О некоторых вопросах административно-территориального устройства Казыгуртского, Отрарского, Сайрамского и Толебийского районов Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазығұрт, Отырар, Сайрам және Төлеби аудандары әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының кейбiр мәселелерi туралы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Қазығұрт, Отырар, Сайрам және Төлеби аудандары мәслихаттары мен әкiмияттарының пiкiрлерiн ескере отырып, Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) Қазығұрт ауданы бойынша: Көкiбел ауылдық округiнен бөлiнiп шығатын Айнатас, Жiгiрген, Қызылбұлақ, Өгем, Тесiктөбе ауылдарының шекараларында Жiгiрген атау берiле отырып, жаңа ауылдық округ құрылсын; Көкiбел ауылдық округiнiң шекаралары оның құрамынан Айнатас, Жiгiрген, Қызылбұлақ, Өгем, Тесiктөбе ауылдары шығарылып өзгертiлсiн;
Тармақша 2
2) Отырар ауданы бойынша: Қарақоңыр ауылдық округiнен бөлiнiп шығатын Ақтөбе ауылы шекарасында Ақтөбе; Отырар ауылдық округiнен бөлiнiп шығатын Қарғалы, Отырар ауылдары шекараларында Қарғалы; Талапты ауылдық округiнен бөлiнiп шығатын Қоғам, Мыңшұқыр, Талапты ауылдары шекараларында Қоғам жаңа ауылдық округтерiне атаулар берiле отырып құрылсын. Мыналардың: құрамынан Ақтөбе ауылы шығарыла отырып, Қарақоңыр ауылдық округiнiң; құрамынан Қарғалы, Отырар ауылдары шығарыла отырып Отырар ауылдық округiнiң; құрамынан Қоғам, Мыңшұқыр, Талапты ауылдары шығарыла отырып Талапты ауылдық округiнiң шекаралары өзгертiлсiн;
Тармақша 3
3) Сайрам ауданы бойынша: Қарабұлақ, Қарасу, Манкент және Тассай ауылдық округтерiнiң жалпы көлемi 1959,4 гектар жерлерiнiң бiр бөлiгiн Ақсукент ауылдық округiнiң әкiмшiлiк шекарасына қоса отырып, Ақсукент, Қарабұлақ, Қарасу, Манкент және Тассай ауылдық округтерiнiң шекаралары өзгертiлсiн;
Тармақша 4
4) Төлеби ауданы бойынша: Тасарық ауылдық округiнiң әкiмшiлiк бағынысындағы Қаратөбе ауылын Ақжар ауылдық округiнiң әкiмшiлiк бағыныстығына беру жолымен Тасарық және Ақжар ауылдық округтерiнiң шекаралары өзгертiлсiн.
Тармақ 2
2. Шешiм Оңтүстiк Қазақстан облысының әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен қолданысқа енгiзiледi.