Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании аудиторской деятельности Күшін жойған
Басқа 0
Аудиторлық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және " Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 мамырдағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Аудиторлық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 21-1-жолдың 3-бағанында төртiншi абзац алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 31-жолдың 3-бағанында "банктiк қызметтiң сақтандыру (және қайта сақтандыру) ұйымының аудитiнен," деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19. N 610 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 3
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 4. Аудиторлық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары
4. Осы қаулы 2006 жылғы 13 қарашадан бастап қолданысқа енгiзiлетiн Аудиторлық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарының 1-тармағының 2), 3) тармақшаларын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа eнгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 28 қыркүйектегi
N 931 қаулысына
қосымша
Аудиторлық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Тармақ 1
1. Аудиторлық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары аудиторлық ұйым үшiн мыналардың болуын қамтиды:
Тармақша 1
1) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдастыру-құқықтық нысаны;
Тармақша 2
2) жарғылық капиталда аудиторларға және (немесе) шетелдiк аудиторлық ұйымдарға тиесiлi үлестiң жүз пайызы;
Тармақша 3
3) құрамында осы аудиторлық ұйымда ғана аудиторлық қызметтi жүзеге асыратын кемiнде үш аудитор;
Тармақша 4
4) аудиторлық ұйым басшысында Аудиторларды аттестаттау жөнiндегi бiлiктiлiк комиссиясы берген "аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы бiлiктiлiк куәлiгі;
Тармақша 5
5) аудиторлық ұйым басшысында соңғы бес жылдың кемiнде үш жылында экономика, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында жұмыс тәжiрибесi.
Шетелдiк аудиторлық ұйым үшiн аудиторлық қызметтi лицензиялау кезiнде жоғарыда аталған бiлiктiлiк талаптарынан басқа мынадай қосымша талаптар қойылады:
Тармақша 1
1) оның тиiстi аудиторлық ұйым - Қазақстан Республикасының резидентiн құруы;
Тармақша 2
2) оның Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесi болып табылатын кәсiби ұйымда мүшелiгiн растайтын лицензияның нотариалды расталған көшiрмесiнiң немесе оның нотариалды расталған аудармасы бар немесе ол резидентi болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органының хаты түпнұсқасының болуы.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметтi жүзеге асыратын аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының резидентi - басқа аудиторлық ұйымның қатысушысы бола алмайды.
Тармақ 3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
3. Аудиторлық ұйымды бұрын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдың iшiнде лицензиясын қайтарып алу туралы шешiм шығарылған күннен бастап лицензиясы қайтарып алынған аудиторлық ұйымға басшылық еткен аудитор басқара алмайды.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 28 қыркүйектегі
N 931 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Тармақ 1
1. "Аудиторлық қызметтi лицензиялаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 878 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 29, 284-құжат).
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 878 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қазандағы N 1570 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 49, 471-құжат).
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 878 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 сәуiрдегі N 505 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 178-құжат).
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 878 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 51 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 2, 25-құжат).
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 878 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 14 қыркүйектегi N 958 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 35, 459-құжат).