О внесении изменений в административно-территориальное устройство Аягозского и Катон-Карагайского районов Восточно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Аякөз және Катон-Қарағай аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгертулер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40 бабына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы жөнiндегi" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШIМ қабылдады:
Облыс Әкiмiнiң 1999 жылдың 3 ақпанындағы "Аякөз, Катон-Қарағай аудандарының елдi мекендерi мен ауылдық округтерiнiң атын өзгерту туралы" № 643 шешiмi бекiтiлсiн (бөлек ұсынылып отыр).
Басқа 1. Аягөз, Катонқарағай аудандарының елдi мекендерi мен ауылдық округтерiнiң атын өзгерту туралы
Аягөз, Катонқарағай аудандарының елдi мекендерi мен ауылдық округтерiнiң атын өзгерту туралы
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы" жөнiндегi заңы және аудан әкiмдерiнiң ұсыныс-сұранысы бойынша:
Тармақ 1
1. Аягөз ауданындағы Үшарал ауылдық округы Тарбағатай ауылдық округы деп аталсын.
Тармақ 2
2. Катонқарағай ауданындағы Парамоновка ауылы Кұндызды ауылы деп аталсын.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облыстық Маслихатынан осы шешiмнiң бекiтiлуi сұралсын.
( Маман А.Ислямова )