Жангелдин ауданының дала алқаптарын өрттен қорғау туралы Қолданыста
Басқа 0
Жангелдин ауданының дала алқаптарын өрттен қорғау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңының 13-бабын басшылыққа ала отырып, өрт қауіпі бар кезеңнің туындауына байланысты және елеулі материалдық зиянға соқтыратын дала өрттерін болдырмау, сондай-ақ оларды жою үшін адам ресурстарын, өртке қарсы арнаулы техниканы уақытылы жұмылдыру мақсатында Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылға арналған Жангелдин ауданының дала алқаптарын өрттен қорғау жөніндегі өртке қарсы іс-шаралар жоспары бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. "Жангелдин ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі"мемлекеттік мекемесіне (Ш. Оспанов), "Жангелдин аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Ә. Кенжегарин), Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министірлігінің өртке қарсы қызмет комитеті Қостанай облыстық өртке қарсы департаментінің Жангелдин ауданының өртке қарсы қызмет бөлімінің бастығына (Б. Жамали) 2006 жылдың өрт қаупі бар кезеңіне арналған өртке қарсы шаралардың жоспарын орындау үшін шаралар қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Ауылдық (селолық) округтердің әкімдеріне төмендегі көрсетілген шараларды атқару тапсырылсын:
Тармақша 1
1) өрттерді сөндіру жөніндегі күштер мен құрал жабдықтардың бірге іс-қимыл жасауын және ауданның шұғыл жоспарына сәйкес шабындықтар мен жайылымдарда ірі өрттерді сөндіруді ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылық алқаптарында өрттерді болдырмау жөнінде шаралар қабылдау. Ауыл шаруашылық жұмыстары кезеңінде өртке қарсы шаралар кешенінің орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) малдардың жайылымын және тұрғындардың отын, шөп дайындау аймактарын анықтау, үш жақты тексеруден өтпеген ауыл шаруашылық техникаларының жұмыс істеуіне тыйым салу;
Тармақша 4
4) дала алқаптарын өрттен корғау жөнінде нақты іс-шаралар әзірлеу және бекіту, ауылдық (селолық) округтердің ерікті өрт құрамаларын дала өрттерін сөндіруге тарту;
Тармақша 5
5) дала өрттерін сөндіру жөніндегі өртке қарсы қызметпен есеп айырсу қолданыстағы заңдарға сәйкес келісім-шарт негізінде нақтылы жұмысатқарылған уақытта жүргізілсін.
Тармақ 4
4. "Жангелдин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман (Ж. Шаймов) ұзаққа созылған дала өрттерін сөндіруге тартылатын техникаларға қажетті жанар-жағар май қорымен қамтамасыз етілуін қарастырсын, осы шараларды жүзеге асыру үшін Жангелдин ауданы әкімінің резерв қорынан 250000 (екі жүз елу мың) теңге қаржы бөлуді "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Л. Зейнекина) тапсырылсын.
Тармақ 5
5. "Жангелдин ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Ш. Оспанов), Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министірлігінің өртке қарсы қызмет комитеті Қостанай облыстық өртке қарсы департаментінін Жангелдин ауданының өртке қарсы қызмет бөлімінің бастығы (Б. Жамали) өрттен далаларды қорғау, дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрақты түрде насихаттауды ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш рет жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 12