О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Национальный научный медицинский центр" Министерства здравоохранения Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны оның құрамынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Кардиохирургиялық клиника" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын (бұдан әрi - кәсiпорын) бөлiп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Кәсiпорынның мемлекеттiк басқару органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi болып белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi денсаулық сақтау саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге ұсынсын;
Тармақша 2
2) әдiлет органдарында кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырсын;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген бөлу теңгерiмiне сәйкес кәсiпорынның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 9-75-жолмен толықтырылсын: "9-75. "Кардиохирургиялық клиника" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) Астана қаласы";
Тармақ 2
2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 529-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдар тiзбесiнде: "Мемлекеттiк кәсiпорындар" деген 1-бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 39-2-жолмен толықтырылсын: "39-2. Кардиохирургиялық клиника".
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.