Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыратын орындарды белгілеу туралы Қолданыста
Басқа 0
Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыратын орындарды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан орталығында баспа және өзге де үгіт материалдарын орналастыратын орын «Өрлеу» МКМ-нің жанындағы үгіт-насихат тақтасы болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Елді мекендерде баспа және өзге де үгіт материалдарын орналастыратын орындар ауыл округтері әкімдерінің ұсыныстары бойынша №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
Басқа 4
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы «»
№ қаулысына 1 қосымша
Ауылдық округтердің атауы
Үгіт материалдарын орналастыру орындары
Амангелді ауылдық округі Өркендеу, Жұмай ауылдары
Өркендеу ауылындағы орталық кеңсе жаны мен Жұмай негізгі мектебінің алды.
Арықты ауылдық округі
Құлтай, Садырбай, Сулыкөл ауылдары
Арықты, Сулыкөл орталығындағы және ауылдардағы кеңсе алдында хабарландыру ілінетін тақташалар
Коммуна ауылдық округі Майшұқыр, Құмкөл ауылдары
Аталған мектептер алдында орнатылған тақташалар
Қызылсай ауылдық округі Шалқар, Үшсарт, Алмас ауылдары
Мәдениет үйі мен мектептер алдында арнайы орнатылған стендтер
Қарашалғын ауылдық округі Жантеке, Қарғалы, Ұялы ауылдары
Мектептер алдында орналасқан үгіт-насихат тақтасы
Кеңбидайық ауылдық округі Кеңбидайық, Екпінді ауылдары
Орталық кеңсе алдындағы стенд пен мектептер жанындағы тақтайшалар
Қорғалжын ауылдық округі Қорғалжын, Біртабан, Абай ауылдары
«Өрлеу» МКМ-нің жанындағы үгіт-насихат тақтасы мен мектептер жанындағы стендтер
Сабынды ауылдық округі Сабынды, Қараегін, Алғабас ауылдары
Мәдениет үйі алдындағы тұғырлықтар мен мектептер жанындағы насихат тақташалары