О переименовании некоторых аульных округов Нуринского, Актогайского, Каркаралинского, Шетского районов Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нұра, Ақтоғай, Қарқаралы, Шет аудандарының кейбір ауылдық округтерін қайта атау туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы " 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 2572-ХІІ Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес, Нұра, Ақтоғай, Қарқаралы, Шет аудандарының өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімінің негізінде, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысының келесі аудандарының ауылдық округтері қайта аталсын:
Тармақша 1
1) Нұра ауданы бойынша: Ивановка ауылы Кәрім Мыңбаев ауылы болып;
Тармақша 2
2) Ақтоғай ауданы бойынша: Қуаныш ауылдық округі Қараменде би ауылдық округі болып; Киров ауылдық округі Жидебай ауылдық округі болып; Аманкелді ауылдық округі Шабанбай би ауылдық округі болып; Ақши ауылдық округі Кежек ауылдық округі болып; Озерное ауылы Шашубай кенті болып; Жаңаорталық ауылы Нарманбет ауылы болып;
Тармақша 3
3) Қарқаралы ауданы бойынша: Ақжол ауылдық округі Мартбек Мамыраев ауылдық округі болып; Арқалық ауылдық округі Тәттімбет ауылдық округі болып; Сартау ауылдық округі Нығмет Нұрмақов ауылдық округі болып; Комсомол ауылдық округі Балқантау ауылдық округі болып; Балықтыкөл ауылдық округі Қоянды ауылдық округі болып; Айрық ауылдық округі Мәди ауылдық округі болып.
Тармақша 4
4) Шет ауданы бойынша: Ақшатау ауылы Жарылғап батыр ауылы болып.
Тармақ 2
2. Осы облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімін бақылау облыс әкімінің орынбасары С.З. Қанаевқа және облыстық мәслихаттың әлеуметтік - мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.М. Әдекенов) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.