О проведении общегородского субботника по благоустройству и наведению санитарного порядка в городе Қолданыста
Басқа 0
Қаланы көркейту және санитарлық тәртіп орнату жөніндегі жалпықалалық сенбілікті өткізу туралы
Қаланың әкімшілік аумағында қалыпты санитарлық жағдайды камтамасыз ету, көркейту және көгалдандыру деңгейін жоғарылату мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы 21 қазанда аумақтарды санитарлық тазарту және көркейту жөніндегі жалпықалалық сенбілік өткізілсін.
Тармақ 2
2. «Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.Д. Әшелов), ауылдық округтер мен кенттер әкімдері, муниципалдық округтерді басқару жөніндегі комитеттердегі әкімнің өкілдері өз аумақтарында сенбілік өткізуді ұйымдастырсын және ұйымдастырылмаған қоқыс орындары мен сенбілік барысында жиналған қоқыстың тасып әкетілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қалалық бөлімдер қала шаруашылығының өздері жетекшілік ететін салаларының сенбілікке қатысуын бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Хазипов» жеке кәсіпкерге жалпықалалық сенбілік өткізілген күні тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында қоқыс қабылдауды ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Әкімдіктің осы қаулысының атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А. Ершовқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап заңды күшіне енеді.