Қазақстан Республикасының «Халықтың көші -қоны туралы»
Заңының орындалу барысы туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 17 желтоқсандағы № 204 «Халықтың көші-қоны туралы» Заңын орындау мақсатында, Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыстар атқарылуда.
Аудан аумағында 422 оралмандар отбасы тұрады, ол 2124 адамды құрайды. Монголиядан келген 259 оралмандар отбасы тұрады, олар 1363 адам, Қытай Халық Республикасынан 148 оралмандар отбасы, онда 683 адам, 15 жаңұясы - 78 адам Тәуелсіздік Мемлекетер Достастығы кіретін мемлекеттерден келгендер. Оралмандардын арасында екі адам Ұлы Отан соғысының ардагері, 72 адам зейнеткер.
Ауданда тұратын барлық оралмандарға тегін медициналық қызмет көрсетіледі, барлық мектеп жасындағы балалар мектепке барады.
Ауданда арнаулы жер қоры құрамынан жалпы көлемі 8100 гектар қоныс аударғандарға жер қоры қарастырылған.
278 отбасының аулалық жері, қосалқы щаруалықтары бар, 34 жанұяның шаруа қожалығы бар.Оралмандардың 25 отбасы шағын несиелер алды. Жыл басынан 138 отбасы 344 адамға атаулы әлеуметтік ақылы көмек көрсетілді, 168 отбасына 411 адамға көп балалы отбасылары балалар жәрдем ақысын алады.
Оралмандар тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Тұрмыстық жағдайын жақсартуға 20 жанұя кезекте тұр.
Бүгінгі күнде азаматтық алуға 31 жанұядан, барлығы 91 адам құжаттарын тапсырған.
«В», «С» категориялы жүргізуші, тракторист-машинист және газ бен электрмен дәнекерлеуші курстарын 21 адам бітірді. Оралмандарды орналастыру үнемі бақылауда болып, оларға байланысты мәселелер жергілікті жерде шешілуде.
Ауданда оралмандар «Атамекен» қоғамдық кеңесі құрылған,олардың қатысуымен «Оралман күндері» өткізіліп тұрады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңын іске асыруда
бірқатар кемшіліктер бар. Келіп азаматтық алған оралмандар квотадан, тұрғын үй және жәрдем ақы алу құқынан айырылады. Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 29-бабының 3-тармағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабы негізінде, Ұлан ауданының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының « Халықтың көші-қоны туралы» Заңының орындалу барысы туралы от 03.10.2006 г. № 269 (Қазақстан Республикасының « Халықтың көші-қоны туралы» Заңының орындалу барысы туралы)
1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңының орындалу барысы туралы анықтамасы мәліметке алынсын.
2. Ауылдық округтер және кенттер әкімдері:
1) Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңын орындау бойынша жұмыстарды жақсартсын;
2) Ұлан аудандық жер қатынастары бөлімімен (Мукатаев Т.А.) бірлесе отырып Қазақстан Республикасының жер заңнамысына сәйкес оралмандарды жер телімдерімен қамтамасыз етсін.
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А.Ибраимова) Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңын жүзеге асыру жөнінде аудандық «Ұлан таңы » газетіне мақалалар жариялау тәжірибесін жалғастырсын.
4. Ұлан ауданы әкімнің 2001 жылғы 13 шілдедегі № 140 «Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына сәйкес ауданның аймағында тұратын оралмандардың әлеуметтік тұрмыс жағдайлары туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
5 .Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Сейсембинаға жүктелсін.