О назначении представителя Восточно-Казахстанской области в Западно-Сибирском регионе Российской Федерации Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының Россия Федерациясының Батыс-Сібір аймағы бойынша өкілін тағайындау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы N 31 шешімімен.
"Россия Федерациясы Новосiбiр облысының әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының әкiмшiлiгi арасындағы саудаэкономикалық және мәдени ынтымақ туралы 1999-2002 жылдарға арналған 1999 жылғы 24 наурыздағы N 15 келiсiмдi" жүзеге асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң штаттан тыс кеңесшiсi Виктор
Дмитриевич Власов Шығыс Қазақстан облысының Батыс-Сiбiр аймағы бойынша
өкiлi болып тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының Батыс-Сiбiр аймағы бойынша өкiлi
жөнiндегi Ереже бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 3
3. Энергетика, индустрия, көлiк, телекоммуникациялар және сыртқы
экономикалық байланыстар басқармасы Алтай өлкесінің, Новосiбiр, Омск,
Томск, Кемеров, Краснояр облыстары әкiмшiлiктерiне өкiлдiң мекенжайы,
телефондары және басқа деректемелерi жөнiнде хабарлап хат жолдасын.
Тармақ 4
4. Өкiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмнiң орынбасары Юрий
Петрович Швайченкоға жүктелсiн.
Басқа 5. "Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының Россия
Федерациясының Батыс-Сiбiр аймағындағы
(Новосiбiр) өкiлi туралы"
Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы
19 мамырдағы N 1-623ө шешiмiне
№ N 1 қосымша
"Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының Россия
Федерациясының Батыс-Сiбiр аймағындағы
(Новосiбiр) өкiлi туралы"
Ереже
Тармақ 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақша 1
1) Шығыс Қазақстан облысының Россия Федерациясының Новосiбiр қаласындағы өкiлi, бұдан былай өкiл деп аталады, Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң сенiмдi адамы болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң тұрғылықты жерi: 492000, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, өскемен қаласы, Максим Горький көшесi, 40.
Тармақша 2
2) өкiл Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң 1999 жылғы 19 мамырдағы N 1-623ө өкiмi негiзiнде тағайындалды және бекiтiлген халықаралық Шарттарды, Келiсiмдердi, Конвенцияларды ескере отырып, сондай-ақ осы Ережеге, бұйырықтарға, өкiмдерге және қолданылып жүрген заңдылыққа қайшы келмейтiн Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң басқа да нормативтiк құжаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының, Россия Федерациясының заңдылықтарына сәйкес iс-қимылдар жасайды.
өкiл тұралы Ереженi облыс әкiмi бекiтедi.
Тармақша 3
3)өкiлдiң тұрғылықты жерi: Новосiбiр қаласы,_____________________.
Тармақша 4
4) өкiл 1999 жылғы 24 наурызда жасалған "Россия Федерациясының Новосiбiр облысының әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының әкiмшiлiгi арасында сауда-экономикалық және мәдени ынтымақ туралы 1999 - 2002 жылдарға арналған N 15 келiсiм" күшiнде болатын мерзiмге тағайындалады.
Тармақша 5
5) өкiл Шығыс Қазақстан облысы кәсiпорындарының Батыс-Сiбiр аймағындағы iс-қимылдарын үйлестiру және мүдделерiн алға бастыру үшiн тағайындалады.
Тармақша 6
6) өкiл iс-қимылдарының заты:
- Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсiп кәсiпорындары өндiретiн өнiмге және оны өткiзуге келiсiм шарттар мен шарттар жасауға, сондай-ақ аукциондық, комиссиялық, бөлшек сауда,±ұсақ көтерме және көтерме сауда жасауды, бартерлiк уағдаластықтар, үлгiлер бойынша тауарлар сатуға және сауданың басқа да түрлерiн ұйымдастыруға ықпал етедi;
- Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы мен Россия Федерациясы арасында шикiзаттық және материалдық ресурстарды сатып алу мен өзара жеткiзiп беру жөнiндегi Келiсiмдi жасауға және жүзеге асыруға қатысады;
- iс-қимылдардың әртүрлi саласында өнiм өндiрушiлер мен қызмет көрсетушiлер (сатушылар) мен тұтынушылар (сатып алушылар) арасында тiкелей ұзақ мерзiмдi өзара тиiмдi екiжақты байланыстар орнатуға ықпал етедi;
- осы Ережеге және Қазақстан Республикасы мен Россия Федерациясының заңдылық актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да мiндеттердi орындайды.
Тармақ 2. 2. Өкiлдiң құқылық статусы
2. Өкiлдiң құқылық статусы
Тармақша 1
1) өкiл заңды тұлға болып табылмайды.
Тармақша 2
2) өкiл Шығыс Қазақстан облысының әкiмi атынан осы Ереженiң негiзiнде iс-қимылдар жасайды. өкiл Қазақстан Республикасы мен Россия Федерациясы кәсiпорындары арасында екiжақтық байланыстар орнату жөнiнде келiссөздер жүргiзу туралы Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Заңдылығына сәйкес берген сенiмхат бойынша iс-қимылдар жасайды.
Тармақша 3
3) өкiлдiң атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi мен штампы,
фирмалық бланкалары бар.
Тармақ 3. 3. Өкiлдiң қаржылық-шаруашылық iс-қимылдары
3. Өкiлдiң қаржылық-шаруашылық iс-қимылдары
Тармақша 1
1) Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң мiндеттерiн орындау үшiн өкiл осы
Ережемен, Шығыс Қазақстан облысының әкiмi және Қазақстан Республикасы мен
Россия Федерациясының заңдылық актiлерi белгiлеген шеңберде шаруашылық
iсқимылдарын жүзеге асырады.
Тармақша 2
2) Шығыс Қазақстан облысының әкiмi өкiлге оған бекiтiлген
iсқимылдарды орындау процесiнде оперативтi ерiктiлiк бередi.
Тармақ 4. 4. Өкiлдi басқару
4. Өкiлдi басқару
Тармақша 1
1) Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң өкiлдi басқару жөнiндегi құзырына
мыналар енедi:
- осы Ереженi бекiту, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
- өкiлдiң iс-қималдарының негiзгi бағыттарын белгiлеу, жоспарларды
және iс-қимылдарды орындау туралы есептердi бекiту;
-өкiлдi кызметке тағайындау және жұмыстан босату;
-өкiлдiң iс-қимылдарын тоқтау жөнiнде шешiм қабылдау.
Тармақша 2
2) өкiл:
- сенiмхат бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкiмi атынан осы
Ережемен, облыс әкiмiнiң шешiмiмен және өкiмiмен белгiленетiн өкiлеттiлiк
шеңберiнде iс-қимылдар жасайды;
- облыс әкiмi бекiткен және осы Ережемен белгiленген жоспарларды
оперативтi орындауды жүзеге асырады;
- Шығыс Қазақстан облысының әкiмi қойған мақсаттар мен мiндеттерге
жету үшiн қажеттi басқа да iс-қимылдар жасайды.
Тармақ 5. 5. Iс-қимылдарды тоқтату
5. Iс-қимылдарды тоқтату
Тармақша 1
1) өкiлдiң iс-қимылдары тоқтатылады:
1999 жылғы 24 наурызда жасалған "Россия Федерациясының Новосiбiр
облысының әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының
әкiмшiлiгi арасында сауда-экономикалық және мәдени ынтымақ туралы 1999 -
2002 жылдарға арналған N 15 келiсiм" күшiне енуiнiң мерзiмi аяқталғанда;
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң шешiмi бойынша.
Энергетика, индустрия, көлiк,
телекоммуникациялар және СЭБ
басқармасының бастығы