Об утверждении размеров стоимости разовых талонов для физических лиц, деятельность которых носит эпизодический характер Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін біржолғы талон құны мөлшерлерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 373 бабына сәйкес Зеренді аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін біржолгы талон құны мөлшерлері қосымшаға сай бекітілсін (қоса беріледі).
Тармақ 2
2. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2001 жылғы 28 желтоқсанда 890 нөмірімен тіркелген Зеренді аудандык Мәслихатының 2001 жылғы 26 желтоқсандағы № 14- 109 «Кәсіпкерлік қызметінің жеке түрлеріне бір рет пайдаланылатын талондармен белгіленген сомалық салық түрлерінің ставкаларының мөлшерінің құндарын бекіту туралы» шешімі және оған өзгертулер енгізген 2002 жылғы 27 қарашадағы № 20-153 (Ақмола облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 6 желтоқсанда 1429 нөмірімен тіркелген), 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 4-19 (Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 9 ақпан 2275 нөмірімен тіркелген), 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 8-52 (Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 20 мамырда 2535 нөмірімен тіркелген), 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 29-168 (Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2006 жылғы 9 қаңтарда 1-14-32 нөмірімен тіркелген) шешімдер күшін жойған деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Зеренді аудандық Мәслихатының бюджет, қаражат, әлеуметтік және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбе күні аяқталысымен күшіне және қолданысқа енеді.
Басқа 5. Ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін біржолғы талон құны мөлшерлері
Қосымша «БЕКІТІЛДІ» Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 8 тамыздағы № 36-221 шешімімен Ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін біржолғы талон құны мөлшерлері № өткізу қызметінің түрі бойынша тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің атауы Теңгемен алғанда бір күнге біржолғы талон құны Қызметті стационарлық жайларда жүзеге асыратындардан басқа өткізулер 1 Газеттер мен журналдар 30 2 Тұқым, сонымен қатар өсіру материалдары (көшеттер, өскіндер) 30 3 Бақша дәнді-дақылдары 30 4 Саяжайлар мен үй жанындағы учаскелерде өсірілген тірі гүлдер 30 5 Қосалқы ауыл шаруашылығы, бақ, огород шаруашылығы және саяжай учаскелері өнімдері 50 6 Жануарлар мен құстар азығы 100 7 Веноктар, сыпырғыштар, орман жидектері, бал, саңырауқұлақтар және балықтар 30 Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін әкелу 8 Жақын шетелден 1400 9 Алыс шетелден 8000 10 Жеке трактор иелерінің жер учаскелерін өңдеу жөніндегі қызметтері 150 Жеке жеңіл және жүк автомобильдері иелерінің тасымалдау жөніндегі қызметі (лицензияланған тасымалдарды қоспағанда) 11 Жолаушылар 70 12 Жүктер 1500 Үй жануарларын және құстарды бағу 13 Жылқы бағу 50 14 Аудан орталығында құстарды, ірі қара малдарды, және ұсақ мүйізді малдарды бағу 40 15 Қалған елді мекендерде құстарды, ірі қара малдарды, және ұсақ мүйізді малдарды бағу 20