Қолданыстағы ред. 04.10.2006

Әлеуметтік төлем туралы от 04.10.2006 г. № 129 (Әлеуметтік төлем туралы)

0

Әлеуметтік төлем туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 21 бабының 1 тармағы 14 тармақшасына, 2003 жылғы 15 шілдедегі 9/32 санды «Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік қаржы бөлудің бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру» Ережесін бекіту туралы аудандық мәслихат шешімімен бекітілген және 2003 жылы 16 шілдеде № 1922 Облыстық Әділет Департаментінде тіркелген «Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру» Ережесіне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру комиссияның 2006 жылдың 25 қыркүйегіндегі шешімі және ауыл әкімдерінің тізімдері бойынша, «Қарттар және мүгедектер Күніне» орай, Қорғалжын ауданы бойынша 160 қарт адамдарға -1000 теңгеден;
72 - І-ІІ топтағы мүгедектерге - 1000 теңгеден;
12- III топтағы мүгедектерге және бала жасынан 37 мүгедек - балаларға - 500 теңгеден есеп шоттарына аударылсын.

2

2. «Қарттар және мүгедектер күніне» орай Ақмола облысы, Целиноград ауданындағы Малотимофеевка интернат-үйіндегі тұратын қорғалжындықтарға әрқайсысына 5000 теңгеден Б.Аякеноваға, С.Н.Булатқа, X.Балғазинға, Н.Д.Герасимоваға, Н.С.Ефремовка, Г.И.Ляшенкоға ,К.Ф. Рожковқа, А.А.Ярохаға және Ақмола облысының «Жарты ай» еркін қоғамының ардагерлер Үйіне орналастырылғандар Ұлы Отан соғысының ардагері В.А.Вышкворокқа, жалғызілікті зейнеткер М.Шмидтке, барлығы: 50000 теңге сыйлықтарымен марапатталсын.

3

3. Қарт адамдар және мүгедектер әлеуметтік қолдау айлығы аясында торқалы 100- жасқа келген Ш. Құттықожинға 20 айлық есеп көрсеткішпен - 20600 теңге сыйлықпен марапатталсын.

4

4. Қаралған өтініш иелеріне комиссия шешіміне сәйкес, материалдық көмек көрсетілсін:

1

1) Арықты ауылының тұрғыны, баласы мезгілсіз қайтыс болғанына байланысты З.А.Тулеуленоваға -10300 теңге;

2

2) Жантеке ауылының тұрғыны, 2 топ мүгедегі В.В.Беннерге- 15450 теңге;

3

3) Қараегін ауылының тұрғыны, аз қамсыздандырылған отбасы С.Аубакишеваға - 10300 теңге;

4

4) Қорғалжын ауылының тұрғыны, аз қамсыздандырылған отбасы Л.Есжановаға - 10300 теңге;

5

5) Қорғалжын ауылының тұрғыны, 3 топ мүгедегі Н.Байжановаға - 5150 теңге;

6

6) Қорғалжын ауылының тұрғыны, 1 топ мүгедегі Е.Т.Мырзалиевке - 10300 теңге;

5

5. Қаржы бөлімі (Б.Рысбаева) әлеуметтік төлемдерді 451007 бюджеттік бағдарламасы бойынша қарастырылған 388900 теңге қаржымен қамсыздандырылсын.

6

6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қ.Тюлеубаев) материалдық көмекті жоғарыдағы аталған адамдардың жеке есеп шоттарына аударылсын және қарттар үйіндегі қорғалжындықтарға сыйлықтарды тапсырсын.

7

7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкім аппаратының басшысы А.X.Егімбаевқа жүктелсін.

8

8. Осы қаулы әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.