О ликвидации и запрете стихийной оптовой торговли Қолданыста
Басқа 0
Стихиялы көтерме сауданы жою және тыйым салу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін
реттеу туралы» Заңының 8 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес және Орталық базар маңында стихиялы көтерме сауда жасауға жол бермеу мақсатында қала әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Орталық базар маңында, осы ішкі сауда түріне арналмаған объекті-
лерден, сондай-ақ көрсетілмеген орындарда стихиялы көтерме сауда жасауға
тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Ақтөбе қаласының ішкі істер бөлімі (М. А. Өсербаев), мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің қалалық бөлімі
(Н. А. Беркімбаева) Орталық базар маңында стихиялы көтерме сауданы жою
және тыйым салу бойынша шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары
А. Б. Мұхамбетовке жүктелсін.