Об утверждении предельных норм сбора физическими лицами для собственных нужд дикорастущих плодов, орехов, грибов, ягод, лекарственного сырья и иных лесных ресурсов на территории государственного лесного фонда Южно-Казахстанской области Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың өз қажеті үшін жабайы өскен жемістерді, жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік шикізаттарды және өзге де орман ресурстарын жинау нормаларының шегін бекіту туралы Қазақстан Республикасындағы Орман кодексінің 42 бабының 3 тармағына сәйкес, облыс әкімиятының ұсынысын қарай келіп, облыстық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың өз қажеті үшін жабайы өскен жемістерді, жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік шикізаттарды және өзге де орман ресурстарын жинау нормаларының шегі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 29 қыркүйектегі N№25/286-III шешіміне қосымша Оңтүстік қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағынан жеке тұлғалардың өз қажеті үшін жабайы өскен жемістерді, жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік шикізаттарды және өзге де орман ресурстарын жинау нормаларының шегі р/с Орман ресурстарының түрлері Бір адамның жинау нормасының шегі, кг. 1. Жабайы жемістер: долана, алша, өрік, алма, жиде Бір түрінен 5,0 кг, бірақ әр түрінен 15,0 кг-нан көп емес 2. Грек жаңғағы 1,0 3. Саңырауқұлақтар 3,0 4. Жабайы жидектер: қара бүлдірген, бөріқарақат, қарақат Бір түрінен 2,0 кг, бірақ әр түрінен 6,0 кг-нан көп емес 5. Дәрілік шикізаттар: оның ішінде шөптер, гүлдер, бүршіктер, тамырлар, тамыр жуашықтары Бір түрінен 1,0 кг, бірақ әр түрінен 3,0 кг-нан көп емес 6. өзге орман ресурстары: қамыс шеңгел сыпырғы дайындау үшін 5,0 2,0