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі­мен (BBB/Ва­а2 ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі­мен үлес 3 (үш) пай­ы­здан ас­пай­ды) 0 6 A-/А3 ба­стап A/А2 дей­ін қо­са ал­ған­да ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі­мен 0 9 А+/А1 ба­стап AA-/Аа3 дей­ін қо­са ал­ған­да ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі­мен 0 18
Басқа 6-1. Жеке басқарушының дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің секторлық бөлінуі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына 6-1-қосымша Жеке басқарушының дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің секторлық бөлінуі № р/с № Ак­тив­тер­дің түр­ле­рі На­рық­тық құ­ны (туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры үшін олар­дың негі­зін­де жа­тқан қар­жы құ­рал­да­ры­ның на­рық­тық құ­ны пай­да­ла­ны­ла­ды) ең тө­мен­гі (пай­ы­з­бен) ең жо­ға­ры (пай­ы­з­бен) 1 2 3 4 1 Ақ­ша (ағым­да­ғы шот­тар­да қал­ған ва­лю­та, ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні қай­та­ру мүм­кін­ді­гі­мен ақ­ша на­ры­ғы­ның қор­ла­ры­на ор­на­ла­сты­ры­л­ған қар­жы ак­тив­те­рі), ел­дер­дің мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры және эта­лон­дық порт­фель­ге кі­ре­тін кор­по­ра­тив­тік ба­ға­лы қа­ға­з­дар 70 100 2 Эта­лон­дық порт­фель­ге кір­мей­тін ел­дер­дің мем­ле­кет­тік бо­ры­штық мін­дет­те­ме­ле­рі және кор­по­ра­тив­тік ба­ға­лы қа­ға­з­дар, эта­лон­дық ин­дек­с­ке кі­ре­тін ел­дер­дің агент­тік бо­ры­штық мін­дет­те­ме­ле­рі, ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры­ның бо­ры­штық мін­дет­те­ме­ле­рі 0 30 3 Де­по­зит­тер (са­лым­дар) 0 20 4 Туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры (Tracking Error бой­ын­ша шек­те­умен рет­те­ле­ді) 0 50 5 Ком­мер­ци­я­лық ба­ға­лы қа­ға­з­дар 0 20
Басқа 6-2
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына 6-2-қосымша Ак­тив­тер­дің түр­ле­рі На­рық­тық құ­ны (туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры үшін олар­дың негі­зін­де жа­тқан қар­жы құ­рал­да­ры­ның на­рық­тық құ­ны пай­да­ла­ны­ла­ды) ең тө­мен­гі (пай­ы­з­бен) ең жо­ға­ры (пай­ы­з­бен) Ақ­ша (ағым­да­ғы шот­тар­да қал­ған ва­лю­та, ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні қай­та­ру мүм­кін­ді­гі­мен ақ­ша на­ры­ғы­ның қор­ла­ры­на ор­на­ла­сты­ры­л­ған қар­жы ак­тив­те­рі) 0 15 Эта­лон­дық порт­фель­ге кі­ре­тін кор­по­ра­тив­тік ба­ға­лы қа­ға­з­дар 70 100 Эта­лон­дық порт­фель­ге кір­мей­тін кор­по­ра­тив­тік ба­ға­лы қа­ға­з­дар 0 15 Эта­лон­дық порт­фель­ге кі­ре­тін ел­дер­дің мем­ле­кет­тік бо­ры­штық мін­дет­те­ме­ле­рі, эта­лон­дық порт­фель­ге кі­ре­тін ел­дер­дің агент­тік бо­ры­штық мін­дет­те­ме­лер, ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры­ның бо­ры­штық мін­дет­те­ме­ле­рі 0 15 Де­по­зит­тер (са­лым­дар) 0 15 Туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры (Tracking Error бой­ын­ша шек­те­умен рет­те­ле­ді) 0 50
Басқа 7
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қо­ры­ның ин­ве­сти­ци­я­лық опе­ра­ци­я­ла­рын жү­зе­ге асы­ру ере­же­сіне 7-қо­сым­ша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін валюталар кластары және түрлері бойынша бөлу
Басқа 8. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры портфелінің құрамы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қо­ры­ның ин­ве­сти­ци­я­лық опе­ра­ци­я­ла­рын жү­зе­ге асы­ру ере­же­сіне 8-қо­сым­ша Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры портфелінің құрамы
Басқа 9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қо­ры­ның ин­ве­сти­ци­я­лық опе­ра­ци­я­ла­рын жү­зе­ге асы­ру ере­же­сіне 9-қо­сым­ша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының портфелін басқару нәтижелерін талдау
Басқа 10. Жаһандық балама құралдар портфелінің активтер сыныптары бойынша секторлық бөлінуі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына 10-қосымша Жаһандық балама құралдар портфелінің активтер сыныптары бойынша секторлық бөлінуі Р/с № Ак­тив­тер сы­ны­бы Жа­һандық ба­ла­ма құ­рал­дар порт­фе­лін ба­стап­қы то­лық­ты­ру­дан кей­ін 5 жыл ке­зе­ңін­де­гі на­рық­тық құ­ны (пай­ы­з­бен) Жа­һандық ба­ла­ма құ­рал­дар порт­фе­лін ба­стап­қы тол­тыр­ған­нан кей­ін 5 жыл өт­кен соң на­рық­тық құ­ны (пай­ы­з­бен) ең тө­мен­гі ең жо­ға­ры ең тө­мен­гі ең жо­ға­ры 1 Же­ке ка­пи­тал 0 65 0 70 2 Хедж-қор­лар 0 30 0 30 3 Жы­л­жы­май­тын мү­лік 0 40 0 40 4 Ин­фра­құ­ры­лым 0 30 0 30 5 Же­ке бо­рыш 0 15 0 15 6 Об­ли­га­ци­я­лар 0 20 0 15 7 Ак­ци­я­лар 0 30 0 15 Ескертпе: 6 және 7-жолдар бойынша облигациялар мен акциялардың жиынтық көлемі жаһандық балама құралдар портфелін бастапқы толықтырғаннан кейін 5 (бес) жылдан аспайтын жаһандық балама құралдар портфелін қалыптастыру кезеңінде 40 (қырық) пайыздан аспайды. Жаһандық балама құралдар портфелін қалыптастыру кезеңі өткеннен кейін облигациялар мен акциялардың жиынтық көлемі 15 (он бес) пайыздан аспайды.
Басқа 11. Жаһандық балама құралдар портфелі үшін транзиттік кезеңге арналған портфель референсінің параметрлері
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына 11-қосымша Жаһандық балама құралдар портфелі үшін транзиттік кезеңге арналған портфель референсінің параметрлері Р/с № Ке­зең Порт­фель ре­фе­рен­сі­нің па­ра­метр­ле­рі 1 Тран­зит­тік ке­зең­нің бі­рін­ші жы­лы Порт­фель ре­фе­рен­сі АҚШ дол­ла­ры­мен өл­ше­не­тін 35 (отыз бес) пай­ыз MSCI АCWI IMI Net Total Return USD Index ин­дек­сі­нен және 65 (ал­пыс бес) пай­ыз Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD ин­дек­сі­нен тұ­ра­ды. 2 Тран­зит­тік ке­зең­нің екін­ші жы­лы Порт­фель ре­фе­рен­сі АҚШ дол­ла­ры­мен өл­ше­не­тін 50 (елу) пай­ыз MSCI АCWI IMI Net Total Return USD Index ин­дек­сі­нен және 50 (елу) пай­ыз Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD ин­дек­сі­нен тұ­ра­ды. 3 Тран­зит­тік ке­зең­нің үшін­ші жы­лы Порт­фель ре­фе­рен­сі АҚШ дол­ла­ры­мен өл­ше­не­тін 65 (ал­пыс бес) пай­ыз MSCI АCWI IMI Net Total Return USD Index ин­дек­сі­нен және 35 (отыз бес) пай­ыз Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD ин­дек­сі­нен тұ­ра­ды.
Басқа 11. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның 2006 жы­л­ғы 25 шіл­де­де­гі N 65 қа­улы­сы­на қо­сым­ша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1568 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2001 жылғы 2-15 шілдеде жарияланған).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1568 нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2002 жылғы 24 қазандағы N 426 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2048 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2004 жылғы 19 шілде - 15 тамызда жарияланған).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1568 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 322 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2518 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2003 жылғы 6-19 желтоқсанда жарияланған).
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 167 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4032 тіркелген).