Ескелді ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Ережесін бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Ескелді ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қодексінің 311 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бап 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес Ескелді ауданының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ескелді ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесі (бұдан әpi - Ереже) қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың жер мәселелері, ауыл шаруашылығы және табиғатты қорғау жұмыстарын қамтитын тұрақты қомиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілген:
Қазақстан Республиқасының
Ауылшаруашылық Министрлігі
Ескелді аудандық аумақтық
басқармасының бастығы
Үсен Ахбердіұлы Пірімбек
16.08.2006 ж.
Басқа 4
Ескелді аудандық Мәслихатының «Ескелді ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесін белгілеу туралы» 2006 жылғы
«16» тамыздағы 44-163 санды шешіміне қосымша
Ескелді ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. 0сы ереже Қарабұлақ кентінде, сонымен қатар Ескелді ауданы аумағындағы барлық елді-мекендерде қолданылады.
Тармақ 2
2. Ереже меншік түріне қарамастан барлық иттер мен мысықтардың иелеріне, заңды және жеке тұлғаларға, сонымен қатар бұдан әpi мәтін бойынша "Иелер" деп аталатын иттер мен мысықтарды асырайтын, серуенге шығаратын барлық тұлғаларға таралады.
Тарау 2. 2. Иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету
2. Иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету
Тармақ 3
3. Иттер мен мысықтардың иелері осы жануарлардың жалпы қоғамдық ортаның ластануына жол бермей, санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық нормаларды қатан сақтауы, сонымен қатар, адамдар қауіпсіздігін және тыныштықты қамтамасыз eтyi тиіс.
Тармақ 4
4. Тыйым салынатын жазбалар болмаған жағдайда иелеріне итінің тұмылдырығы және қысқа тізгінінің бар болуымен мекемелерде, азық- түліктік емес дүкендерде, поштада жүруіне рұқсат етіледі.
Тармақ 5
5. Иттер мен мысықтарды ұстауда олардың саны шектелмейді. Алайда ол маңайындағылар мен көршілердің наразылығын тұдырмауы тиіс.
Тармақ 6
6. Иттер мен мысықтардың иелері, ит мысық ұстайтын
мекемелер, кәсіпорындар және жеке тұлғалар:
Тармақша 1
1)жануарларды ұстау мен серуендетуде осы Ереже талаптарын ұстануы;
Тармақша 2
2)қоммуналдық пәтерлерде тұратындарды иттер мен мысықтарды
жалпы пайдаланатын жерде (ас бөлмелерде, басқыш алаңдарда,шатырларда, подвалдарда) ұстамауы;
Тармақша 3
3)иттерді далаға шығарып, серуендеткен кезде тұмсығына тұмылдырық кигізіп, қысқа тізгінмен жетелеп жүруі және ит, мысықтарды қалалық көліктерде тасымалдағанда арнайы торларда, сөмкеде алып журуі;
Тармақша 4
4) ауласында ит ұстайтын адамдар олардың қашып кетуіне жол бермеуі және көршілердің ауласынан алшақ ұстауы;
Тармақша 5
5)итi бар уйлер аулаға кіребepicкe ит бар екендігі жөнінде ескертпе жазу іліп қоюы;
Тармақша 6
6)ауру иттер мен мысықтарды қоғамдық көліктерде алып жүрмеуі тиіс.
7.Елді-мекендердегі иттер мен мысықтардың иелері, ит мысық ұстайтын мекемелер, кәсіп-орындар және жеке тұлғалар сондай-ақ:
Тармақша 1
1)итті асырап немесе сатып алған күннен бастап өздерінің жануарларын, Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы Министрлігі Ескелді аудандық аумақтық басқармасының ветеринарлық инспекциясы бөлімінде тіркетіп арнайы төлқұжатын алуға;
Тармақша 2
2)жануарларға вакцина егуді тұрақты жүргізуге;
Тармақша 3
3)иттердің адамдарды жене басқа да жануарларды тістеп алуы, жарақаттау жағдайлары туралы медициналық мекемелерге, қалалық ветеринарлық станцияларға тез хабарлап, жарақат салған уй жануарларын тез арада қалалық ветеринарлық станциясына тексеруге және қарантиндік шараларды жүргізу үшін жеткізуге;
Тармақша 4
4)ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптары бойынша
қарсылықсыз жануарларды тексеруге, диагностиқалық зерттеулер
жүргізуге және емдеу-профилактиқалық емдеу үшін әкелуге;
Тармақша 5
5)ветеринариялық қызмет мамандарыныцң нұсқауымен иттерді, мысықтарды тексеруге, құтыруға қарсы егуге әкелуге;
Тармақша 6
6)ит, мысықты ұстауға алғанда немесе басқа елді мекенге
көшкенде ветеринариялық мекемеге дер кезінде хабарлауға
жауапкершілікпен қарауы тиіс.