О переименовании отдельных административно-территориальных единиц Южно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Оңтүстiк Қазақстан облысының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiн қайта атау туралы
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес тиiстi аумақтардағы тұрғындардың пiкiрлерiн ескере отырып Арыс, Отырар және Төлеби аудандары мәслихаттары мен әкiмияттарының ұсыныстары бойынша Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Оңтүстiк Қазақстан облысының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi:
Арыс ауданы бойынша
Дермене ауылдық округiнiң Бөген ауылы - Саналы болып;
Отырар ауданы бойынша
Ақтөбе ауылдық округi - Аққұм ауылдық округi болып;
Төлеби ауданы бойынша
Первомаевский ауылдық округi - Бiрiншi Мамыр ауылдық округi болып;
Первомаевка ауылы - Бiрiншi Мамыр ауылы болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Шешiм Оңтүстiк Қазақстан облысының әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.