Об организации обеспечения агропромышленного комплекса машиностроительной продукцией на основе лизинга Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Агроөнеркәсiп кешенiн лизинг негiзiнде машина жасау өнiмдерiмен қамтамасыз етудi ұйымдастыру туралы Агроөнеркәсiп кешенiн машина жасау өнiмдерiмен жабдықтауды жақсарту, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
Тармақ 1
1. Агроөнеркәсiп кешенiндегi лизинг туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қаржы министрлiгiмен, тағы басқа мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып агроөнеркәсiп кешенiн лизингтiк негiзде машина жасау өнiмдерiмен жабдықтау тәртiбiн бекiтсiн, лизинг қорын құру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, енгiзетiн болсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Экономика министрлiгi қаржы лизингi операцияларын жүзеге асыру негiзiнде инвестициялық қызметтi жедел дамыту және оны мемлекеттiк қолдау мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн техникалық жағынан қайта жарақаттандыру бойынша лизинг қорын құру үшiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне 1996 жыл бюджетiнде қайтарымдық негiзде 600 (алты жүз) миллион теңге мөлшерiнде қаржы бөлудi көздесiн. Одан кейiнгi жылдарға бюджет жобасын жасау барысында аталған қорды толықтыруға қаржыларды бағыттау мүмкiндiктерi қарастырылсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi халықаралық қаржы лизингiнiң объектiсi болып табылатын тауарларды кеден заңдарына сәйкес, кеден төлемдерiн төлей отырып, уақытында әкелу тәртiбiмен ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Ауыл шаруашылығы министрлiгi "Кең дала" акционерлiк қоғамымен бiрлесе отырып лизинг берушiге кейiнгi мерзiмдерде (техникалық және жабдықтар) мүлiк құнын нақты қайтару механизмiн пысықтасын.
Тармақ 6
6. Облыстардың әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi халықаралық лизингтi қоса отырып, қаржы лизингi операцияларын кең түрде пайдалану негiзiнде Қазақстанда инвестициялық қызметтi белсендi дамыту үшiн қажеттi жағдайлар жасайтын болсын.
Басқа 7. Агроөнеркәсiп кешенiндегi лизинг туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы "23" желтоқсандағы N 1851 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Агроөнеркәсiп кешенiндегi лизинг туралы ЕРЕЖЕ I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Агроөнеркәсiп кешенiндегi лизинг (агролизинг) - бұл уақытша жұмсалмай тұрған немесе жұмсауға тартылған қаржы қаражаттарын инвестициялау есебiнен ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының техникалық жарақтандырылу деңгейiн көтеруге бағытталған машиналарды, жабдықтарды, көлiк құралдарын және өндiрiстiк мақсаттағы ғимараттарды ұзақ мерзiмге жалдау.
Тармақ 2
2. Нарықта еркiн айналымға түсуге тыйым салынған мүлiктен басқа, ауыл шаруашылығы мақсатындағы негiзгi құралдарға қолданылып жүрген топтауға жатқызылатын кез-келген қозғалыстағы және қозғалмайтын мүлiк, сондай-ақ кеден заңдарына сәйкес уақытша әкелуге (әкетуге) жатпайтын мүлiктер агролизинг объектiсi бола алуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Агролизинг субъектiлерi мыналар: лизинг берушi - лизинг қызметiн, яғни осы мүлiк үшiн арнайы алынған шарт бойынша лизинг берудi жүзеге асырушы заңды тұлға; лизинг алушы - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы заңды ұйым немесе заңды ұйымның бiлiмiнсiз кәсiпкерлiк қызметпен айналысушы және мүлiктi лизинг шарты бойынша пайдалануға алған жеке кәсiпкер ретiнде тiркелген азамат болып табылады.
Тармақ 4
4. Лизинг компаниялары (фирмалар) акционерлiк қоғам нысанында немесе басқа да құрылтай құжаттарына және лизинг берушiлер функциясының лицензияларына сәйкес орындайтын ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылатын ұйымдар.
Тармақ 5
5. Лизингтiк мүлiктердi сатып алуды қаржыландыруды лизинг компаниялары жеке меншiк немесе заемдық қаржылар есебiнен жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Лизинг шарты төменгiдей талаптарға жауап беруi тиiс: егер шартта өзге жағдайлар көзделмесе, онда лизинг алушы агролизинг объектiсi мен лизингтiк мүлiктер сатушысын таңдауға құқылы; лизинг алушы лизинг мүлкiн тек қана өндiрiстiк мақсаттарға пайдаланады; лизинг берушi лизинг мүлкiн сатушы адамнан оны лизинг алушыға лизингiге беру жағдайында ғана сатып алады; лизингтiң барлық кезеңдерi iшiндегi лизингтiк төлемдер сомасы мәмле жасау кезiндегi бағалар есебiмен лизингтiк мүлiк құнынан төмен болмауы тиiс.
Тармақ 7
7. Лизинг шарты жұмысының барлық жұмысының мерзiмi iшiнде лизингке берiлген мүлiк лизинг берушiнiң меншiгi болып табылады. Лизинг шартында шарт мерзiмi бiткенше немесе бiткенге дейiн лизинг алушының лизинг мүлкiн сатып алу құқығы көзделуi мүмкiн.
Тармақ ii. II. Агролизинг шартына қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi
II. Агролизинг шартына қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 8
8. Агролизинг шартына қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасы заңдарымен және шарт жағдайларымен реттеледi.
Тармақ 9
9. Агролизинг шартына қатысушылар арасындағы даулар қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiп бойынша шешiледi.
Тармақ 10
10. Лизинг алушыға лизинг мүлкiн пайдалану құқығы лизинг шартында белгiленген жағдайларда ғана берiледi.
Тармақ 11
11. Лизинг алушы лизинг шартында көзделген төлемдердi лизинг берушiге уақытында төлеуге мiндеттi. Шартта лизингтiк төлемдердi төлемегенi немесе уақытында төлемегенi үшiн санкциялар көзделуi тиiс.
Тармақ 12
12. Қатысушылар лизинг шартындағы жағдайларды бұзған жағдайда, олар белгiленген тәртiп бойынша шартты бұзуды талап етуге құқықты.
Тармақ 13
13. Кездейсоқ өлiм, жоғалту, лизинг мүлкiн лизинг алушыға бергенге дейiн оны бүлдiрiп алғанға лизинг берушi, ал мүлiктi лизинг алушыға берген сәттен бастап лизинг алушы жауап бередi.
Тармақ 14
14. Лизинг алушы өзiне лизинг мүлкiн берген сәттен бастап мүлiктiң сапасына, жинақтылығына және оны жеткiзiп беру мерзiмдерiне, және басқа да лизинг алушы мен лизинг берушi арасындағы сатып алу-сату шарттарының тиiсiнше орындалмауы тұрғысында лизинг берушiден талап ете алады. Лизинг берушi осы жағдайда лизинг мүлкiн сатушыға талап қояды.
Тармақ 15
15. Егер лизинг шартында өзге жағдайлар көзделмесе, онда лизинг алушы берушi алдындағы өз жауапкершiлiгiн сақтандырумен қоса, лизинг мүлкiнiң сақталуы мен ұсталуы жөнiндегi барлық шығындарды, сондай-ақ пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және осы мүлiктердi жөндеуге байланысты пайда болған барлық шығындарды өз мойнына алады.
Тармақ iii. III. Лизинг төлемдерi
III. Лизинг төлемдерi
Тармақ 16
16. Лизинг алушы лизинг мүлкiн пайдалану ақысын лизинг берушiге төленетiн лизинг төлемдерi түрiнде жүзеге асырады. Төлемдердiң мөлшерi, тәсiлдерi, нысаны және мерзiлiмдiгi лизинг шартында тараптардың келiсуi бойынша белгiленедi. Лизинг төлемдерiнiң жалпы сомасына:мерзiмдiгi лизинг мүлкiнiң толық құнын өтейтiн сома; олардың лизинг шарты бойынша өткiзген мүлiктi сатып алуға пайдаланған несие ресурстары үшiн лизинг берушiге төленетiн сома; лизинг берушiнiң комиссиялық сыйақысы. Бюджет қаржыландыруы есебiнен лизингтiк қор жасау кезiнде лизинг берушiнiң комиссиялық сыйақысының шектi мөлшерi Қазақстан Республикасы Ауылшарминiнiң Қаржыминiмен, Экономминiмен келiсiм арқылы белгiленедi; егер лизинг берушi мүлiктердi сақтандырған болса, лизинг мүлкiн сақтандырғаны үшiн төленетiн сома; лизинг берушiнiң агролизинг шартында көзделген өзге де шығындары енгiзiледi.
Тармақ iv. IV. Бухгалтерлiк есептеу және есеп беру
IV. Бухгалтерлiк есептеу және есеп беру
Тармақ 17
17. Бухгалтерлiк есептеу мен есеп берудi жүргiзу барысындағы лизингтiк операцияларды көрсету белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.