Об организации медицинской помощи допризывникам района Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауданның әскер жасына дейінгілерге медициналық көмекті ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Әскерге міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 15 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылдың 05 қыркүйегінен 28 қыркүйегін қоса алғанда ауданның әскер жасына дейінгілерге, қосымшаға сәйкес, медициналық көмекті өткізу ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Кенттер мен селолық округтердің әкімдері селолық емханалардың бас дәрігерлеріне әскер жасына дейінгілердің тізімдерін жасауға көмек көрсетсін және оларды 2006 жылдың 01 қыркүйегіне дейін «Аудандық медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі «АМБ» КМҚК) тапсырсын.
Тармақ 3
3. «АМБ» КМҚК директоры Қанат Ерекеұлы Сәдуақасовқа (келісіи бойынша) ауданның әскер жасына дейінгілерге медициналық көмекті өткізу үшін дәрігерлерді бөлу, анықталған аурулар әскер жасына дейінгілерді «Д» есепке алу және қажетті емдеуді жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Кенттер мен селолық округтердің әкімдері, ауданның мектеп директорлары медициналық көмекті өткізу үшін әскер жасына дейінгілердің келуін қамтаиасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Дулат Шайкенұлы Жекбаевқа жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ «Аудандық медицина бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры Қ.Е.Сәдуақасов 2006 жыл «16» тамыз
Басқа 6. Ауданның әскер жасына дейінгілерге медициналық көмекті өкізудің кестесі
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 24/04 қаулысына қосымша Ауданның әскер жасына дейінгілерге медициналық көмекті өкізудің кестесі № Атауы Өткізу күні 1. Осакаровка кенті 2006 жылдың 28 қыркүйегі 2. № 1 орта мектебі 2006 жылдың 05 қыркүйегі-2006 жылдың 06 қыркүйегі 3. № 9 гимназиясы 2006 жылдың 07 қыркүйегі-2006 жылдың 08 қыркүйегі 4. № 12 орта мектебі 2006 жылдың 11 қыркүйегі-2006 жылдың 12 қыркүйегі 5. Батпақ селосы 2006 жылдың 13 қыркүйегі 6. Есіл селосы 2006 жылдың 14 қыркүйегі 7. Озёрное селосы 2006 жылдың 14 қыркүйегі 8. Николаевка селосы 2006 жылдың 15 қыркүйегі 9. Сұңқар селосы 2006 жылдың 18 қыркүйегі 10. Пионерское селосы 2006 жылдың 19 қыркүйегі 11. Садовое селосы 2006 жылдың 20 қыркүйегі 12. Чапаев селосы 2006 жылдың 20 қыркүйегі 13. Уызбай селосы 2006 жылдың 21 қыркүйегі 14. Шұнқыркөл селосы 2006 жылдың 21 қыркүйегі 15. Қарағайлы селосы 2006 жылдың 22 қыркүйегі 16. Литвинов мектеп-интернаты 2006 жылдың 25 қыркүйегі 17. Пионер балалар үйі 2006 жылдың 26 қыркүйегі 18. № 23 орта мектебі 2006 жылдың 05 қыркүйегі-2006 жылдың 06 қыркүйегі 19. № 26 орта мектебі 2006 жылдың 07 қыркүйегі-2006 жылдың 08 қыркүйегі 20. Сенокосное селосы 2006 жылдың 12 қыркүйегі 21. Сарыөзек селосы 2006 жылдың 13 қыркүйегі 22. Мирное селосы 2006 жылдың 14 қыркүйегі 23. Звезда селосы 2006 жылдың 15 қыркүйегі 24. Тельмае селосы 2006 жылдың 18 қыркүйегі 25. Дальное селосы 2006 жылдың 19 қыркүйегі 26. Родниковское селосы 2006 жылдың 20 қыркүйегі 27. Ертіс селосы 2006 жылдың 21 қыркүйегі 28. Шідерті селосы 2006 жылдың 22 қыркүйегі 29. Ақбүлақ селосы 2006 жылдың 25 қыркүйегі 30. Трудовое селосы 2006 жылдың 26 қыркүйегі 31. Молодежный кенті 2006 жылдың 27 қыркүйегі-2006 жылдың 28 қыркүйегі