Об утверждении Правил содержания кошек и собак в городе Степногорске Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Степногорск қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 8) тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 1) тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабы 2 тармағына және Степногорск қаласы әкімінің 2006 жылғы 26 маусымдағы № 03-20ш/1399 хатына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген «Степногорск қаласында иттер мен мысықтарды ұстау ережесі» (бұдан әрі-Ереже) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімді іске асыру барысын бақылау қалалық мәслихаттың сауда, тұрғын үй-коммуналдық қатынастар және кұқық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Бұл шешім Степногорск қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.және бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Степногорск қалалық мәслихатының 2006 жылғы 11 тамыздағы № ЗС-31/7 «Степногорск қаласында иттер мен мысықтарды ұстау ережесін бекіту туралы» шешімімен бекітілген Степногорск қаласында иттер мен мысықтарды ұстау ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Кіріспе бөлім
1. Кіріспе бөлім
Тармақ 1
1. Бұл міндетті ереже «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, «Ветеринария туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Егер осы ережеде көрініс тапқан мемлекеттің жоғарғы заң шығарушы органдарының жекелеген заң нормаларын өзгертуге және алып тастауға бағытталған актілері шығарылған жағдайда, осы ереже Степногорск қалалық өкілетті органның автоматты түрде өзгертуіне немесе алып тастауына жатады.
Тарау 2. 2. Негізгі ереже
2. Негізгі ереже
Тармақ 3
3. Бұл ереже ведомостволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан кәсіпорын, мекеме және ұйымдарды қоса алғанда қаланың барлық елдімекендеріндегі үй хайуанаттарының иелеріне таралады.
Тармақ 4
4. Тұрғын үйлерде соның ішінде туыстық байланысы жоқ екі немесе одан да көп жанұялар тұратын пәтерлерде үй хайуанаттарын ұстау тұрғындардың келісімімен және көршілерінің медициналық қарсы көрсеткіштері болмаған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Тармақ 5
5. Хайуанаттарды ұстаудың міндетті шарты санитарлық-тазалық, ветеринарлық-санитарлық ережелерді және жатақханалардың нормаларын сақтау болып табылады.
Тармақ 6
6. Тұрғын үйлердегі қоғамдық пайдаланымдағы орындарда: басқыш шарбағында, шатырларда, төлелерде, дәліздерде, ас үйлерде, балкондарда, лоджияларда үй хайуанаттарын ұстауға рұқсат етілмейді.
Тармақ 7
7. Азаматтарға сонымен қатар кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге тиесілі иттер тұқымына қарамастан 3 айлық жасынан бастап қалалық ветеринарлық станцияда тіркелуге, жыл сайын қайта тіркеуден өтуге жатады, құтыруға және басқа да ауруларға қарсы вакцинациядан өтуге тиіс. Жаңадан сатып алынған хайуанаттар екі апта мерзімінде қалалық ветеринарлық станцияға тіркелуге және тіркеу куәлігін алуға тиіс.
Тармақ 8
8. Иттер елді мекеннен тыс жерлерге сатылған жағдайда құтыруға және басқа да ауруларға қарсы вакцинация жүргізілген мерзімі туралы белгісі бар ветеринарлық куәлік рәсімделеді.
Тармақ 9
9. Жолаушылардың алаңдаушылығынан басқа шарттарды орындаған жағдайда жер көлігінің барлық түрлерінде хайуанаттарды алып жүруге рұқсат етіледі. Иттер қысқа баулы және тұмылдырық кигізілген болуы керек.
Тармақ 10
10. Хайуанаттар иелеріне итпен немесе мысықпен қонақ үйлерге орналасуға санитарлық-тазалық ережелерін сақтаған жағдайда және қонақ үй әкімшісінің келісімімен рұқсат етіледі.
Тармақ 11
11. Тыйым салу туралы жазуы болмаған жағдайда ит иесі қысқа баулы тұмылдырықты итпен мекемелерге, поштаға, азық-түліктен басқа заттар дүкеніне кіруге тыйым салынбайды.
Тармақ 12
12. Иттер мен мысықтарды терісі және етін пайдалану үшін өсіруге тыйым салынады.
Тармақ 13
13. Иттер мен мысықтар адамды немесе хайуанаттарды қауып алған жағдайда иесі ең жақын ветеринарлық станцияға хабарлауға және қарау үшін сонда жеткізуге (мемлекеттік ветеирнарлық дәрігер болмаған жағдайда, тексеруді жеке меншік ветеринарлық дәрігер жүргізеді) міндетті.
Тарау 3. 3. Хайуанаттар иелерінің міндеттері
3. Хайуанаттар иелерінің міндеттері
Тармақ 14
14. Хайуанат иесі оның биологиялық ерекшелігіне сай ұстауға міндетті, оларға адамгершілікпен қарауға тиіс, қараусыз, тамақсыз, сусыз қалдырмауға, ұрмауға және ауырып қалған жағдайда уақытында ветеринарлық станцияға апаруға міндетті.
Тармақ 15
15. Хайуанаттар иелері үйлердің және оның төңірегіндегі аумақтың санитарлық жағдайын сақтауға міндетті. Хайуанаттардың подьездерді, басқыш алаңдарын, сонымен қатар балалар алаңдарын, жолдарды, жаяу жүргіншілер жолын ластауына жол берілмейді. Егер иттер осы орындарға нәжіс тастаған болса, иесі оны тазалауға міндетті.
Тармақ 16
16. Иттер мен мысықтардың иелері ветеринарлық мекеменің талап ету бойынша оларды қаратуға, диагностикалық зерттеуге, сауықтыру-алдын алу егулеріне апаруға міндетті.
Тармақ 17
17. Ит иелері тұрғын жайларда тыныштықты қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 18
18. Ит иелері мас күйінде немесе 14 жасқа дейінгі балалардың қоғамдық орындарда және көліктерде итпен қыдыруына, осы орындарға келуіне тыйым салынады.
Тармақ 19
19. Иттерді, мысықтарды азық-түлік дүкендері, сауда залдары, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының ғимараттарында ұстауға және осында әкелуге қатан тыйым салынады.
Тармақ 20
20. Иттерді серуенге шығарғанда иесінің мекен-жайы, телефоны, иттің аты жазылған жетоны бар қарғыбауға бекітілген бауы болуы шарт. Ірі және бойцовый тұқымдас иттерге тұмылдырық кигізілуі шарт.
Тармақ 21
21. Жер телімімен жеке меншік үйлері бар ит иелері үй аумағы жақсы қоршалған жағдайда ғана иттерді бос күйінде ұстауы мүмкін немесе арқандап ұстайды. Жер теліміне кіретін есікте ит бар екендігі туралы ескертпе жазу ілінеді.
Тармақ 22
22. Иттерді жаңадан сатып алғандығы, олардың жоғалғандығы немесе өлгендігі туралы ит иесі мекен-жайы бойынша тұрғын үй-пайдалану ұйымдарына, ветеринарлық мекемелеріне хабарлайды.
Тармақ 23
23. Хайуанаттар өліп қалған жағдайда оның өлігі ветеринарлық мекемеге тапсырылады. Өлген хайуанаттардың өлігін тастауға тыйым салынады.
Тарау 4. 4. Хайуанаттар иелерінің құқықтары
4. Хайуанаттар иелерінің құқықтары
Тармақ 24
24. Кез-келген хайуанат оның иесінің жеке меншігі болып табылады және барлық жеке меншік сияқты Қазақстан Республикасының Конституциясының 6 бабына сәйкес қорғалады.
Тармақ 25
25. Хайуанаттар оның иесінен соттың шешімімен алынуы мүмкін.
Тармақ 26
26. Ит иесі өзінің итін белгілі мерзімге дүкеннің немесе басқа да мекеменің алдына қысқа баумен байлап қалдыруға (ірі иттер тұмылдырықпен) құқығы бар.
Тарау 5. 5. Хайуанаттар иелерінің жауапкершілігі
5. Хайуанаттар иелерінің жауапкершілігі
Тармақ 27
27. Иттер мен мысықтардың иелері осы ережені сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 28
28. Иттер мен мысықтардың азаматтардың денсаулығына зақым немесе мүлікке зиян келтірсе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес орнын толтыруға жатады.
Тармақ 29
29. Хайуанаттардың өліміне немесе мертігуіне әкелетін қатал қарым-қатынас, сонымен қатар иттер арқылы хайуанаттарды азаптаған жағдайда заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 30
30. Аталмыш Ережені бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес әкімшілік жаза қарастырылған.