Об учётной регистрации малочисленных религиозных групп в Есильском районе Күшін жойған
Басқа 0
Есіл ауданындағы шағын діни топтарды есептік тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 2 тармағына сәйкес, «Дін ұстау еркіндігі және діни ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2 бабы 2 тармақшасының, «Шағын діни топтарды есептік тіркеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 24 тамыздағы қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ішкі саясат бөлімі Есіл ауданының аумағында қызмет ететін заңды тұлға белгісі жоқ шағын діни топтарды есептік тіркеуді жүзеге асырсын.
Тармақ 2
2. Шағын діни топтарды есептік тіркеу Ережесі бекітілсін (қосымша берілді).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жүсіпов Өтеген Рахымғазыұлына жүктелсін.
Басқа 4. Шағын діни топтарды есептік тіркеу Ережеі
Есіл ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 7 тамыз № 195
қаулысымен бекітілді
Шағын діни топтарды есептік тіркеу Ережеі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже заңды тұлға белгісі жоқ Есіл ауданының аумағында діни қызметін іске асыратын шағын діни топтарды есептік тіркеу бойынша аудан әкімдігінің қызметін реттейді.
Тармақ 2
2. Есіл ауданы аумағында қызмет атқаратын заңды тұлға белгісі жоқ шағын діни топтарды есептік тіркеу «Дін ұстау еркіндігі және діни ұйымдар туралы» 1992 жылғы 15 қаңтардағы № 1128-ХІІ Қазақстан Республикасы Заңына, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Есіл ауданы аумағында қызмет атқаратын заңды тұлға белгісі жоқ шағын діни топтарды есептік тіркеуду аудан әкімдігінің діни ұйымдармен байланыс жөніндегі өкілетті органы - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ішкі саясат бөлімі - іске асырады (бұдан әрі тіркеу органы).
Тармақ 4
4. Есептік тіркеуден өтуге тиісті шағын діни топтарға заңды тұлға белгісі бар Қазақстан Республикасының діни ұйымдарының біріне құрылымдық жагынан жататын заңды тұлға белгісі бар жергілікті діни ұйымдар жатады.
Тармақ 5
5. Заңды тұлға белгісі жоқ шағын діни топтарды есептік тіркеу аталмыш субъектілерге діни қызметін жүзеге асыруда заңдылық беру және тіркеуге алатын органның есепке алу журналына шагын діни топтар туралы мәліметтер түсіруі арқылы жүзеге асырылады. Тіркеуге алған орган берген анықтама есептік тіркеуге алынғаны туралы ресми растау болып табылады.
Тармақ 6
6. Тіркеуге алатын органда есептік тіркеуге алынғаннан кейін заңды тұлға белгісі жоқ шағын діни топ діни қызметін жүзеге асыруга құқылы.
Тарау 2. 2. Шағын діни топтарды есептік тіркеу тәртібі
2. Шағын діни топтарды есептік тіркеу тәртібі
Тармақ 7
7. Заңды тұлға белгісі жоқ шағын діни топты есептік тіркеуге алуға құрылатын діни топтың құрылтайшылық құжаттарының Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкестігін тексеру, есепке алу туралы анықтаманы беру журналына діни топ туралы мәліметтерді енгізу және есепке қою енеді.
Тармақ 8
8. Есептік тіркеуге тұру үшін діни топ тіркеуге алатын органға мына құжаттарды ұсынады:
діни топтың атауын, ұстанатын дінін, мекен жайын, топ жетекшісі туралы мәліметті, табыну ғимаратының болуы және өз қызметін жүзеге асыратын аумақты көрсете отырып, есепке қою туралы өтініш (№ 1 қосымша);
топты құраған кәмелеттік жастағы азаматтардың тізімі (№ 2 қосымша);
топ мүшелері жиылысының хаттамасы;
құрылымдық жағынан тіркеуге алынатын заңды тұлға нышаны жоқ діни топ жататын діни ұйым Жарғысының көшірмесі.
Тармақ 9
9. Шағын діни топтардың есептік тіркелуі туралы мәліметтер арнайы есептік журналға жазылады (№ 3 қосымша).
Тармақ 10
10. Есептік тіркеуге алу өтініш берген күннен 15 күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Тіркеуді өткізген орган діни топ жетекшісіне жергілікті атқарушы органында есептік тіркеуге алынғаны туралы тіркеуді өткізген органның басшысы қол қойған белгіленген үлгідегі анықтама береді (№ 4 қосымша).
Тармақ 12
12. Шағын діни топта өзгерістер болатын жағдайда тіркеу органы журналға мәліметтерді жазып отырады.
Тармақ 13
13. Шағын діни топтардың есепке алынуы, өзгерістері мен толықтырулары туралы мәліметтер Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат департаментіне беріледі.
Тармақ 14
14. Топ жетекшісі ішкі саясат боліміне жылына 2 рет өзінің қызметі туралы ақпарат береді.
Тармақ 15
15. Есептік тіркеуге алу тегін жүргізіледі.
Тармақ 16. Діни топты құраған азаматтардың ТІЗІМІ
16. Шағын діни топ қызметін тоқтатқан жағдайда немесе әділет органдарында заңды тұлға белгісі бар діни ұйым ретінде заңды тіркеуден өткен жағдайда тіркеуге алған органында есептік тіркеуден шығады.
Шағын діни топтарды
есептік тіркеу Ережесіне
1 қосымша
_________________________
(өтінішті тіркейтін органның
_________________________
атауы және мекен жайы)
Өтініш
__________________________________________________
(топ жетекшісінің тегі, аты-жөні)
__________________________________________________
(діни топтың атауы, оның ұстанатын діні)
__________________________________________________
(топ мүшелерінің саны)
__________________________________________________
__________________________________________________
(діни топтың мекен-жайы және табыну ғимаратының болуы)
__________________________________________________
__________________________________________________
(өз қызметін жүзеге асыратын аумақ)
Қолы
Күні
Шағын діни топтарды
есептік тіркеу Ережесіне
2 қосымша
Діни топты құраған азаматтардың ТІЗІМІ
№
Тегі, аты-жөні
Туған күні, айы, жылы
Мекен-жайы
Қолы
Шағын діни топтарды
есептік тіркеу Ережесіне
3 қосымша
Шағын діни топтарды тіркеу журналы
№
Тіркеу нөмірі және тіркелу күні
Діни топтың атауы
Діни топтың ұстанатын діни және діни орталыққа бағынуы
Діни топтың мекен-жайы
Діни топ қызметінің атауы
1
2
3
4
5
6
Табыну (дұға оқитын) ғимараттың болуы
Жетекшінің немесе топ өкілінің тегі, аты-жөні, мекен-жайы, телефон нөмірі
Тіркеу туралы анықтаманы толтырған тұлғананың тегі, аты-жөні
Тіркеу туралы анықтаманы алған тұлғаның тегі, аты-жөні және қолы
Ескерту
7
8
9
10
11
Шағын діни топтарды
есептік тіркеу Ережесіне
4 қосымша
Діни топтың есептік тіркеуге алынуы туралы анықтама
№ __
2006 жылы «___» _____________ берілді
Діни топтың атауы
__________________________________________________
__________________________________________________
Топты тіркеуге алған органның жетекшісі
Қолы
Мөр