Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов на территории города Рудного Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Рудный қаласының аумағында үгіттеу баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32 және 37-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 130 «Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкімдерінің сайлауын өткізу туралы» Жарлығына, 2006 жылғы 20 қазанға жарияланған Рудный қаласының әкімін сайлау бойынша сайлау науқаны кезеңінде үгіттеу баспа материалдарын орналастыруды ретке келтіру мақсатында Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Рудный қаласының әкімін сайлау бойынша сайлау науқаны кезеңінде Рудный қаласының аумағында үгіттеу баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А.Ишмұхамбетовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Рудный қаласы әкімдігінің 2006 жылғы «25» қыркүйектегі № 937 қаулысына қосымша Рудный қаласының әкімін сайлау бойынша сайлау науқаны кезеңінде Рудный қаласының аумағында үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар Стендтер және тумбалар:
Тармақ 1
1. Ленин көшесі:
Тармақша 1
1) «Строитель» стадионы» аялдамасы;
Тармақша 2
2) "Мұражай" аялдамасы;
Тармақша 3
3) «Қазпошта» акционерлік қогамының Қостанай облыстық филиалы Рудный қалалық пошта байланысының торабы ғимаратының ауданы;
Тармақша 4
4) «Дос Бол» дүкені ауданы.
Тармақ 2
2. 50 лет Октября көшесі: "Универсам" дүкенінің ауданы.
Тармақ 3
3. Сандригайло көшесі: "Босфор" дүкенінің ауданы.
Тармақ 4
4. Комсомол даңғылы: "Орбита" дүкенінің ауданы.
Тармақ 5
5. Мир көшесі: «Вояж» дүкені» аялдамасы.
Тармақ 6
6. Қашар поселкесі: Тасымалданатын қалқандарда: «Қашар орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне кіретін жерде.
Тармақ 7
7. Перцев поселкесі: «Перцев негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында.
Тармақ 8
8. Горняцк поселкесі Рудный қаласы әкімдігінің «Горняцк поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алдында.