Казталов ауданында мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Казталов ауданында мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІІ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабына, 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-ІІІ «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан көлемінде жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудан көлемінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін мекемелердің тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 16 тамыздағы №204 «Казталов ауданында мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету туралы» қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылауға алу аудан әкімінің орынбасары К.Садбековке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы баспасөзде ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 6. Аудан көлемінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін мекемелердің тізімі
Аудандық мәслихаттың 2006 жылы 19 қыркүйектегі № 244 қаулысымен бекітілді Аудан көлемінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін мекемелердің тізімі 1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 1 2. Казталов аумақтық медициналық бірлестігі 3 3. Жалпақтал аумақтық медициналық бірлестігі 3 4. Казталов орта мектебі 2 5. А.Оразбаев атындағы орта мектебі 2 6. Богатырево орта мектебі 1 7. К.Мендалиев атындағы орта мектебі 3 8. Молдашев атындағы орта мектебі 2 9. Ақпәтер орта мектебі 2 10. Бостандық атындағы орта мектебі 2 11. Қарасу орта мектебі 1 12. Көктерек орта мектебі 1 13. Қараөзен орта мектебі 1 14. Жаңажол орта мектебі 1 15. Тереңкөл орта мектебі 1 16. Ғ.Беғалиев атындағы орта мектебі 1 17. Ғ.Қараш атындағы орта мектебі 2 18. Березин орта мектебі 1 19. Талдыапан орта мектебі 1 20. С.Есетов атындағы орта мектебі 1 21. Мирон орта жалпы білім беретін мектебі 1 22. Қоныс орта мектебі 1 23. Бірік орта мектебі 1 24. Сарықұдық орта мектебі 1 25. А.Хұсайынов атындағы орта мектебі 1 26. Жүнісов атындағы орта мектебі 1 27. Дүйсенғалиев атындағы орта мектебі 1 28. Сатыбалды орта мектебі 1 29. Жас орта мектебі 1