Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на зараженные площади Городецкого, Ступинского и Юбилейного сельских округов района Шал акына Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шал ақын ауданының Городецк, Ступин және Юбилейный селолық округтерінің зақымдаған алқаптарына карантиндік тәртіп енгізіп карантиндік аумақ орнату туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардан № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпаннан «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 14 бабының 1 тармақсының 2 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Шал ақын аудан аумақтық басқармасының 2006 жылғы 29 мамырдағы № 02/1275 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Зақымдаған алқаптарына карантиндік тәртіп енгізіп, карантиндік аймақ аумақтарында оңашалау тәртібі арқылы оңашалау аумағы бекітілсін: Городецк селолық округі аумағындағы «Асылхан Агро» жауапкершілігі шектелген серіктестігінің № 49 танап, жалпы алаңы 0,5 га; Ступин селолық округі аумағындағы «Салтаев» шаруа қожалығының № 2 танап, жалпы алаңы 0,3 га; Юбилейное селолық округі аумағындағы «Асылхан Агро» жауапкершілігі шектелген серіктестігінің № 16 танап, жалпы алаңы 2,7 га.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігінің Шал ақын ауданының аумақтық басқармасы (Самат Қойшыбайұлы Ғабдулин) карантиндік талаптардың қатал сақталуын бақылауды күшейтсін, карантиндік нысандар ошақтарын жою және алшақтау бойынша шаралар қолдансын, олардың әрі қарай таралуы жіберілмесін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Хамит Әбілқасымұлы Наймановка жуктелсін. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі Шал ақын ауданының аумақтық басқармасы бастығы С.Қ.Ғабдуллин 2006 жылы 1 тамыз