О мерах по локализации и ликвидации последствий чрезвычайной ситуации Күшін жойған
Басқа 0
Төтенше жагдай зардаптарын
шектеу және жою шаралары туралы
2005 жылдың мамырынан «Горсвет» ЖШС өз электр тораптарын ұстауын тоқтатты және оларға қызмет көрсететін жұмысшы персоналының жұмыстан шығаруын жүргізді.
Нәтижесінде «Горсвет» ЖШС-нің электр тораптарында апаттық жағдайлар болған кезде 6 және 7 үй басқармалары, аудан және Айдарханова көшесі тұрғындары (реті он мың халық адамы) электр энергиясыз қалады, бұл халықтың тыныс-тіршілігін бұзуға әкеп соқтырады.
«Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабына сәйкес халықтың тыныс-тіршілік жағдайының бұзылуы төтенше жағдайларға жатады.
«Горсвет» ЖШС-нің электр тораптарында апаттық жағдайлар жиі болып тұрады, эрқайсысының жойылуы төтенше жағдай тәртібінде жүзеге асырылады, оларға сай әкімдік қаулылары қабылданып, апаттардың жойылуына бюджеттен қаражаттар бөлінеді.
2005 жылы қабылданған 19 (он тоғыз) қаулының негізінде орындалған жұмыстар үшін 170 000 (жүз жетпіс мың) теңге төленді, 2006 жылы 9 (тоғыз) қаулы қабылданып, 368 554 (үш жүз алпыс сегіз бес жүз елу төрт) теңге төленді.
Шығыс Қазақстан облыс экімінің міндеттерін атқарушы Баяндаров Мағзам Тоғжанович 2006 жылдың 28 шілдесінде жүргізген мәжіліс хаттамассын орындау мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 253 бабына, «Табиғи жэне техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 05 шілдедегі № 19 Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабына сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Төтенше жағдай зардаптарын шектеу жэне жою шаралары қолданылсын:
Тармақша 1
1) «Горсвет» ЖШС-нің 6 және 7 үй басқармалары, 1-аудан және Айдарханова көшесіндегі электр тораптарының мүлік кешені иеліктен алу
ретінде ( ҚР АҚ.253 бабы) қоғам мүдцесінде иесіне тендік құнын төлеумен алынсын.
Тармақ 2
2. «Горсвет» ЖШС-нің мүлік құны төлемін жүргізу үшін Шығыс Қазақстан облыс әкімінің алдында ақшалы қаражат бөлу жөнінде қолдаухат берілсін.
Тармақ 3
3. Риддер қаласының «Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы,
автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Сорокина Н. В.) қабылдау-өткізу актісімен мүлікті қабыл алсын .
Тармақ 4
4. Риддер қаласының «Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы,
автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Сорокина Н. В.) «Горсвет» ЖШС-нің электр тораптарын мамандандырылған ұйымға тапсыру кезеңіне дейін техникалық қызмет көрсетілуіне төленетін ақы жөнінде «ВК РЭК» АҚ-мен келісім-шарт міндеттемелерін анықтасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Риддер қаласының әкімі В.И. Агафоновқа жүктелсін .