«Казталов ауданы аумағындағы елді мекендерде иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін» бекіту туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Казталов ауданы аумағындағы елді мекендерде иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін» бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 санды «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 санды «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Казталов ауданы аумағындағы елді мекендерде иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесі» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Казталов ауданы аумағындағы елді мекендерде иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесі
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 10 шешімімен бекітілген Казталов ауданы аумағындағы елді мекендерде иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережені қабылдау үшін құқықтық негіз Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі болып табылады.
Тармақ 2
2. Казталов ауданы аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалар үшін осы ветеринариялық санитариялық Ереженің талаптарын орындау міндетті болып табылады.
Тармақ 3
3. Казталов ауданы аумағындағы қалыпты ветеринариялық жағдайды сақтау мақсатында Ережені басшылыққа алу міндетті.
Тарау 2. 2. Ит және мысық иелерінің құқықтары мен міндеттері
2. Ит және мысық иелерінің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 4
4. Иттерге және мысықтарға оларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстауға, иттер мен мысықтарға адамгершілікпен қарауға, қараусыз, сусыз, тамақсыз қалдырмауға, иттер мен мысық ауырып қалған жағдайда ветеринар көмегіне сүйенуге;
Тармақ 5
5. Иттер мен мысықты ұстау ережелері мен санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң сақтауға, олардың жалпы пайдаланымдағы жерлерді ластауға жол бермеуге;
Тармақ 6
6. Ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптары бойынша диагностикалық тексеру мен емдеп қарау үшін иттер мен мысықтарды дер кезінде ветеринарлық мекемеге жеткізуге;
Тармақ 7
7. Егер ит пен мысық адамды немесе үй жануарын тістесе бүл туралы жәбірленуші және жануардың иелері тиісті шаралар алу үшін шұғыл түрде денсаулық сақтау және ветеринариялық қадағалау мекемелеріне хабарлауға;
Тармақ 8
8. Адамдарды тістеген ит пен мысықты ветеринария маманына көрсету және 10 күн бойына ветеринария маманының бақылауында байлап ұстауға;
Тармақ 9
9. Объектілерді, аумақтарды әртүрлі тұқымдағы иттермен күзету кезінде, олардың иелері сақтандыру кестесін іліп қоюға;
Тармақ 10
10. Жануарлардың иелері үйді және үйдің айналасының санитарлық жағдайын таза ұстауға және пәтер, баспалдақ алаңын және үй мен ауланың басқа да көпшілік пайдаланатын орындарын ит пен мысықтың ластаған нәжісін олардың иелері шұғыл түрде тазалап отыруға;
Тармақ 11
11. Жеке үйде тұратын жанұя санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтаған жағдайда, ит пен мысықты үйде ұстауға рұқсат етіледі. Көп пәтерлі үйде тұратын жанұя ит пен мысықты үйде ұстау үшін, ортақ баспалдақ алаңында тұратын көршілерінің келісімін алуға;
Тармақ 12
12. Ит пен мысық ауырған жағдайда ветеринария мамандарына көрсету, ал өлген жағдайда өліксені мал моласына апарып жоюға;
Тармақ 13
13. Иттерді байлап ұстауға, күзет иттерін жабық ауладан сыртқа шығып кетпейтін жағдайда босатуға болады. Итті көшеде серуендеткенде тұмсықтор кигізіп, қысқа қарғыбаумен ұстауға міндетті.
Тарау 3. 3. Иттерді және мысықтарды ұстау
3. Иттерді және мысықтарды ұстау
Тармақ 14
14. Ит пен мысықты тұрғын жайларда, пәтерлерде ұстауға.
Тармақ 15
15. Көпшілік пайдаланатын жерде иттерге тұмсықтор кигізіп, қысқа қарғыбаумен ұсталуы және мойнына иттің аты, ит иесінің мекен-жайы, телефон нөмірі көрсетілген қарғысы болуы тиіс.
Тармақ 16
16. Кәмелетке жасы толмағандарға және бұрын адам мен малға итімен зиян келтірген тәртіп бұзушыға қызу қанды, алыпсоқ, ірі, ашулы тұқымды итті және осы тектес иттерді ұстауға рұқсат берілмейді.
Тармақ 17
17. Коғамдық орындарда, көпшілік адамдар демалатын жерлерде, мас адамдарға, 16 жасқа дейінгі балаларға ірі иттерді қыдыртуға және де итпен шығуға тиым салынады.
Тармақ 18
18. Иттерді және мысықтарды қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнына, сауда залдары мен өндіріс орнына, азық-түлік дүкендерде ұстауға және кіргізуге тиым салынады.