О внесении дополнений и изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы "Экономиканың мемлекеттiк секторын басқаруда мемлекеттiң мүдделерiн одан әрi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 45 (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
Тармақша 2
2) "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: V. "Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо" бөлiмiнде: 12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында: 02 "Байланыс жүйелерi" кiшi функциясында: 603 "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi" әкiмшiсi бойынша "3480000" деген сандар "2580000" деген сандармен ауыстырылсын; 013 "Почта-жинақтау жүйесiн дамыту" бағдарламасы бойынша "1800000" деген сандар "900000" деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "220 Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгі 900000 013 Почта-жинақтау жүйесiн дамыту 900000"; 3) "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 375-қосымшада : 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Құны: 900000 мың теңге (тоғыз жүз миллион теңге)."; 5-тармақта: "145 ауылдық байланыс бөлiмшелерiн салу және техникалық нығайту" деген сөздер "15 ауылдық байланыс бөлiмшелерiн салу" деген сөздермен ауыстырылсын; "167" деген сандар "37" деген сандармен ауыстырылсын; "4 почта вагондарын сатып алу жолымен магистральдық тасымалдау жүйесiн жетiлдiру, Астана қаласында есептеу орталығын құру" деген сөздер алынып тасталсын; 6-тармақтың кестесiнде: 5-бағандағы "Ауылдық, қалалық жерде почта инфрақұрылымын дамыту үшiн "Қазпочта" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту және магистральдық тасымалдау жүйесiн жетiлдiру әрi почта-жинақтау қызметтерiн дамыту" деген сөздер "Ауылдық жерде және қалаларда почта инфрақұрылымын дамыту үшiн "Қазпочта" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту." деген сөздермен ауыстырылсын; 6-бағандағы "Жыл бойы" деген сөздер "2006 жылдың 1-тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақта: мәтiндегi "145", "167", "225", "7-10", "9-11", "5-7", "12", "225" деген сандар тиiсiнше "15", "37", "95", "5-8", "7-9", "3-5", "10", "95" деген сандармен ауыстырылсын; "Тiкелей нәтиже:" деген бiрiншi абзацтағы ", сондай-ақ почта вагондары паркiн жаңарту, Астана қаласындағы есептеу орталығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету" деген сөздер алынып тасталсын; осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 203-1-қосымшамен толықтырылсын. 📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.01.2009 N 45 (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 5. 220-Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2006 жы­л­ғы 23 қа­зан­да­ғы N 1015 қа­улы­сы­на 1-қо­сым­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2005 жы­л­ғы 12 жел­тоқ­сан­да­ғы N 1235 қа­улы­сы­на 203-1-қо­сым­ша 220-Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi ___________________________________________________________
Тармақ 1
1. Құны: 900 000 мың теңге (тоғыз жүз миллион теңге).
Тармақ 2
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Экономиканың мемлекеттiк секторын басқаруда мемлекеттiң мүдделерiн одан әрi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117 қаулысы; "Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 20 қазандағы N 1077 қаулысы.
Тармақ 3
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты.
Тармақ 4
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: сапалы деңгейде почталық және қаржылық қызмет көрсетулердiң кең аясына халықтың және экономиканың нақты секторының еркiн қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге қабiлеттi тиiмдi жүйенi қалыптастыру.
Тармақ 5
5. Бюджеттiк бағдарлама мiндеттерi: ауылдық жерде 96 ауылдық байланыс бөлiмшесiн салу және техникалық нығайту арқылы меншiктiк филиалдық жүйе құру; ауылдық жерде почта байланыс бөлiмшелерiнiң операциялық залдарын 96 комплект көлемiнде өндiрiстiк жиһазбен жабдықтау 1 почта вагонын сатып алу жолымен магистральдық тасымалдау жүйесiн жетiлдiру.
Тармақ 6
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары: N р/с Бағ­дар­ла­ма ко­ды Кі­ші бағ­дар­ла­ма ко­ды Бағ­дар­ла­ма­лар­дың (кі­ші бағ­дар­ла­ма­лар­дың) ата­уы Бағ­дар­ла­ма­ны іс­ке асы­ру жө­нін­де­гі (кі­ші бағ­дар­ла­ма­лар) іс-ша­ра­лар Іс­ке асы­ру мер­зі­мі Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­лар 1 2 3 4 5 6 7 013 Поч­та жи­нақ­тау жүй­есiн да­мы­ту "Са­мұ­рұқ" мем­ле­кет­тiк ак­тив­тер­дi бас­қа­ру жөнiн­де­гi қа­зақ­стан­дық хол­дин­гi" АҚ жар­ғы­лық ка­пи­та­лын ұл­ғай­тып, кей­iн­нен қа­ра­жат­ты ауыл­дық, қа­ла­лық жер­де поч­та ин­фра­құ­ры­лы­мын да­мы­ту үшiн "Қаз­поч­та" АҚ жар­ғы­лық ка­пи­та­лын ұл­ғай­ту­ға ба­ғыт­тау. Жыл бойы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­но­ми­ка және бюд­жет­тiк жос­пар­лау ми­ни­стр­лi­гi
Тармақ 7
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Тiкелей нәтиже: 96 ауылдық почта байланысы бөлiмшесiнiң құрылысын салу және техникалық нығайту және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң техникалық нығайту талаптары бойынша сәйкестендiру; ауылдық байланыс бөлiмшелерiн 96 комплект көлемiнде өндiрiстiк жиһазбен жабдықтау, сондай-ақ почта вагондары паркiн жаңарту. Соңғы нәтиже: 96 жаңадан жарақтандырылған почта байланысы бөлiмшесiнде компьютерлiк және банктiк жабдықтардың бiрыңғай инфо-коммуникациялық кеңiстiкте технологиялық қызметтерге нақты уақыт режимiнде пайдаланушылардың еркiн қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн базалық алғы шарттарды құру. Қаржы-экономикалық нәтижесi: көрсетiлетiн қызметтердiң аясын кеңейту почта-жинақтау жүйесiнiң жалпы табысын 7-9 % өсiруге, және сәйкесiнше Қоғам жұмыскерлерiнiң еңбек ақысының 9-10% өсуiне, бюджетке салықтық түсiмдерiн 5-7% өсуiне ықпал етедi. Уақтылығы: жасалған келiсiм-шарттар мен құрылыс кестелерiне сәйкес. Сапасы: нақты уақыт режимiнде қаржылық қызметтер көрсету, пайдаланушылардың Интернетке бағытталған қызметтерге қолжетуi, жаңадан жарақтандырылған почта-жинақтау жүйесiнiң 96 бөлiмшесiнде көрсетiлетiн қызметтердiң аясын 11%-ға кеңейту.