О некоторых вопросах создания специализированного отдела в Налоговом комитете Министерства финансов Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiнде мамандандырылған бөлiм құрудың кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1127 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 42, 536-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң құрылымында:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Мамандандырылған бөлiм";
Тармақша 2
2) күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен
Тармақша 3
3) "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысында :
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
II "Шығындар" бөлiмiнде:
01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында:
02 "Қаржылық қызмет" iшкi функциясында:
217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
001 "Мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуын және оның атқарылуын
бақылауды қамтамасыз ету" бағдарламасында:
001 "Орталық органның аппараты" кiшi бағдарламасындағы "2319728" деген сандар "2334641" деген сандармен ауыстырылсын;
002 "Аумақтық органдардың аппараттары" кiшi бағдарламасындағы "17854955" деген сандар "17840042" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнің
міндетін атқарушы