Ақсу ауданы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және жарақтандыру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсу ауданы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және жарақтандыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес, аудандық сайлау комиссиясымен келісе отырып аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақсу ауданы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Жансүгіров поселкелік, Суықсай, Қарашілік ауылдық округтерінің әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын барлық кандидаттар үшін тең қүқықтар қамтамасыз ететін жағдайды сақтай отырып, стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Кәрбозинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Ақсу ауданы Әкімдігінің 2006 жылғы «Аудан мәслихатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және жарақтандыру туралы» № 321 қаулысына қосымша Ақсу ауданы бойынша елді мекендерде үгіт - насихат материалдар ілетін орындар Елді - мекеннің аталуы Үгіт - насихат материалдары ілінетін орындар Көшенің аталуы Жансүгіров поселкесі а) Алтынарық ауылы б) Көкөзек ауылы а) Универмаг дүкені алдындағы планшет. б) Жеке кәсіпкер Қ.Абдрахмановтың май сығатын цехы алдындағы планшет. Б.Сүлейменовтың дүкені алдындағы планшет Қ.Терібаев атындағы мәдениет үйінің алдындағы планшет. Желтоқсан көшесі № 4 Жидебаев көшесі № 36 Терібаев көшесі № 6 а Мектеп көшесі № 10 а Суықсай ауылы Ескі контор алдындағы планшет. Ш.Омаров көшесі № 17 Қарашілік ауылы Қарашілік орталау мектебі алдындағы планшет. Н.Кастекбаев көшесі № 12