Об установлении карантинного режима в местах произрастания дикорастущих, наркотикосодержащих растений на территории области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс аумағында құрамында есірткі бар жабайы өсімдіктер өсетін жерлерге карантин тәртібін орнату туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.09.2004 № 9-95 шешімімен. Облыс әкімінің 1996 жылы реформаны тереңдету жөніндегі іс=қимыл жоспарының құқық тәртібін нығайту бөлігін атқаруда жане облыс аумағында есірткі шикізатын жасырын жинауды, дайындауды, тасымалдауды болдырмау мақсатында, облыс әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жабайы қарақурай өсетін Іле ауданының "Шошқалы сай" және Жаманкөл сайлары, Кеген ауданының Жалаңаш және Алғабас поселкелерінің тау массивтері, сондай=ақ қырық буынды эфедра бітік өсетін жерлер шегінде карантин тәртібі орнатылсын.
Тармақ 2
2. Аудандардың және Қапшағай қаласының әкімдері, меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субьектілердің басшылары құқық қорғау органдарына құрамында есірткісі бар өсімдіктерді жоюға жәрдемдессін.
Тармақ 3
3. Облыстық ішкі істер басқармасына /К.Н.Серікбаев/, облыс бойынша мемлекеттік тергеу комитетіне /Б.Ғ.Ысқақов/ және олардың жергілікті бөлімшелеріне есірткі бизнесіне, есірткі шикізатын жасырын жинауға, дайындауға және тасымалдауға Қарсы күреске бағытталған алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізіп отыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Аудандардың және Қапшағай қаласының әкімдері нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі алдын алу шараларын жүргізгенде құқық қорғау органдарын жанар=жағар май материалдарымен және автомобиль көлігімен қамтамасыз етуге пәрменді көмек көрсетсін.