Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов в период проведения выборов Қолданыста
Басқа 0
Сайлау өткізу кезінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдары ілінетін орындарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 27 бап 2 тармағына және 28 бап 6 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 6 маусымдағы «Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары, әкімдерінің сайлауын откізу туралы» № 130 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары, әкімдерінің сайлауын откізу туралы Ережесі негізінде, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының және Мәжілісінің, мәслихаттың депутаттығына, қала әкіміне кандидаттардың (бүдан әрі-«кандидаттардың») үгіттік баспа материалдары ілінетін орындардың тізбесі белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Екібастүз қаласы әкімдігінің түрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар колігі және автомобиль жолдары болімі» мемлекеттік мекемесі (В.В.Воронков) кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталу сәтіне, кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін стендттерді, тақталарды және түғырлықтарды қүрылыс нормаларына және қағидаларына сай келтірсін.
Тармақ 3
3. Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын:
коммуналдық меншік объектілерінің ғимараттарына;
коммуналдық меншікке жататын аялдама павильондарына;
мемлекеттік қатысу үлесі бар акционерлік қоғамдардың
иелігіндегі объектілер мен мүлкіне ілуге тыйым салынсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енеді.
5. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 19 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың үгіттік баспа материалдары ілінетін орындарды белгілеу туралы» № 649/10 қаулысының күші жойылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.М. Көшімбаевқа жүктелсін.
Келісілді:
Екібастүз қалалық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
Б. Амантаев