Вопросы Государственного страхового надзора Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалау мәселелерi
"Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 U952541_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалау туралы Ереже бекiтiлсiн /қоса берiлiп отыр/.
Тармақ 2
2.
Тармақ 3
3.
Тармақ 4
4.
📌 Ескерту. 2-4 тармақтарының күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996.12.18. N 1549 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалаудың орталық аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республика бюджетiнде мемлекеттiк басқару аппаратын ұстауға көзделген қаражат есебiнен жүргiзiлетiн болып белгiленсiн.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалауға қызметтiк үй-жай бөлсiн.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалауды қажеттi байланыс құралдарымен қамтамасыз етсiн.
Басқа 8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды
қадағалауы туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
19 желтоқсандағы
N 1803 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды
қадағалауы туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалауы (Бұдан былай - Қазақстан Республикасының Мемсақтандыруқадағалауы) сақтандыру қызметiн мемлекеттiк қадағалауды, сақтандыру туралы заңдардың бұлжымауына бақылауды жүзеге асыратын және сақтанушылардың, сақтандырушылардың, үшiншi жақ пен мемлекеттiң заңды құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мемсақтандыруқадағалауы өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, қолданылып жүрген заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженiң басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Мемсақтандыруқадағалауы заңды тұлға
болып табылады, осы Ережемен айқындалған құқықтарды пайдаланады және
Қазақстан Республикасының барлық аумағында өзiнiң қызметiне
байланысты функцияларды атқарады. Қазақстан Республикасы
Мемсақтандыруқадағалауының дербес балансы, банк мекемелерiнде
шоттары, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген
қазақ және орыс тiлдерiнде өз аты жазылған мөрi, сондай-ақ тиiстi
мөрлерi, мөртаңбалары мен бланкiлерi болады.
Тармақ ii
II. Қазақстан Республикасы Мемсақтандыруқадағалауының
мiндеттерi
Тармақ 4
4. Мемсақтандыруқадағалауының негiзгi мiндеттерi:
- сақтандыру қызметi саласында мемлекеттiк сақтандыруды
қадағалауды жүзеге асыру;
- Сақтандыру қызметi саласында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк
саясатты әзiрлеуге қатысу;
- сақтандыру мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттарды
әзiрлеуге және жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
сақтандыру компанияларының басқа елдердiң сақтандыру ұйымдарымен
халықаралық ынтымақтастығын дамытуға белгiленген тәртiп бойынша
атсалысуға қатысу болып табылады.
Тармақ iii
III. Қазақстан Республикасы Мемсақтандыруқадағалауының
функциялары
Тармақ 5
5. Оған мыналар жатады:
- сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға лицензиялар беру;
- сақтандырушылардың жеке қаражаты мен олар қабылдаған сақтандыру мiндеттемелерiнiң арақатынасы нормативтерiнiң сақталуын бақылау;
- заңды тұлғалардың және азаматтардың мiндеттi сақтандыру туралы заң талаптарының орындалуын бақылау;
- сақтандырушылар қолданатын сауықтыру шарттары мазмұнының заң талаптарына сәйкестiгiн бақылау;
- Қазақстан Республикасының оның аумағында шет ел сақтандыру компанияларының сақтандырушы ретiнде қызмет етуiне жол бермеу туралы заң талаптарының сақталуын бақылау;
- сақтандыру қызметiнiң тәжiрибелерiн жинақтау, сақтандыру және республикада сақтандыру нарығын өркендету туралы заңдарды дамыту мен жетiлдiру жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар әзiрлеу және ұсыну;
- сақтандыру саласында мамандарды кәсiптiк даярлау және қайта даярлауға үйрету жұмыстарын жүргiзу.
Тармақ iv
IV. Қазақстан Республикасы Мемсақтандыруқадағалауының
құқықтары
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Мемсақтандыруқадағалауы алдына қойылған мiндеттерi мен функцияларына сәйкес мыналарға:
- сақтандырушылардан сақтандыру қызметi туралы белгiленген есеп алып отыруға;
- сақтандырушылардың сақтандыру туралы заңдарды сақтауына тексеру жүргiзуге;
- сақтандырушылардың мiндеттi сақтандыру туралы заңдарды сақтауына шет елдiң қатысуындағы кәсiпорындарды қатыстыра отырып тексеру жүргiзу;
- азаматтардың талаптарына және сақтандыру заңдарына қайшы келетiн сақтандыру, қоса сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары дұрыс емес деп танылған жағдайда сотқа талап қоюға;
- сақтандырушыларға, шет елдiң қатысуындағы кәсiпорындарды қоса, заңды тұлғалардың басшыларына сақтандыру туралы заң талаптарын сақтау немесе оның бұзылуына жол бермеу қажеттiлiгi туралы орындалуы мiндеттi болып табылатын ұйғарымдама беруге;
- сақтандыру қызметтерiн жүзеге асыруға құқық беретiн лицензиялардың қызметiн тоқтатуға;
- айыппұлдар салу туралы, сондай-ақ лицензияларды қайтарып алу жөнiнде сотта iс қозғауға құқылы.
Тармақ v
V. Қазақстан Республикасы Мемсақтандыруқадағалауының
басқарушы органдары
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Мемсақтандыруқадағалауын лауазымға Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын төраға және оның орынбасары басқарады.
Тармақ 8
8. Мемсақтандыруқадағалаудың төрағасы (оның орынбасары) Қазақстан Республикасы Мемсақтандыруқадағалауына жүктелген мiндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапкершiлiкте болады. Осыған сәйкес:
- Қазақстан Республикасы Мемсақтандыруқадағалауының жұмыс жоспарын бекiтедi;
- орынбасардың және салалық бөлiмшелер басшыларының тапсырылған жұмыс учаскесiне жауапкершiлiк деңгейiн айқындайды;
- лауазымды адамдардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын нормативтiк құжаттарды бекiтедi;
- барлық сақтандырушылар үшiн орындалуы мiндеттi болып табылатын бұйрықтар мен Нұсқамалар шығарады, нұсқаулар бередi және оның орындалуына тексерудi ұйымдастырады.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының Мемсақтандыруқадағалауында құрамында Төраға (алқаның төрағасы), орынбасар және бiр жетекшi қызметкер, сондай-ақ мемлекеттiк және өзге органдардың өкiлдерi бар алқа құрылады.
Алқаның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Басқа 23. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды
қадағалау орталық аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
19 желтоқсандағы
N 1803 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды
қадағалау орталық аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Сақтандыру қызметiн лицензиялау және бақылау басқармасы
Қаржы шаруашылық бөлiмi