О переименовании в городе Сергеевке района Шал акына улицы Русской березки в улицу Шопанова Дуйсена Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шал ақын ауданы Сергеевка каласының Русская березка көшесін Шопанов Дүйсен атына ауыстыру туралы Сергеевка қаласының тұрғындарымен өткізілген жиналыстың шешімін карастыра отырып Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсаннан «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңның 14 бабының 4 тармағына сәйкес, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Әділет басқармасының 2006 жылғы 14 қыркүйектегі № 951 қабыл алмауына байланысты 2006 жылғы 11 қыркүйектегі № 01-21-130 « Русская березка көшесін Дүйсен Шопанұлы атына аустыру туралы» шешімнің күші жойылсын.
Тармақ 2
2. Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының Русская березка көшесі Шопанов Дүйсен атына ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Шал ақын ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң, заңды күшіне енеді.