Об утверждении Правил государственной регистрации (перерегистрации) юридических лиц - участников регионального финансового центра города Алматы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Заңды тұлғалар-Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) Ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы" Заңы 6 бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Заңды тұлғалар-Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын тiркеу (қайта тiркеу) Ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының "Өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгiнiң (әрi қарай - Агенттiк) тiркеу Департаментiне:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркелуiне шаралар қолданылсын;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап он күндiк мерзiм iшiнде Агенттiктiң, Алматы қаласының әдiлет және статистика органдарының, Қазақстан Республикасының қаржы рыногын реттеу және қадағалау жөнiндегi агенттiктiң және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң мүдделi бөлiмшелерiнiң назарына жеткiзiлсiн.
Тармақ 4
4. Агенттiктiң даму департаментiне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы қамтамасыз етiлсiн.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелсiн. "КЕЛIСIЛГЕН" Қазақстан Республикасы Әділет министрі 12 қыркүйек 2006 жыл "КЕЛIСIЛГEH" Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Агенттігінің төрағасы "___"__________ 2006 жыл
Басқа 0. Заңды тұлғалар-Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) ЕРЕЖЕСI
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi төрағасының 2006 жылғы 13 қыркүйектегі N 11 бұйрығымен БЕКIТIЛДI Заңды тұлғалар-Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) ЕРЕЖЕСI
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже заңды тұлғалар-Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының (бұдан әрi - қаржы орталығы) құрылатын, қайта құрылатын және таратылатын мемлекеттiк тiркеуi бойынша Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгiнiң (бұдан әрi - тiркеушi органдар) әрекетiн реттейдi.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк тiркеу Алматы қаласының аумағында әрекет жасайтын субъектiлерге заңды тұлға мәртебесiн беру тәсiлi болып табылады. Қаржы орталығының әлеуеттi қатысушысы ретiнде мемлекеттiк тiркеуге негiзгi қызмет түрлерiне брокерлiк және (немесе) делдал қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады.
Тармақ 3
3. Заңды тұлға туралы деректердi заңды тұлғалардың бiрыңғай Мемлекеттiк регистрiне енгiзу және заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк субъектiнiң заңды тұлға құқықтарын иемденгенiнiң ресми айғағы болып табылады.
Тармақ 4
4. Тiркеушi органмен заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу: заңды тұлғаны құру, қайта ұйымдастыру және тоқтату фактiсiн растау; қаржы орталығы қатысушыларының мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу; қаржы орталығының қатысушылары туралы ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты қоспағанда) монополияға қарсы орган белгiлеген тарифтер бойынша өткiзу мақсатында iске асырылады.
Тармақ 5
5. Тiркеушi орган құрылған, қайта құрылған және таратылатын қаржы орталығының заңды тұлғалары-қатысушылары туралы мәлiметтерге ие қаржы орталығы қатысушыларының мемлекеттiк реестрiн және электрондық регистрiн (бұдан әрi - Реестр және қатысушылардың электрондық регистрi) жүргiзедi.
Тармақ 6
6. Реестрдi және электрондық регистрдi жүргiзу тәртiбi тiркеушi органның iшкi құжатымен анықталады.
Тарау 2. 2. Тiркеу алымы
2. Тiркеу алымы
Тармақ 7
7. Құрылған, қайта құрылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркеуден өткенi үшiн жинақ қаржысына төлем төлеуi мен аудару тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдары бойынша реттеледi.
Тарау 3. 3. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi
3. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған құрылтай және басқа құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкестiгiн тексеру, тiркеу нөмiрiн бере отырып оларға белгiлi бiр үлгiдегi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi беру, заңды тұлғаларды бiрыңғай Мемлекеттiк Реестрге енгiзу үшiн әдiлет органына заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi енгiзу жатады. Заңды тұлғаларды тiркеу немесе қайта тiркеу үшiн ұсынылатын құжаттарды тексеру кезiнде тiркеушi орган орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды.
Тармақ 9
9. Қаржы орталығының заңды тұлғасы-әлеуеттi қатысушысын тiркеу үшiн тiркеушi органға: Белгiленген үлгiде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш (1 Қосымша); мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде құрылтайшы және басқа да құжаттар пакетi (2 қосымшада келтiрiлген құжаттар тiзбесi); құжаттарды беруге және алуға құқық беретiн сенiмхат берiледi.
Тармақ 10
10. Осы Ереженiң 2 қосымшасының 2 тармақшасында қарастырылған құжаттар тiркеушi органға ағылшын тiлiнде берiлуi мүмкiн. Мұндай жағдайларда берiлген құжаттарды мемлекеттiк және орыс тiлдерiне аударуды тiркеушi орган қамтамасыз етедi.
Тармақ 11
11. Жоғарыда көрсетiлген құжаттар ұсынылғаннан кейiн:
Тармақша 1
1) тiркеушi орган бiр жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттар пакетінiң толықтығын және олардың дұрыс дайындалғанын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкестiгiн тексередi;
Тармақша 2
2) құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес келген жағдайда тiркеушi орган тiркеушi органның басшысы немесе оның орынбасары қол қоятын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы бұйрық шығарады және заңды тұлға туралы мәлiметтердi Реестрге және электрондық регистрiне енгiзедi;
Тармақша 3
3) тiркеушi орган тiркелген заңды тұлға туралы мәлiметтердi электрондық регистрiнен бiрыңғай Мемлекеттiк регистрдiң байланыс арналары арқылы электрондық хабарлама жүзiнде мемлекеттiк статистика органына жiбередi; Бұл жағдайда тiркеушi органның заңды тұлғалардың бiрыңғай Мемлекеттiк регистрiне қол жетiмдiлiгi жөн;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк статистика органы байланыс арналары арқылы алған электрондық хабарламаға сүйене отырып бiр жұмыс күн iшiнде заңды тұлғаларға бiрiздендiрiлген сәйкестендiру және басқа жүйелi-есептi кодтарын бередi; заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi бiрыңғай мемлекеттiк статистика регистрiне енгiзедi;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк статистика органы заңды тұлғаға бiрiздендiрiлген сәйкестендiру және басқа да жүйелi-есептi кодтарды бергеннен кейiн бiр жұмыс күн iшiнде салық төлеушiнi тiркеуден өткiзу үшiн салық органына хабарлама жiбередi;
Тармақша 6
6) Тiркеушi орган тiзiмдеме бойынша статистика органы және салық органы ұсынған статистикалық карточканы, салық төлеушiнiң куәлiгiн алады (4 қосымша);
Тармақша 7
7) тiркеушi орган құрылтай және басқа құжаттардың бiр-бiр данасы бар iстi ресiмдейдi (сәйкес штамптар мен мөрлердi қояды);
Тармақша 8
8) iстi ресiмдегеннен кейiн тiркеушi орган заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуi туралы белгiленген үлгiдегi куәлiгiн (5 қосымша), салық төлеушiнiң куәлiгiн, статистикалық карточкасын, сондай-ақ құрылтай құжаттарының түпнұсқаларын бередi;
Тармақша 9
9) заңды тұлғалар - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары туралы мәлiметтi заңды тұлғалардың бiрыңғай Мемлекеттiк регистрiне енгiзу мақсатында тiркеушi орган әдiлет органына тиiстi хабарлама жiбередi;
Тармақша 10
10) тiркеушi орган заңды тұлғаның құрылтай құжаттары мен заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуi жүргiзiлген туралы бұйрықтың үшiншi данасын салық органына жiбередi.
Тарау 4. 4. Заңды тұлғаны қайта тiркеу
4. Заңды тұлғаны қайта тiркеу
Тармақ 12
12. Заңды тұлға мынадай жағдайларда қайта тiркеуге жатады:
Тармақша 1
1) жарғылық капитал мөлшерi азайғанда;
Тармақша 2
2) атауы өзгергенде;
Тармақша 3
3) шаруашылық серiктестiктерiндегi қатысушылардың (саны жүз және одан да көп қатысушылары бар шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда) құрамы өзгергенде. Өкiлеттi орган шешiмi қабылданған сәттен бастап бiр айдың iшiнде заңды тұлға тiркеушi органға қажеттi құжаттар пакетiмен қоса ұсына отырып қайта тiркеу туралы арыз беруге мiндеттi. Қатысушылар құрамының өзгеруi, атауының өзгеруi немесе жарғылық капиталының азаюы негiзiнде заңды тұлғаның қайта тiркеуi қайта құрудың келесi жағдайларында болуы мүмкiн. Қосу барысында бiр және бiрнеше заңды тұлғалар таратылып, өткiзу қажетiне сәйкес қосылған заңды тұлғалардың мiндеттерi мен құқықтарын иемденетiн бiр заңды тұлғаның iрiленуi жүзеге асады. Қосылған заңды тұлғалар Тiркелiмнен шығарылуға тиiс, бұл туралы мемлекеттiк қайта тiркеу туралы бұйрықта бiрден көрсетiледi. Eгep қосылу нәтижесiнде заңды тұлға қайта тiркеуге тиiстi болмаса, онда қосылатын заңды тұлғаның тiркелуiн (қайта тiркелуiн) тiркеудi жүзеге асырған тiркеушi орган қосылу туралы шешiмi мен беру актiсiнiң негiзiнде қосылған заңды тұлғаларды Тiркелiмнен шығару туралы бұйрық шығарады. Тiркеушi органға кредиторларды хабардар ету тәсiлi, сондай-ақ заңды тұлғаның қайта құрылуы туралы хабарлама жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылған күнi мен нөмiрi көрсетiлген еркiн түрдегi жазбаша өтiнiшi берiледi. Егер қайта құру нәтижесiнде қосып алушы заңды тұлға қайта тiркеуге жатса, онда қосылатын заңды тұлғаны Тiркелiмнен шығаруды қайта тiркеуге құжаттар пакетi тапсырылған тiркеушi орган жүзеге асыра алады. Осы жағдайда заңды тұлғаны қайта тiркеу және қосылған заңды тұлғаны Тiркелiмнен шығару туралы бұйрықтың көшiрмесi бұрынғы тiркеушi органға жiберiлуi тиiс. Бұл жағдайларда соңғылардың құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнiң түпнұсқалары алынады. Тiркелiмнен шығару заңды тұлғаның қызметiнiң тоқтатылғаны туралы жазба бойынша жүргiзiледi. Бұйрықта қосылған заңды тұлғалардың және оларды қосып алған заңды тұлғаның толық атаулары көрсетiлуге тиiс. Бөлiп шығару барысында бiр заңды тұлғаның құрамынан бiр және бiрнеше заңды тұлғалар бөлiнiп шығады. Бұл жағдайда алғашқы заңды тұлғаның әрекетi тоқтатылмайды, ал бөлiнiп шыққан (жаңадан пайда болған) заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуден өтедi. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 42-бабы 6-тармағында көрсетiлген негiздер бар болған жағдайда алғашқы заңды тұлға қайта тiркеледi. Қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi бөлiнген әрбiр заңды тұлғаға бөлу балансына сәйкес берiледi.
Тармақ 13
13. Заңды тұлғаны қайта тiркеу үшiн тiркеушi органға: заңды тұлғаны қайта тiркеу туралы белгiленген үлгiдегi арызы; құрылтай құжаттарына өзгерiстер (толықтырулар) енгiзу туралы өкiлдi органның заңды тұлғаның мөрiмен бекiтiлген шешiмi немесе шешiмнiң көшiрмесi; өзгерiстер (толықтырулар) енгiзiлетiн құрылтай құжаттар. Мұнда өзгерiстер (толықтырулар) енгiзу екi тәсiлмен: жаңа редакцияда құрылтай құжаттарына жасау немесе өзгерiстердi (толықтыруларды) бұрынғы құрылтай құжаттарға қосымша түрiнде ресiмдеу мүмкiн; бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқалары; мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң түпнұсқалары, статистика карточкасының және салық төлеушiнiң куәлiгiнiң түпнұсқалары; қайта тiркеу үшiн алымның төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi ұсынылады. Көрсетiлген құжаттардың тiзiмi қайта тiркеуден өтудiң барлық жағдайларында ұсынылады.
Тармақ 14
14. Қайта тiркеудiң негiздерiне қарай заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес тiркеушi органға басқа құжаттарды ұсынуы тиiс. Шаруашылық серiктестiгi құрамынан шыққан жағдайда, саны жүз және одан да көп қатысушылары бар шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеруi негiздемесi бойынша қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарына сәйкес шығып кететiн қатысушының, мүлiктегi (жарғылық капиталдағы) үлеске құқығы оның иелiгiнен шығарылғанын (басқа бiреуге берiлгенiн) немесе басқаға ауысқанын растайтын құжат ұсынылады. Заңды тұлға қайта құрылғанда тiркеушi органға осы Ереженiң 18 тармағында аталған құжаттардан басқа қайта құрылған заңды тұлғаның мiндеттерi бойынша құқықтық мұрагерлiк туралы ереже (мәлiмет) көрсетiлген бөлу балансы немесе өткiзу актi ұсынылады.
Тармақ 15
15. Құжаттар ұсынылғаннан кейiн тiркеушi орган: ұсынылған құжаттар пакетiнiң толықтығын және олардың дұрыс жасалғандығын Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкестiгiн тексередi; мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы бұрынғы куәлiктiң күшiн жою туралы және қолданыстағы заңдар бұзылмаған жағдайда белгiленген тәртiпке сәйкес заңды тұлғаны қайта тiркеу туралы бұйрық шығарады; Реестрге және электрондық регистрге заңды тұлға туралы мәлiметтердi енгiзедi; тiркеген күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк статистика органына заңды тұлғаны мемлекеттiк қайта тiркегенi туралы хабарлама жiбередi; заңды тұлғаны қайта тiркеу туралы белгiленген үлгiдегi куәлiк бередi. iстi жаңа құрылтай құжаттармен немесе бұрынғы құрылтайшы құжаттарға қосымша ретiнде енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар, сондай-ақ бұрынғы куәлiктiң түпнұсқасымен, статистикалық карточканың, салық төлеушiнiң куәлiгiнiң түпнұсқаларымен және заңды тұлғаның басқа құжаттарымен толықтырады. Iс қалыптастырылып болғаннан кейiн (тиiстi мөртабандар мен мөрлер қойылғаннан кейiн) құрылтай құжаттардың түпнұсқасы өкiлеттi тұлғаға қайтарылады; заңды тұлғаның мемлекеттiк қайта тiркеуiн жүргiзгендiгi туралы мәлiметтi бiрыңғай Мемлекеттiк регистрiне енгiзу үшiн әдiлет органына хабарлайды.
Тармақ 16
16. Заңнамалық актiлерiнде қарастырылған негiз бойынша заңды тұлғаның қайта тiркелуiнсiз құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер жарамсыз болып табылады.
Тарау 5. 5. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзудiң тәртiбi
5. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзудiң тәртiбi
Тармақ 17
17. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi қайта тiркелуге апарып соқпайтын және алымды төлемей-ақ жүзеге асатын басқа мәлiметтердiң өзгеруi туралы хабарлауға мiндеттi. Заңды тұлға құрылтай құжаттарына мұндай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн жағдайда бұл жайлы бiр ай мерзiм iшiнде тiркеушi органға хабарлауға тиiс.
Тармақ 18
18. Қайта тiркелуге әкелiп соқпайтын өзгерiстер мен толықтыруларды құрылтай құжаттарына енгiзу үшiн тiркеушi органға: өз еркiмен жазылған арыз; құрылтай құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңды тұлғаның өкiлдi органының мөрi басылған шешiмi немесе одан келтiрiлген үзінді; бұрынғы құрылтай құжаттарына қосымша ретiнде немесе құрылтай құжаттары жаңа редакция түрiнде рәсiмделуi мүмкiн болатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерiстерi мен толықтыруларының үш данасы. Eгep заңға сәйкес құрылтай құжаттарды нотариалды куәландыру қажет болса, онда оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар да нотариалды тәртiпте куәландырылуы қажет; бұрынғы құрылтай құжаттарының мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнiң, статистикалық карточкасы мен салық төлеушiнiң куәлiгiнiң түпнұсқалары ұсынылады.
Тармақ 19
19. Тiркеушi орган көрсетiлген құжаттарды алғаннан кейiн: олардың дұрыс жасалғандығын және енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың заңға сәйкестiгiн тексередi; кемшiлiктерi болмаған жағдайда құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу туралы бұйрық шығарады; Тiркелiмге және заңды тұлғалардың электрондық регистрiне заңды тұлғалар туралы жаңа деректердi енгiзедi; тiркеген күннен кейiн бiр жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк статистика органына заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстермен толықтырулардың тiркелгенi туралы хабарлама жiбередi; өзгерiстер мен толықтырулар ресiмделгеннен (тиiстi мөртабандар мен мөр қойылғаннан) кейiн бiр данасы заңды тұлғаның өкiлеттi тұлғасына қайтарылады, ал өзге құжаттар заңды тұлғаның тiркеу iстерiне тiгiледi. Құрылтай құжаттары жаңа редакцияда тапсырылған жағдайда, бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқалары қайтарылуға жатпайды; заңды тұлғалардың бiрыңғай Мемлекеттiк регистрiне өзгерiстер енгізу үшiн заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуiне тiркеу жүргiзгендiгi туралы әдiлет органына хабарлайды.
Тармақ 20
20. Алматы қаласының аумағында заңды тұлғаның мекен-жайы өзгерген жағдайда тiркеушi орган: құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы қайта толтырылған куәлiктi беру және бұрынғы куәлiктi жою туралы бұйрық шығарады; Реестрге және заңды тұлғалардың регистрiне электрондық заңды тұлғаның мекен-жайы туралы мәлiметтердi енгiзедi; жаңа мекен-жайы, жаңа тiркелген нөмiрi және заңды тұлғаның жаңа тiркелген (қайта тiркелген) күнi көрсетiлген заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы белгiлi үлгiдегi куәлiктi және статистикалық карточканы бередi. Тiркеушi органның тиiстi мөртабандары мен мөрлерi қойылғаннан кейiн құрылтай құжаттың түпнұсқасы уәкiлеттi тұлғаға берiледi; бұрынғы статистикалық карточкасының түпнұсқалары мен тапсырылған өзге де құжаттарды заңды тұлғаның тiркеу материалдарына тiгедi.
Тарау 6. 6. Тiркеу туралы куәлiктiң телқұжатын беру
6. Тiркеу туралы куәлiктiң телқұжатын беру
Тармақ 21
21. Заңды тұлғаның өтiнiшi бойынша тiркеушi орган үш жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктердiң телқұжатын бередi. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк дубликатын беру үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым алынады.
Тарау 7. 7. Заңды тұлғаны таратуды тiркеу
7. Заңды тұлғаны таратуды тiркеу
Тармақ 22
22. Заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған заңды тұлғаның мүлкiнiң меншiк иесi немесе уәкiлеттi орган бұл жайында тiркеушi органға бiрден хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 23
23. Тiркеуші орган, заңды тұлғаны тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы шешiмдi алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде қарастырылған тарату немесе қайта ұйымдастыру тәртiбiнiң сақталуын тексередi. Заңды тұлғаның таратылу негiздемесi бойынша қызметiнiң тоқтатылуын тiркеу үшiн:
Тармақша 1
1) белгiленген нысан бойынша таратылуды тiркеу туралы өтiнiш (6 қосымша);
Тармақша 2
2) заңды тұлғаның мүлкiнiң меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттік берген органның не оған заңды тұлғаның мөрi басылған құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берген заңды тұлға органының шешiмi;
Тармақша 3
3) құрылтай құжаттары, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк және статистикалық карточка;
Тармақша 4
4) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлар қойған талаптарды мәлiмдеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi туралы баспасөз басылымдарында ақпараттың жарияланғанын растайтын құжат;
Тармақша 5
5) таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң құрамы, кредиторлар мәлiмдеген талаптардың тiзбесi туралы мәлiметтер қамтылған аралық тарату балансы, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерi;
Тармақша 6
6) тарату балансы;
Тармақша 7
7) заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе заңды тұлғаны тарату туралы, заңды тұлғаның мөрi басылған аралық және тарату баланстарын бекiту туралы шешiмдi қабылдаған өзге органның шешiмi;
Тармақша 8
8) заңды тұлғаның мөрiнiң жойылғандығы туралы құжаты;
Тармақша 9
9) салық берешегiнiң жоқ екендiгi туралы анықтама;
Тармақша 10
10) акция шығарылымдарының (акционерлiк қоғамдар үшiн) күшi жойылғандығы туралы қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның хабарламасы;
Тармақша 11
11) заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелгенi үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе құжат табыс етiледi. Соттың шешiмi бойынша таратылған заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын тiркеу, сот шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылады. Тiркеушi орган осы Ереженiң 23-тармағында көрсетiлген құжаттарды алғаннан кейiн 7 күн iшiнде: заңмен және заңды тұлғаның жарғысымен қарастырылған тарату тәртiбiнiң сақталуын тексередi; Заңды тұлғаның таратылуын тiркеу, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктi жою және оны Реестрдiң шығару туралы бұйрық шығарады. Заңды тұлғаны таратудың белгiленген тәртiбiн бұзушылық анықталған жағдайда тiркеушi орган тiркеуден бас тарту туралы бұйрық шығарады. Реестрге және заңды тұлғалардың электронды регистрiн заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғандығы туралы мәлiметтердi енгiзедi; Заңды тұлғаның қызметiн тоқтатқандығын тiркеу туралы әдiлет органына хабарлайды. Құрылтай құжаттары, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк және статистикалық карточканың түпнұсқалары, сондай-ақ таратуды тiркеуге ұсынылған өзге де құжаттар тiркеушi органда сақталады.
Тармақ 24
24. Сот банкрот деп таныған заңды тұлғаны таратуды тiркеу банкрот деп тану туралы сот шешiмi және байқау өндiрiсiнiң аяқталғаны туралы сот анықтамасы негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда тiркеушi органға таратуды тiркеу туралы арызды тапсыру қажет емес.
Тарау 8. 8. Мемлекеттiк тiркеу мерзiмi. Тiркеуден бас тарту
8. Мемлекеттiк тiркеу мерзiмi. Тiркеуден бас тарту
Тармақ 25
25. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) қажеттi құжаттармен қоса берiлген өтiнiш үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.
Тармақ 26
26. Құжаттардың толық емес пакетi ұсынылған, оларды қарастыру барысында анықталған жетiспеушiлiктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының {маманның) қорытындысы немесе аударым және нотариалды растау қажет болған жағдайларда, сондай-ақ заңнамалық актiлерi қарастыратын басқа да негiздемелер бойынша мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) мерзiмi үзіледі.
Тармақ 27
27. Егер заңды тұлға заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап алты ай iшiнде делдал және (немесе) дилерлiк қызметтердi жүзеге асыруға қаржы рыногы және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органнан лицензия алмаған жағдайда тiркеушi орган мамандандырылған қаржы сотына заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы арыз беруге құқылы.
Тармақ 28
28. Заңды тұлғаны құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiбiн бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес келмеуi, сондай-ақ табыстау актiсiн немесе бөлу балансын, ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мұрагерлiгi туралы ережелердiң болмауы, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартуға әкеп соғады.
Тармақ 29
29. Тiркеуден бас тартқан немесе тiркеу мерзiмiн үзген жағдайларда тiркеушi орган нақты заңның (оның нақты бабының) бұзылғанына сiлтемесi бар бұйрық шығарады. Бас тартылған жағдайда өтiнiш, заңдарға қайшылығы бар құжаттар және мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) үшiн төленген алым қайтарылуға жатпайды.
Тармақ 30
30. Тiркеу (қайта тiркеу) мерзiмiнiң үзiлiсi жарияланған жағдайда тiркеу (қайта тiркеу) мерзiмiнiң үзiлiсiне себеп болған, қолданып жүрген заңға қайшылығы бар құжаттар қайтарылмайды. Үзiлiстен кейiн мерзiмнiң өтуi қайтадан басталады: үзiлiске дейiн өткен уақыт жаңа мерзiмге есептелмейдi.
Тармақ 31
31. Құрылтай құжаттарына мемлекеттiк қайта тiркеуге әкелiп соқпайтын өзгерiстер мен толықтырулардың енгiзiлуiн тiркеу заңды тұлғаны тiркеу үшiн осы Ережеде қарастырылған мерзiмдерде жүзеге асырылады. Құжаттардың толық емес пакетi ұсынылып немесе оларда заңға қайшылықтар болған жағдайда тiркеушi орган құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеуден бас тартады.
Басқа 1. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш
Заңды тұлғалар-Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) Ережесiне 1 қосымша _________________________ Тiркеушi органның атауы Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш
Тармақ 1
1. Ұйым нысаны (тиiстi х ұясында көрсетiңiз) заңды тұлға __________
Тармақ 2
2. Заңды тұлғаның атауы ___________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
Тармақ 3
3. Заңды тұлғаның құрамында қатысу Шетел инвесторлары (тиiстi х ұясында көрсетiңiз)
Тармақша 1
1) иә __________________     2) жоқ __________________
Тармақ 4
4. Заңды тұлға еншiлес ұйым болып табылады (тиiстi x ұясында
Тармақша көрсетiңiз
көрсетiңiз)
Тармақша 1
1) иә __________________     2) жоқ __________________
Тармақ 5
5. Типтiк жарғы негiзiнде заңды тұлғаның қызметiн жүзеге асыру (тиiстi х ұясында көрсетiңiз)
Тармақша 1
1) иә __________________     2) жоқ __________________
Тармақ 6
6. Заңды тұлғаның мекен-жайы Почта индексi: ____________________________________________________ Қаладағы ауданы: __________________________________________________ Көше, ықшамаудан, махалла, тұйық көше, даңғыл: ___________________________________________________________ үйдің нөмірі: _____________________________________________________ пәтер, бөлме: _____________________________________________________ телефон нөмiрi: ___________________________________________________ факс нөмiрi: ______________________________________________________
Тармақ 7
7. Заңды тұлғаның басшысы туралы мәлiмет (тиiстi х ұясында
Тармақша көрсетiңiз
көрсетiңiз) Қазақстан Республикасының азаматы _____________________
Тармақша 2
2) шетел азаматы __________________________________________________
Тармақша 3
3) азаматтығы жоқ тұлға ___________________________________________ Аты-жөнi __________________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжат: ___________________________________ Нөмiрi, жеке басын куәландыратын құжаттың берiлген күнi, кiммен берiлдi ___________________________________________________________ Тұрақты мекендейтiн елi ___________________________________________ СТН, (жоқ болған жағдайда азаматтығы тiркелген елдегi салық тiркеу
Тармақша нөмiрi
нөмiрi) ___________________________________________________________ Телефон нөмiрi: ___________________________________________________ Факс нөмiрi: ______________________________________________________ E-mail: ___________________________________________________________
Тармақ 8
8. меншiк нысаны {тиiстi x ұясында көрсетiңiз) ____________________
Тармақша 1
1) мемлекеттiк __________     2) жекеменшiк __________
Тармақ 9
9. негiзгi қызмет түрi: ___________________________________________
Тармақ 10
10. Жарғы капиталының көлемi ______________________________________
Тармақ 11
11. Жарғы капиталының түрi (бейрезидент үшiн) _____________________
Тармақ 12
12. Заңды тұлғаның құрылтайшылар құрамы (тиiстi x ұясында
Тармақша көрсетiңiз
көрсетiңiз) _______________________________________________________
Тармақша 2
2) жеке тұлға _____________________________________________________ Заңды тұлға (резидент) Атауы _____________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Тiркеу және қайта тiркеу датасы ___________________________________ ОҚЖК коды _________________________________________________________ СТН _______________________________________________________________ Жарғы капиталындағы үлесi % _______________________________________ Салым сомасы (мың теңге, шетел валютасы) __________________________ Заңды тұлға (бейрезидент) _________________________________________ Тiркелу елi _______________________________________________________ атауы _____________________________________________________________ сауда тiзiлiмiнен алынған көшiрмеге немесе субъектiнiң заңды тұлға екендiгiн растайтын басқа заңдастырылған құжатқа сәйкес тiркеу нөмiрi ____________________________________________________________ Тiркелу датасы ____________________________________________________ ОҚЖК коды немесе қызмет түрi ______________________________________ СТН немесе салық тiркеу нөмiрi ____________________________________ Жарғы капиталындағы үлесi % _______________________________________ Салым сомасы _______________________________________________________ Жеке тұлға (Қазақстан Республикасының азаматы) Аты-жөнi __________________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжат: ___________________________________ Нөмiрi, жеке басын куәландыратын құжаттың берiлген күнi, кiммен берiлдi ___________________________________________________________ Тұрақты мекендейтiн елi ___________________________________________ СТН _______________________________________________________________ Жарғы капиталындағы үлесi % _______________________________________ Салым сомасы ______________________________________________________ Жеке тұлға (шетел азаматы) Аты-жөнi __________________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжат: ___________________________________ Нөмiрi, жеке басын куәландыратын құжаттың берiлген күнi, кiммен берiлдi ___________________________________________________________ Тұрақты мекендейтiн елi ___________________________________________ Салық тiркеу нөмiрi _______________________________________________ Жарғы капиталындағы үлесi % _______________________________________ Салым сомасы ______________________________________________________
Тармақ 13
13. күтiлетiн (шамамен) жұмыс iстейтiн Адам саны __________________
Тармақ 14
14. Заңды тұлғаны құру қайта құру жолы (тиiстi х ұясында көрсетiңiз)
Тармақша 1
1) қайта құру __________   2) қосылу __________
Тармақша 3
3) бөлу ________________   4) бөлiну __________
Тармақ 15
15. қайта ұйымдастыруға қатысатын заңды тұлғалардың саны __________
Тармақ 16
16. Қайта құрылған жағдайда келесi мәлiметтердi көрсету қажет: Заңды тұлғаның бұрынғы атауы ______________________________________ ОҚЖК коды _________________________________________________________ СТН _______________________________________________________________
Тармақ 17
17. Қосылған жағдайда келесi мәлiметтердi көрсету қажет: Қосылуға қатысатын заңды тұлғалардың атауы ________________________ ОҚЖК коды _________________________________________________________ СТН _______________________________________________________________
Тармақ 18
18. Бөлу кезiнде келесi мәлiметтердi көрсету: Жаңа заңды тұлға бөлiнген жұмыс iстейтiн заңды тұлғаның атауы _____ ОҚЖК коды _________________________________________________________ PHH _______________________________________________________________
Тармақ 19
19. Бөлiну кезiнде келесi мәлiметтердi көрсету: Базасында заңды тұлға құрылған заңды тұлғаның атауы _______________ ОҚЖК коды _________________________________________________________ СТН _______________________________________________________________ Өтiнiш берушiнiң аты-жөнi және қолы "___"____________________ 200__ жыл.
Басқа 2. Тiркеуге ұсынатын құжаттардың тiзiмi
Заңды тұлғалар-Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) Ережесiне 2 қосымша Тiркеуге ұсынатын құжаттардың тiзiмi
Тармақ 1
1. Қаржы орталығының заңды тұлға-қатысушысын мемлекеттiк тiркеу үшiн келесi құжаттар ұсынылады: тiркеу туралы өтiнiш; жарғының үш данасы; үш дана құрылтай жиналысының хаттамасы; сенiмхат (екi дана) Қаржы орталығының заңды тұлға-қатысушысының тұрған жерiн растайтын құжат; Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет алдында құрылтайшылардың берешегi жоқ екендiгi туралы анықтама; тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi. Ескерту: Мына жағдайда, егер серiктестiк құрылтайшылары өз қызметiн серiктестiктiң Үлгi жарғысы негiзiнде жүзеге асыру жөнiнде шешiм қабылдаған болса, серiктестiктi мемлекеттiк тiркеу кезiнде жарғыны ұсыну талап етiлмейдi. Осы жағдайда арызға барлық құрылтайшылар қол қояды, қолдардың растығы нотариалды куәландырылады.
Тармақ 2
2. Шетел қатысатын заңды тұлғаларды тiркеу кезiнде 1 тармақта көрсетiлген құжаттардан басқа, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, қосымша: Құрылтайшы - шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тiзiлiмiнен заңды көшiрмесi немесе басқа да заңы құжат мемлекеттiк және орыс тiлдерiне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса. Құрылтайшының-шетелдiк жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшiрмесi немесе басқа да құжат мемлекеттiк және орыс тiлдерiне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса табыс етiлуге тиiс.
Басқа 3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, заңды тұлғаның орналасу орнының өзгеруі, заңды тұлғаның атауы туралы ХАБАРЛАМА
Заңды тұлғалар-Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) Ережесiне 3 қосымша Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, заңды тұлғаның орналасу орнының өзгеруі, заңды тұлғаның атауы туралы ХАБАРЛАМА 1. Сәй­кес ұя­шық­та "X" көр­се­ті­ңіз 1.1. Тір­кеу 1.2. Қай­та тір­кеу 1.2.1. Жар­ғы­лық ка­пи­тал кө­ле­мі­нің кі­ші­ре­юі 1.2.2. Ата­удың өзге­руі 1.3. Қай­та тір­ке­у­ге қа­ты­сы жоқ құ­ры­л­тай құ­жат­тар­ға өзге­рі­стер ен­гі­зу 1.3.1. Ор­на­ла­су ор­ны­ның өзге­руі 1.3.2. Жар­ғы­лық ка­пи­тал­дың кө­бе­юі және жар­ғы­ға ен­гі­зі­ле­тін бас­қа ре­дак­ци­я­лық өзге­рі­стер 2. Ұй­ым ны­са­ны (сәй­кес ұя­шық­та "X" көр­се­ті­ңіз) 2.1. Заң­ды тұл­ға 3. Заң­ды тұл­ға­ның то­лық ата­уы (болған жағ­дай­да ағы­л­шын ті­лін­де тол­ты­ры­ла­ды) 3.1. Мем­ле­кет­тік тіл 3.2. Орыс ті­лі 3.3. Ағы­л­шын ті­лі 4. Заң­ды тұл­ға ата­уы­ның қы­сқар­ты­луы (аб­бре­ви­а­ту­ра) 4.1. Мем­ле­кет­тік тіл 4.2. Орыс ті­лі 4.3. Ағы­л­шын ті­лі 5. СТН 6 6. ОҚЖК ко­ды 7. Мем­ле­кет­тік (есеп­тік) тір­кеу ту­ра­лы тір­ке­у­ші ор­ган­ның мә­лі­ме­ті: 7.1. Әді­лет ор­га­нын­да заң­ды тұл­ға­ның тір­кеу нө­мі­рі 7.2. Заң­ды тұл­ға­ның тір­ке­лу (қай­та тір­ке­лу) да­та­сы 8. Заң­ды тұл­ға сәй­кес ұя­шық­та "X" көр­се­ті­ңіз: 8.1. Ре­зи­дент 8.2. Бей­ре­зи­дент 8.3. Заң­ды тұл­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­ден­ті бо­лып са­нал­ған жағ­дай­да оның ше­тел­дік қа­ты­суы ба­рын көр­се­ту қа­жет: 8.3.1. Иә 8.3.2. Жоқ 9. "бей­ре­зи­дент" жо­лын бел­гі­ле­ген жағ­дай­да ке­ле­сі жол­дар тол­ты­ры­ла­ды: 9.1. ҚР-нда қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­руы­ның ба­ста­лу да­та­сы (да­та­сы, айы, жы­лы) 9.2. Ре­зи­дент­тік елін­де бей­ре­зи­дент­тің тір­ке­луі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер: (са­уда ті­зі­лі­мі­нің үзін­ді­сі, ин­кор­по­ра­ция ку­ә­лі­гі­нің неме­се ре­зи­дент елін­де бей­ре­зи­дент­тің заң­ды тір­ке­лу­ін рас­тай­тын бас­қа құ­жат­тың негі­зін­де тол­ты­ры­ла­ды) 9.2.1 Са­уда ті­зі­лі­мі­нің үзін­ді­сіне неме­се субъ­ект өз елі­нің заң­на­ма­сы бой­ын­ша заң­ды тұл­ға бо­лып та­бы­ла­ты­нын рас­тай­тын бас­қа да ре­сми­лен­ді­рі­л­ген құ­жат­қа сәй­кес тір­кеу нө­мі­рі 9.2.2. Тір­кеу да­та­сы 9.2.3. Ұй­ым­да­сты­ру­шы-құқық­ты ны­сан 9.2.4. Ре­зи­дент­тік елін­де­гі заң­ды тұл­ға­ның то­лық ата­уы 9.​2.​4.​1 Мем­ле­кет­тік тіл 9.​2.​4.​2 Орыс ті­лі 9.​2.​4.​3 Ағы­л­шын ті­лі 9.2.5. Ин­кор­по­ра­ция елін­де­гі заң­ды тұл­ға­ның (бас ұй­ым­ның) ме­кен-жайы (ор­на­ла­су ор­ны) 9.​2.​5.​1 Ел­дің ко­ды көр­се­ті­л­ген ре­зи­дент­тікті тір­кеу елі 9.​2.​5.​2 Аудан, қа­ла\рай­он, кө­ше, кор­пус, пәтер нө­мір­ле­рі 9.2.6. Ре­зи­дент­тік елін­де тір­ке­у­ші ор­ган ту­ра­лы мә­лі­мет­тер: 9.​2.​6.​1 Тір­ке­у­ші ор­ган­ның ата­уы 9.​2.​6.​2 Тір­ке­у­ші ор­ган­ның заң­ды ме­кен-жайы 9.​2.​6.​2.1 Ел­дің ко­ды көр­се­ті­л­ген ре­зи­дент­тікті тір­кеу елі 9.​2.​6.​2.2 Аудан, қа­ла\рай­он, кө­ше, кор­пус, пәтер нө­мір­ле­рі 9.2.7. Ре­зи­дент­тік елін­де заң­ды тұл­ға­ның жар­ғы­лық ка­пи­та­лы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер: 9.​2.​7.​1. Жар­ғы­лық ка­пи­тал­дың тү­рі 9.​2.​7.​2. Жар­ғы­лық ка­пи­тал­дың кө­ле­мі 9.2.8. Қыз­мет тү­рі (заң­ды тұл­ға­ны құ­ру мақ­са­ты) - тол­ты­ру үшін бір­не­ше жол­ды қа­рас­ты­ру қа­жет 9.2.9. Заң­ды тұл­ға-бей­ре­зи­дент­тің бас­шы­сы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер: 9.​2.​9.​1 Мем­ле­кет­тік тіл 9.​2.​9.​1.1. Фа­ми­ли­я­сы 9.​2.​9.​1.2. Аты 9.​2.​9.​1.3. Те­гі 9.​2.​9.​2 Орыс ті­лі 9.​2.​9.​2.1. Фа­ми­ли­я­сы 9.​2.​9.​2.2. Аты 9.​2.​9.​2.3. Те­гі 9.​2.​9.​3 Ағы­л­шын ті­лі 9.​2.​9.​3.1. Фа­ми­ли­я­сы 9.​2.​9.​3.2. Аты 9.​2.​9.​3.3. Те­гі 9.2.10 Те­ле­фон 9.2.11 Факс 9.2.12 е-mа­іl 9.2.13. Ин­кор­по­ра­ция елін­де заң­ды тұл­ға­ның са­лық­тық тір­кеу нө­мі­рі (СТН ұқсас) ре­зи­дент­тік елі­нің са­лық ор­га­ны­нан бе­рі­л­ген анық­та­ма (бар болған жағ­дай­да) негі­зін­де тол­ты­ры­ла­ды. 9.2.14. Ин­кор­по­ра­ция елін­де бей­ре­зи­дент­тің тір­кеу тәр­ті­бі­нің ерекше­лік­те­рі: 9.​2.​14.​1. ҚЭА (қа­жет болған жад­ғай­да жол­да "X" бел­гі­леу) 9.​2.​14.​2 Оф­шор­лы құқық­тық өкі­лет­тікте болған жағ­дай­да жол­да (қа­жет болған жад­ғай­да жол­да "X" бел­гі­леу) 9.​2.​14.​3 Бас­қа (тір­кеу тәр­ті­бі­нің ата­уын жа­зу) 10. Ұй­ым­да­сты­ру-құқық­ты ны­сан (сәй­кес ұя­шық­та "X" бел­гі­леу) 10.1. Ак­ци­о­нер­лік қо­ғам 10.2. Жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стік 10.3. Бас­қа да ны­сан­дар 11. Заң­ды тұл­ға­ның, фи­ли­ал­дың неме­се өкіл­дік­тің ата­уы, ор­на­лас­қан ор­ны өзге­ру­і­нің есеп­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) жү­зін­де ға­на тол­ты­ры­ла­ды (егер фи­ли­ал неме­се өкіл­дік бей­ре­зи­дент бо­лып са­нал­са ти­іс­ті жол тол­ты­рыл­май­ды) 11.1. Фи­ли­ал­ды (өкіл­дік­ті) құ­ра­с­ты­ра­тын заң­ды тұл­ға­ның то­лық ата­уы 11.1.1. Мем­ле­кет­тік тіл 11.1.2. Орыс ті­лі 11.1.3. Ағы­л­шын ті­лі 11.2. Фи­ли­ал­ды (өкіл­дік­ті) құ­ра­с­ты­ра­тын заң­ды тұл­ға­ның заң­ды ме­кен-жайы 11.3. Фи­ли­ал­ды (өкіл­дік­ті) құ­ра­с­ты­ра­тын заң­ды тұл­ға­ның СТН 11.4. Фи­ли­ал­ды (өкіл­дік­ті) құ­ра­с­ты­ра­тын заң­ды тұл­ға­ның ОҚЖК 12. Тір­ке­ле­тін заң­ды тұл­ға­ның (фи­ли­ал­дың, өкіл­дік­тің) ор­на­ла­су ор­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер 12.1. Поч­та ин­дек­сі 12.2. Ауда­ны 12.3. Қа­ла\рай­он 12.4. Қа­ла ішін­де­гі рай­он 12.5. Ел­ді ме­кен (се­ло, по­сел­ке) 12.6. Кө­ше, ық­шам аудан, ма­хал­ла, тұй­ық кө­ше, даң­ғыл 12.7. Үй­дің N 12.8. Пәтер (офис) N 12.9. Те­ле­фон нө­мі­рі 12.10. Факс нө­мі­рі 12.11. Элек­трон­дық поч­та­ның ме­кен-жайы 13. Заң­ды тұл­ға­ның, фи­ли­ал­дың (өкіл­дік­тің) бас­шы­сы: 13.1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­қа сәй­кес аты-жө­ні 13.1.1 Фа­ми­ли­я­сы 13.1.2 Аты 13.1.3 Те­гі 13.2. Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­қа сәй­кес аты-жө­ні (болған жағ­дай­да бей­ре­зи­дент үшін ағы­л­шын ті­лін­де тол­ты­ру) 13.2.1 Фа­ми­ли­я­сы 13.2.2 Аты 13.2.3 Те­гі 13.3. Те­ле­фон 13.4 Факс 13.5. е-mа­іl 13.6. СТН 13.7. ҚР аза­мат­тығ­ы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат 13.7.1 Се­ри­я­сы 13.7.2 Бе­рі­л­ген да­та­сы 13.7.3 Кім­мен бе­рі­л­ген 13.8. Бас­шы ше­тел аза­ма­ты неме­се аза­мат­тығы жоқ тұл­ға бо­лып та­бы­л­ған жағ­дай­да: 13.9. Тұ­рақ­ты тұр­ғы­лық­ты ел­дің ата­уы (бас­шы ше­тел аза­ма­ты неме­се аза­мат­тығы жоқ тұл­ға бо­лып та­бы­л­ған жағ­дай­да тол­ты­ры­ла­ды) 13.9.1. СТН бол­ма­ған жағ­дай­да тір­ке­лу­ші (аза­мат­тық) ел­дің са­лық­тық тір­кеу нө­мі­рі (СТН) көр­се­ті­ле­ді (ше­тел аза­ма­ты­мен неме­се аза­мат­тығы жоқ тұ­лға­лар­мен       ға­на тол­ты­ры­ла­ды) 13.​9.​1.​1. СТН 13.​9.​1.​2 Бей­ре­зи­дент­тің са­лық­тық тір­кеу нө­мі­рі 13.9.2. Ше­тел аза­мат­тың неме­се аза­мат­тығы жоқ тұл­ға­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат: 13.​9.​2.​1 Құ­жат ата­уы 13.​9.​2.​2 Се­ри­я­сы, нө­мі­рі 13.​9.​2.​3 Бе­рі­л­ген да­та­сы 14. Қар­жы­лық қыз­ме­ті­нің тү­рі (ЭҚСТ мем­ле­кет­тік клас­си­фи­ка­то­ры­на сәй­кес): 14.1. Негіз­гі: 14.1.1. Ата­уы 14.1.2. Ко­ды 14.1.3. % 14.2. Бас­қа­лар (кай­та­ла­ма­лар): 14.2.1. Ата­уы 14.2.2. Ко­ды 14.2.3. % Бі­ре­уден көп бас­қа да қыз­мет түр­ле­рі­нің бо­луы жағ­дай­ын­да ұқса­стығ­ы­на қа­рай ке­ле­сі жол­дар­ды тол­ты­ру қа­жет: 15. Же­ке мен­шік ны­са­ны: 15.1. Мем­ле­кет­тік 15.2. Же­ке 16. Орын ал­ған___ адам­ның кү­ті­ле­тін (ша­ма­мен) са­ны 17. Құ­ры­л­тай­шы­лар­дың (қа­ты­су­шы­лар­дың) са­лым­да­ры бой­ын­ша, олар­дың үле­сте­рін (мың тең­ге) көр­се­те оты­рып жар­ғы­лық ка­пи­тал­ды та­ра­ту: 17.1. Мем­ле­кет­тік (мың тең­ге, %) 17.2. Же­ке мен­шік (мың тең­ге, %) 18. Құ­ры­л­тай­шы­лар (қа­ты­су­шы­лар) құ­ра­мы: 19. Заң­ды тұл­ға-құ­ры­л­тай­шы­лар: 19.1. Құ­ры­л­тай­шы ата­уы 19.1.1. Мем­ле­кет­тік 19.1.2. Орыс ті­лі 19.2. Құ­ры­л­тай­шы­ның елі (құ­ры­л­тай­шы бей­ре­зи­дент бо­лып та­бы­л­ған жағ­дай­да) 19.3. Ре­зи­дент құ­ры­л­тай­шы­сы­ның ОҚЖК, не бол­ма­са бей­ре­зи­дент үшін қыз­мет­тің тү­рі 19.4. Ин­кор­по­ра­ция елін­де құ­ры­л­тай­шы­ның СТН (са­лық­тық тір­кеу нө­мі­рі (СТН ұқсас) (бей­ре­зи­дент­пен тол­ты­ры­ла­ды) 19.4.1. СТН 19.4.2. Бей­ре­зи­дент­тің са­лық­тық тір­кеу нө­мі­рі 19.4.3. Жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы % үле­сі 19.4.4. Са­лым со­ма­сы (мың тең­ге) Құ­ры­л­тай­шы­лар са­ны бі­ре­уден көп болған жағ­дай­да Ха­бар­ла­ма­ға ұқса­стығы бой­ын­ша жол­дар­ды то­лық­ты­ру қа­жет 19.2. Же­ке тұл­ға-құ­ры­л­тай­шы­лар 19.2.1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­қа сәй­кес аты-жө­ні (бар болған жағ­дай­да бей­ре­зи­дент­тер үшін ағы­л­шын ті­лін­де тол­ты­ру) 19.​2.​1.​1 Фа­ми­ли­я­сы 19.​2.​1.​2 Аты 19.​2.​1.​3 Те­гі 19.2.3. Ин­кор­по­ра­ция елін­де құ­ры­л­тай­шы­ның СТН (са­лық­тық тір­кеу нө­мі­рі (СТН ұқсас) (бей­ре­зи­дент­тер­мен тол­ты­ры­ла­ды) 19.​2.​3.​1. СТН 19.​2.​3.​2. Бей­ре­зи­дент­тің са­лық­тық тір­кеу нө­мі­рі 19.2.4. Жар­ғы ка­пи­та­лын­да­ғы % үле­сі 19.2.5. Са­лым со­ма­сы (мың тең­ге) Құ­ры­л­тай­шы­лар са­ны бі­ре­уден көп болған жағ­дай­да Ха­бар­ла­ма­ға ұқса­стығы бой­ын­ша жол­дар­ды то­лық­ты­ру қа­жет 20. Қай­та ұй­ым­да­сты­ру заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­луы­на негіз бо­ла­ды (сәй­кес ұя­шық­та "X" бел­гі­ле­ңіз): 20.1. Ке­ліп қо­сы­луы 20.2. Бірі­гіп қо­сы­луы 20.3. Бө­лі­нуі 20.4. Бө­лі­ніп шы­ғуы 20.5. Қай­та құ­руы 20.6. Жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген жол­дар­да "X" бел­гі­ле­ген жағ­дай­да ке­ле­сі сәй­кес жол­дар­дың бі­ре­уін тол­ты­ру қа­жет: 20.6.1. Заң­ды тұ­лға­лар­дың ке­ліп қо­сы­лу нәти­же­сі­нен құ­ры­л­ған (ата­уын, СТН және ОҚЖК, ке­ліп қо­сы­лу­ға қа­тыс­қан тұ­лға­лар­ды көр­се­ту) 20.​6.​1.​1. СТН 20.​6.​1.​2. ОҚЖК Ке­ліп қо­сы­л­ған заң­ды тұ­лға­лар­дың са­ны бі­ре­уден көп болған жағ­дай­да Ха­бар­ла­ма­ға ұқса­стығы бой­ын­ша жол­дар­ды то­лық­ты­ру қа­жет 20.6.2. Заң­ды тұ­лға­лар­дың қо­сы­лу нәти­же­сі­нен құ­ры­л­ған (ата­уын, СТН және ОҚЖК, қо­сы­лу­ға қа­тыс­қан тұ­лға­лар­ды көр­се­ту) 20.​6.​2.​1. Қо­сы­л­ған заң­ды тұл­ға­ның то­лық ата­уы 20.​6.​2.​2. СТН 20.​6.​2.​3. ОҚЖК Қо­сы­л­ған заң­ды тұ­лға­лар­дың са­ны бі­ре­уден көп болған жағ­дай­да Ха­бар­ла­ма­ға ұқса­стығы бой­ын­ша жол­дар­ды то­лық­ты­ру қа­жет 20.6.3. Заң­ды тұ­лға­лар­дың бө­лі­ну нәти­же­сі бо­лып та­бы­лу (қай­та құ­ры­л­ған заң­ды тұ­лға­лар­дың ата­уын, СТН және ОҚЖК, көр­се­ту) 20.​6.​3.​1. Жой­ы­ла­тын заң­ды тұл­ға­ның то­лық ата­уы 20.​6.​3.​2. СТН 20.​6.​3.​3. ОҚЖК 20.6.4. Әре­кет ету­ші заң­ды тұ­лға­лар­дың құ­ра­мы­нан бө­лі­ну нәти­же­сі бо­лып та­бы­лу (заң­ды тұл­ға бө­лі­ніп шық­қан, әре­кет ету­ші заң­ды тұ­лға­лар­дың ата­уын, СТН және ОҚЖК, көр­се­ту) 20.​6.​4.​1. Әре­кет ету­ші заң­ды тұл­ға­ның то­лық ата­уы 20.​6.​4.​2. СТН 20.​6.​4.​3. ОҚЖК 20.6.5. Заң­ды тұл­ға­ны қай­та құ­ру нәти­же­сін­де құ­рыл­ды (заң­ды тұл­ға­ның бұ­рын­ғы ата­уын, СТН, ОҚЖК, көр­се­ту) 20.​6.​5.​1. Қай­та құ­ру­ға дей­ін­гі заң­ды тұл­ға­ның бұ­рын­ғы ата­уы 20.​6.​5.​2. СТН 20.​6.​5.​3. ОҚЖК 21. Же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі: 21.1. Ірі 21.2. Ор­та­ша 21.3. Ша­ғын 21.4. Мик­ро­биз­нес 22. Ком­мер­ци­я­лық, ком­мер­ци­я­лық емес 22.1. Ком­мер­ци­я­лық 22.2. Ком­мер­ци­я­лық емес 23. Ен­ші­лес ұй­ым: 23.1. Иә 23.2. Жоқ 24. Заң­ды тұл­ға­ның, фи­ли­ал­дың (өкіл­дік­тің) ор­на­лас­қан ор­ны өзгер­ген жағ­дай­да бұ­рын­ғы ме­кен-жай­ын көр­се­ту: 24.1. Поч­та ин­дек­сі 24.2. Аудан 24.3. Қа­ла\рай­он 24.4. Қа­ла ішін­де­гі рай­он 24.5. Ел­ді ме­кен (се­ло, по­сел­ке) 24.6. Кө­ше, ық­шам аудан, ма­хал­ла, тұй­ық кө­ше, даң­ғыл 24.7. Үй­дің N 24.8. Пәтер (офис) N 24.9. Те­ле­фон нө­мі­рі 24.10. Факс нө­мі­рі 24.11. Элек­трон­дық поч­та­ның ме­кен-жайы 24.12. Бас­шы (аты-жө­ні) 24.13. Бас­шы­ның СТН
Басқа 4
Заңды тұлғалар-Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) Ережесiне 4 қосымша Бе­рі­л­ген құ­жат­тар­дың N__ ті­зім­де­ме­сі Құ­жат­ты бер­ген ор­ган­ның ата­уы ________________________________________________________________ Ке­ле­сі құ­жат­тар ____________________________________ -ға бе­ріл­ді (тір­ке­у­ші ор­ган­ның ата­уы) 1. 2. 3. Жет­кі­зу да­та­сы ______________ Уа­қы­ты­___________________________ Та­быс ету ту­ра­лы қо­лы __________________________________________ (құ­жат­ты бер­ген ор­ган қыз­мет­ке­рі­нің аты-жө­ні) (қо­лы) Алу ту­ра­лы қо­лы ________________________________________________ (Құ­жат­тар­ды қа­был­дап алушы ор­ган­ның қыз­мет­ке­рі­нің аты-жө­ні) (қо­лы)
Басқа 5. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi
Заңды тұлғалар-Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) Ережесiне 5 қосымша Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгi ______________________                              Тiркеу нөмiрi ______________________                 "____" ____________ 200__ж.          қала Атауы: ____________________________________________________________ Орналасқан жерi: __________________________________________________ Куәлiк Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының Қазақстан Республикасы заңдарының шеңберiнде құрылтайшы құжаттарға сәйкес қызметтi жүзеге асыруға құқық бередi. __________                  ______________           ______________ Басшысы                          қолы                    аты-жөнi M.O.
Басқа 6. Заңды тұлғаның таратылуын (есептен алу туралы) тiркеу туралы өтiнiш
Заңды тұлғалар-Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) Ережесiне 6 қосымша _________________________ Тiркеушi органның атауы Заңды тұлғаның таратылуын (есептен алу туралы) тiркеу туралы өтiнiш
Тармақ 1
1. Ұйымның нысаны (тиiстi х ұясында көрсетiңiз)
Тармақша 1
1) заңды тұлғалар-Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының Қатысушысы (әрi қарай - қаржы орталығының қатысушысы) _____________
Тармақ 2
2. Есептен алуға жататын қаржы орталығының қатысушысы-таратылатын заңды тұлғаның атауы ______________________________________________
Тармақ 3
3. Қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаның тiркеу нөмiрi ____
Тармақ 4
4. Тарату негiзi __________________________________________________
Тармақ 5
5. Қаржы орталығының қатысушысы-заңды тұлғаны тарату (тиiстi x ұясында көрсетiңiз)
Тармақша 1
1) өз еркiмен ________    2) мәжбүрлеу __________
Тармақ 6
6. Тарату (есептен алу) туралы шешiм қабылданды (тиiстi х ұясында
Тармақша көрсетiңiз
көрсетiңiз) _______________________________________________________
Тармақша 1
1) мүлiктiң иесi __________________________________________________
Тармақша 2
2) меншiк иесiмен уәкiл етiлген орган _____________________________
Тармақша 3
3) сотпен _________________________________________________________
Тармақша 4
4) құрылтайшы құжаттармен уәкiл етiлген, қаржы орталығының қатысушысы-заңды тұлғаның органы __________________________________
Тармақ 7
7. шешiм нөмiрi және оның қабылданған күнi ________________________
Тармақ 8
8. Қаржы орталығының қатысушысы-заңды тұлғаны тарату туралы хабарлама жарияланған баспа органының атауы _______________________
Тармақ 9
9. жарияланған нөмiрi және датасы _________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
Тармақ 10
10. аралық тарату балансы бекiтiлдi (нөмiрi және датасын көрсету) ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
Тармақ 11
11. тарату балансы бекiтiлдi (нөмiрi және датасын көрсету) ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Өтiнiш берушiнiң аты-жөнi және қолы "___"______________ 200__ жыл Өтiнiшке қосымша берiледi: