Об утверждении ставок по отдельным видам платежей Қолданыста
Басқа 0
Жекелеген төлем түрлері бойынша мөлшерлемені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-ІІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 373 бабы 2 тармағына, 394 бабына сәйкес және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Салық комитеті откізген хронометрлік бақылаулары мен зерттеулерінің орта күндік мәліметтері негізінде, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Есіл ауданында мал бағумен айналысатын тұлғаларға біржолғы талондардың кұны минималдық есептік көрсеткішке сай 200 басқа дейін - 4 пайыз, минималдық есептік көрсеткішке 200 бастан жоғары болса- 8,6 пайыз.
Тармақ 2
2. Бал сатумен айналысатын тұлғаларға минималдық есептік көрсеткішке сай 3,5 пайыз біржолғы талондардың құны бекітілсін.
Тармақ 3
3. Нақты шешім Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әділет басқармасында тіркелгеннен кейін күшіне енеді және «Ишим» аудандық газетінде міндетті түрде жарияланады.
Келісілді
Есіл ауданы бойынша
салық комитеті
төраға
М.Оразбаев
25.08.2006 ж.