Об оказании единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан ко Дню пожилых людей Күшін жойған
Басқа 0
Қарттар күніне азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабын және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып, Теміртау қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 14 шілдедегі № 31/4 «Теміртау қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 15 желтоқсандағы 25 сессиясының №25/5 «2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 8-3-23 нөмірмен тіркелген) шешімін орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарттар күніне азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсетілсін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңында көрсетілгендерге, 2006 жылы 75 жасқа толытандарға және одан үлкендерге;
Тармақша 2
2) барлық топтағы мүгедектерге, 2006 жылы 75 жасқа толытандарға және одан үлкендерге.
Тармақ 2
2. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Теміртау филиалындағы 2006 жылғы 1 тамыздағы базамен саластырылған тізім бойынша жоғарыда көрсетілген азаматтар санатына біржолғы материалдық көмекті төлеуді жүргізсін;
Тармақша 2
2) көрсетілетін материалдық көмектің көлемі қалалық бюджеттен осы мақсатқа бөлінген ақшалай қаражаттың сомасына байланысты белгіленсін;
Тармақша 3
3) көрсетілетін материалдық көмектің уақытылы белгілеуді және төлеуді қамтамасыз етеін.
Тармақ 3
3. «Теміртау қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдірі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» 007 бағдарламасы бойынша қарастырылған қаражат есебінен біржолғы материалдық көмек төлемдерін уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.