«Казталов ауданында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін» бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
«Казталов ауданында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін» бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 санды «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 санды «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 300 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Казталов ауданында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудан мәслихатының 2002 жылғы 3 шілдедегі «Казталов ауданы аумағында бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделетін Ереже жөнінде» (19.07.2002 ж. тіркеу № 1668, 15.08.2002ж. «Сарыөзен тынысы» газеті №23) № 2 шешімнің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Казталов ауданында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі
Аудандық Мәслихаттың
2006 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 9 шешімімен бекітілген
Казталов ауданында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі
Осы Ереже кінәратсыз қоршаған ортаны қалыптастыру үшін Казталов ауданындағы елді-мекендерді көркейтудің негізгі элементі ретінде оларда жасыл желекті екпелердің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әзірленді.
Ереже Казталов ауданының елді мекендерінде жасыл желекті екпелерді күтіп ұстауға және қорғау саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және меншік нысандарына қарамастан барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін міндетті.
Тарау 5. Жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) жасыл-желекті екпелер - азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және елді-мекеннің біртұтас жасыл желекті қорын құрайтын табиғи және жасанды жолмен өсірілген ағаш, бұта және шөп өсімдіктері;
Тармақша 2
2) жасыл-желекті құрылыс - елді-мекендерде және басқа объектілерде жасыл желекті екпелер алқаптарын сақтау және ұлғайту. Көлемі едәуір үлкен учаскелерді көгалдандыру жобалық тапсырманың негізінде жасалған дендрологиялық және техникалық жоба бойынша жүргізіледі;
Тармақша 3
3) жалпы жұрт пайдаланатын жасыл-желекті екпелер - аудан мен елді- мекендердің халқын рекреациялауға арналған жасыл желекті екпелер аумағы; 4) дендрологиялық жоспар - көгалдар мен гүлзарлардың, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының, шағын сәулет нысандарының ашық учаскелерімен ұштастыра отырып, өсіп тұрған және жобаланып жатқан ағаш және бұта өсімдіктерінің орналасуы мен түр-түрі көрсетілген 1:500 және одан да ірі масштабтағы сызба;
Тармақша 5
5) өтемдік көгалдандыру - жойылған немесе бүлінген жасыл желекті екпелердің орнына оларды молықтыру;
Тармақша 6
6) жасыл-желекті екпелердің өтемақылық құны - жасыл-желекті екпелерді күтіп ұстауға, сондай-ақ жасыл желекті екпелердің құндылығына, орналасқан жеріне және сапалық жай-күйіне байланысты айқындалатын экологиялық нұқсанды өтеуге жұмсалған шығындарды қоса алғанда, бүлінген немесе жойылған жағдайда жасыл желекті екпелердің құндылығын есепке алу үшін белгіленетін олардың құндық бағасы;
Тармақша 7
7) көгалдандырылған аумақтар - табиғи және жасанды жолмен өсірілген екпелер: бақ-парк кешендері мен объектілері, бульварлар, скверлер, көгалдар мен гүлзарлар орналасатын тұрғын үй, коғамдық, іскерлік, коммуналдық, өндірістік мақсаттағы жер учаскелері;
Тармақша 8
8) жасыл-желекті екпелерді қорғау - жасыл-желекті екпелерді сақтауға және молықтыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;
Тармақша 9
9) жасыл-желекті екпелердің бүлінуі - ағаш-бұта өсімдіктерінің ұшарбасына, діңіне, бұтақтарына, олардың тамыр жүйесіне нұқсан келтіру, шөп өсімдіктерінің өсуін тоқтатпаса да, олардың жердегі бөлігі мен тамыр жүйесін бүлдіру. Бұтақтарының, тамыр жүйесінің механикалық жолмен бүлінуі, қабығының тұтастығының бұзылуы, топырақ үстіндегі жанды қабатының біртұтастығының зақымдануы, жасыл-желекті екпелердің немесе тамыр аймағындағы топырақтың зиянды заттармен ластануы, өртеу және өзге де нұқсан келтіру, бүліну болып табылады;
Тармақша 10
10) жасыл-желекті екпелерді жою - ағаштар, бұталар, гүлзарлар және көгалдар жойылып кететіндей дәрежеде жасыл желекті екпелерді бүлдіру.
Тарау 2. 2. Жасыл желекті екпелерді күтіп ұстау мен қорғау.
2. Жасыл желекті екпелерді күтіп ұстау мен қорғау.
Тармақ 2
2. Ауданның елді-мекендерінің аумағында орналасқан барлық жасыл желекті екпелер елді мекеннің біртұтас жасыл желек қорын құрайды және қорғалуға жатады
Тармақ 3
3. Жасыл желекті екпелер орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері, жалгерлері олардың жай-күйіне бақылау жасап отыруға, жасыл желекті екпелердің қанағаттанарлық жай-күйі мен қалыпты өсіп-өнуін қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 4
4. Жеке және заңды тұлғалардың жобалау құрылыс және шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Ереже белгіленген жасыл желекті екпелерді қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Белгіленген тәртіппен келісілген елді-мекенді дамытудың бас жоспарымен салыну көзделген учаскелерді қоспағанда, елді мекен аумағының шегінде орналасқан жасыл желекті алқаптар құрылыс жүргізуге жатпайды.
Тармақ 6
6. Ауданның мемлекеттік ұжымдық-қоғамдық және басқа да кәсіпорындарды, ұйымдар мен мекемелер, лауазымды адамдар, тұрғындар жасыл желекті қорғау мен күтіп ұстау мақсатында мыналарды орындауға міндетті:
Тармақша 1
1) қоршаған ортаның жағдайын жақсарту мен қорғауға, жасыл желектерді қорғау шараларын жасауға;
Тармақша 2
2) өз аумағын жасыл желектендіруді ұйымдастыруға;
Тармақ 7
7. Аудан аумағында жасыл желектерді қорғау мақсатында мыналарға тиым салынады:
Тармақша 1
1) елді мекендердің айналасындағы өзен жағасы, жол жиектері бойындағы ағаштар, көпжылдық өсімдіктер мен көріктік бұтақтарды заңсыз кесу, бүлдіру мен жоюға;
Тармақша 2
2) үй жануарларын парк, демалу аймақтарына жаюға, жоғарыдағы объектілердің ішіне, қоршауларына байлауға;
Тармақша 3
3) көгал, егілген гүл алаңдарын, жасыл желектерді бүлдіруге;
Тармақша 4
4) малды жасыл желек, ағаштар егілген жерге бағуға, таптатуға.
Тарау 3. 3. Азаматтардың және жасыл желекті екпелердің меншік иелерінің (жалгерлердің) құқықтары мен міндеттері
3. Азаматтардың және жасыл желекті екпелердің меншік иелерінің (жалгерлердің) құқықтары мен міндеттері
Тармақ 8
8. Азаматтардың:
Тармақша 1
1) осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, өздерінің мәдени-сауықтыру және эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін парктерде, демалу аймақтарында емін-еркін жүріп тұруға, серуендеуге, спортпен шұғылдануға және өзге де мақсаттарда болуға;
Тармақша 2
2) ауданның, елді мекендерінің жасыл желекті қорының жай-күйі, оны қорғау шаралары мен дамыту перспективалары туралы шынайы ақпарат алуға;
Тармақша 3
3) жасыл желекті құрылыс жобаларын талқылауға, сондай-ақ жасыл желекті кұрылыстың баламалы жобаларын әзірлеуге қатысуға;
Тармақша 4
4) ауданды, елді-мекендерді көгалдандыру, көгалдандырылған аумақтарды санитарлық тазалау жөніндегі іс-шараларға қатысуға;
Тармақша 5
5) лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жасыл желекті екпелерді қорғау жөніндегі талаптарды бұзуына байланысты әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) әкімшілік немесе сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.
Тармақ 9
9. Жасыл желекті екпелерді қорғау және күтіп ұстау жөніндегі жеке және заңды тұлғалар, көгалдандырылған аумақтардың меншік иелері мен жалгерлері:
Тармақша 1
1) жасыл желекті екпелердің сақталуын және оларға білікті күтім жасалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) аудан құрылысы, экологиялық, санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес әзірленіп бекітілген дендрологиялық жобалар бойынша бекітіп берілген аумақта өз есебінен көгалдандыру және жасыл желекті екпелерді ағымды жөндеуден өткізу жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 3
3) осы Ережеге сәйкес белгіленген тәртіппен ресімделген жасыл желекті екпелерді қазып әкетуді (қайта отырғызуды) жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен ағаштарды жақсарту мақсатында кеседі және олардың санитарлық мақсатта кесу жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 5
5) жіңішке сымдар қорғалатын аймақта (1 метр қашықтықта), сондай-ақ көше көрсеткіштері мен үйлердің нөмір белгілерін жауып тұрған бұталарды дер кезінде кесіп отыру үй иелерінің келісімімен, бұталарды кесу электр сымдары желісінің иелерімен келісілген кесте бойынша және осы жұмыс түрін орындау жөніндегі технологиялық талаптарды сақтай отырып, олардың бақылаумен жүргізіледі;
Тармақша 6
6) аумаққа санитарлық тазарту жүргізеді, сынған ағаштар мен бұталар тасылып әкетіледі.
Тармақ 10
10. Жасыл желекті екпелер орналасқан жер учаскелерін сатып алу, сату, сыйға тарту, жалға беру кезінде осы Ережеге сәйкес көзделген жер айналымының басқа нысандарында жасыл желекті екпелерді қорғау және күтіп ұстау жөніндегі құқықтар мен міндеттер жаңа меншік иесіне, жалгерлерге көшеді.
Тарау 4. 4. Елді мекендерді көріктендіру мақсатында аудан аумағында заңды тұлғаларға, лауазымды адамдар мен азаматтарға төмендегіше тиым салынады.
4. Елді мекендерді көріктендіру мақсатында аудан аумағында заңды тұлғаларға, лауазымды адамдар мен азаматтарға төмендегіше тиым салынады.
Тармақ 11
11. Жергілікті атқару органдарының шешімінсіз өз бетімен дүңгіршектер, шатыр, кіші спорт аландарын, жарнама құрылымын, газет және хабарландыру қалқандарын салу мен аумақты қоршауға, аула шарбағынан тыс жерге және бетіне құрылыс /дәретхана, құдық т.б./ салуға;
Тармақ 12
12. Адам жүретін жолдарға, көгалдарға, өзен жағасына, бөгет жыраларға көн қоқыс, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды тастауға, моншаның лас суын өзенге, малға пайдаланатын суға төгуге;
Тармақ 13
13. Қоқысты, көнді және басқа да өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды өз бетімен лақтырып шашуға;
Тармақ 14
14. Жергілікті атқару органдарының рұқсатынсыз ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бұзуға, жерді қопарып саман тас соғуға тиым салынады.