О Национальном юридическом агентстве Республики Казахстан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық заң агенттiгi туралы Мемлекеттiң мүдделерi мен ұлттық қауiпсiздiктi тиiмдi құқықтық қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ орталық атқарушы органдарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету практикасын ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Ұлттық заң агенттiгi жарғылық капиталына мемлекеттiң 100% қатысуымен "Қазақстан Республикасының Ұлттық заң агенттiгi" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамы болып қайта құрылсын.
Тармақ 2
2. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.02.28. N 302 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi заңда белгiленген тәртiппен: Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Ұлттық заң агенттiгiнiң балансындағы мүлiктi мемлекеттiң жарғысы ретiнде "Қазақстан Республикасының Ұлттық заң агенттiгi" акционерлiк қоғамының жарғылық қорына берсiн; Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп бiр айлық мерзiм iшiнде қажеттi қайта ұйымдастыру рәсiмдерiн жүргiзсiн; он күндiк мерзiм iшiнде "Қазақстан Республикасының Ұлттық заң агенттiгi" акционерлiк қоғамының жарғысын бекiтсiн; Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне "Қазақстан Республикасының Ұлттық заң агенттiгi" акционерлiк қоғамының акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету, пайдалану және басқару жөнiнде өкiлеттiк берсiн.
Тармақ 4
4. Мыналардың: "Ұлттық заң агенттiгiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 12 қаңтардағы N 60 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 4, 36-құжат); "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жанындағы Ұлттық заң агенттiгi туралы ереженi бекiту жөнiнде" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 сәуiрдегi N 379 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 14, 110-құжат)"; "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бюджеттiк ұйымдарға (мекемелерге) құқықтық мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету үшiн жеке және заңды тұлғаларды тарту тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы N 923 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 24, 214-құжат) күшi жойылған деп танылсын.