Мүгедектерге жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектерге жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік корғау туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2 тармағына және 9 бабының 2 тармағының 4 тармақшасына сәйкес аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. Жұмыс берушіге мүгедектер үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындау міндеттелінсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Кәрбозинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.