О Правилах проведения тендера Күшін жойған
Басқа 0
Тендер өткізу қағидалары туралы
Ереже "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" ЖАҚ-ның ауыл шаруашылық техникасын, "Казагроөнеркәсiпбанк" ААҚ және басқа меншiк иелерiнiң лизинг негiзiнде Машина Жоспарлы Мөлшерлеушi Станцияларын құру және дамыту үшiн беру теңдерiн өткiзу
Тармақ 1. 1. Жалпы қағида
1. Жалпы қағида
Тармақ 1
1. Кәдiмгi Ереже "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры"-мен құқықты адамдар арасында "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлiк қоғамы (әрi қарай - Қор), лизинг шарты бойынша 1996-97 жылдары берiлген, "Казагроөнеркәсiпбанк" ААҚ кепiлдiкке салынған техникасы (әрi қарай - Агропромбанк) және ауыл шаруашылық машиналарын жасау мекемелерiнiң лизинг негiзiнде Машина Жоспарлы Мөлшерлеушi Станциясын (әрi қарай - МЖС) құру және дамыту үшiн тендер өткiзу тәртiбiн анықтайды.
Тармақ 2
2. Тендердiң пәнi тендер Жеңiмпаздарына екiншi деңгейдегi банктер кепiлдiгi мен өтiмдi мүлкi кепiлдемелерiне Қордың ауыл шаруашылық техникасын, Агропромбанктың және басқа жеке меншiк иелерiнiң лизинг негiзiндегi МЖС құру және дамыту үшiн берудi Қордың және Агропром банк мамандарының қорытынды тұжырымдамасынан кейiн белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Тендерге қатысуға Казақстан Республикасының заңдылығына сәйкес құрылған және әрекет жүргiзетiн ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiмен оң тәжiрибе жұмысы бар құқықты адамдарға қатысуына ұрықсат етiледi.
Тармақ 2. 2. Тендер комиссиясын құру
2. Тендер комиссиясын құру
Тармақ 4
4. Тендер комиссиясын Ауыл шаруашылық министрлiгi құрады оның құрамына өкiлдер кiредi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiнiң;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлiгiнiң (келiсiм бойынша);
Тармақша 3
3) "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлiк қоғамының;
Тармақша 4
4) "Агропромбанк" ашық акционерлiк қоғамының;
Тармақша 5
5) "Ақмоласельмаш" акционерлiк қоғамының Тендер комиссиясының Төрағасы болып "Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры"-ның өкiлi бекiтiледi.
Тармақ 5
5. Тендер комиссиясы:
Тармақша 1
1) Қордың ауыл шаруашылық техникасы, Агропромбанктiң және басқа жеке меншiк иелерiнiң есебiнен МЖС құру және дамудағы бекiтiлген тәртiпке сай тендер Жеңiмпазын анықтау үшiн тендер өткiзу туралы хабарламаны ресми бұқаралық ақпарат көздерiнде жариялайды;
Тармақша 2
2) өз жұмысының регламентiн дайындайды және бекiтедi;
Тармақша 3
3) қажет жағдайда консультациялық фирмаларды тартады;
Тармақша 4
4) тендер комиссиясына өткiзу үшiн керектi өтiнiштер мен бөтен құжаттарды қабылдайды және қысқа мерзiмде бекiтедi. Қатысушыларға тез уақытта ұсынылған құжаттардағы жетiспестіктерді жою үшiн керектi шаралар қабылдауын хабарлайды;
Тармақша 5
5) өтiнiш бiлдiрушiнi хаттай тендер Қатысушы болып танылғаны туралы, я болмаса тендерге қабыл алмау себептерiн атап хабарлайды;
Тармақша 6
6) тендер Жеңiмпазын анықтайды;
Тармақша 7
7) тендер қортындысы бойынша хаттама дайындайды;
Тармақша 8
8) тендер Жеңiмпаздарына ауыл шаруашылық техникаларын өткiзу келiсiмдерiнiң қаражатты лизинг және шарттар қалыптарын жасайды.
Тармақ 3. 3. Тендерге дайындық
3. Тендерге дайындық
Тармақ 6
6. Қор тендер өткiзу туралы шешiм қабылдайды, тендер Жеңiмпазымен ауыл шаруашылық техникасын өткiзу туралы Келiсiм шартын жасайды.
Тармақ 4. 4. Қатысушыларға қойылатын талап
4. Қатысушыларға қойылатын талап
Тармақ 7
7. Қатысушыларды тiркеу ресми хабарлама жасалған күннен басталып, өтiнiштердi қабылдау хабарламада көрсетiлген күнге дейiн, бiрақ, барлық берiлген уақыт тiркеу басталғаннан 20 күннен кейiн аяқталады.
Тармақ 8
8. Тiркеу үшiн тендер комиссиясына келесiлердi ұсыну қажет:
Тармақша 1
1) тендерге қатысу өтiнiшi;
Тармақша 2
2) өкiлдiң өкiлділiгiн куәлайтын құжат;
Тармақша 3
3) нотариалды бекiтiлген құрылтайлық құжаттардың және құқықтық адамның мемлекеттiк тiркеу куәлiгi көшiрмелерi;
Тармақша 4
4) Қатысушының ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi, өңдеушi, ауыл шаруашылық құрылымдарына қызмет көрсетудi ұйымдастырушы екендiгiн айғақтайтын құжаты.
Тендерге қатысу үшiн Қатысушының меморандумында келесiлер бейнеленуi қажет:
Тармақша 1
1) МЖС-ын құру және дамыту жоспарының жалпы мiнездемесi;
Тармақша 2
2) Қордың ауыл шаруашылық техникаларының қақын, Агропромбанктiң және басқа жеке меншiк иелерiнiң лизингілік негiзде МЖС құру және дамыту үшiн тендер Жеңiмпаздарына берiлетiндердiң, осы Ереженiң 2-шi бабына сәйкес, қайтарылуын қамтамасыз ету кепiлдiктерi;
Тармақша 3
3) Қатысушының өз қаржылық және материалдық-техникалық мүмкiншiлiгiне талдау;
Тармақша 4
4) Қатысушының басшысының және оның қызметкерлерiнiң мамандық деңгейлерi;
Тармақша 5
5) жоспарлар кезеңдерi және олардың нақты орындау негiздерi;
Тармақша 6
6) ұсынылған жоспардың қаражаттық нәтижесiнiң талдауы;
Тармақша 7
7) кәсiпорынның соңғы 2 жылғы балансы (нысан N 1), қаражат нәтижелерiнiң есебi (нысан N 2);
Тармақша 8
8) Қатысушының - кәсiпорнының қаражат iс-әрекетi қөрсеткiштерiнiң негiзгi есебi (нысан N 1-Ф);
Тармақша 9
9) салық төлеушiге салық комитетiмен берген тiркеу нөмiрi туралы мәлімдеме;
Тармақша 10
10) кәдiмгi Ережемен танысқаны туралы талапқа сай толтырылған қол хат.
Тармақ 9
9. Жариялауға жатпайтын тендерге қатысуға өтiнiш бiлдiрген адамдар туралы мәлiмет.
Тармақ 10
10. Қатысушының құқықтық мүмкiншілігі:
Тармақша 1
1) бекiтiлген тендер өткiзу мерзiмiне 3 күнге дейiн өз ұсынысын керi шақыру туралы хатпен хабарлау;
Тармақша 2
2) тендер Қатысушы болуына қарсылық бiлдiрген жағдайда тендер комиссиясынан қабыл алмау себептерiн хатпен көрсетуiн талап ету.
Тармақ 5. 5. Тендер өткiзу тәртiбi мен жағдайы
5. Тендер өткiзу тәртiбi мен жағдайы
Тармақ 11
11. Тендер кем дегенде үш Қатысушы қатысқанда ғана өткiзiледi, басқа жағдайда тендер өтпеген деп есептеледi.
Тармақ 12
12. Жеңiмпазды анықтау үшiн өткiзiлетiн теңдер, Қатысушыларымен МЖС-ты құру және дамыту ұсыныстары мен лизингке берiлетiн техниканың кақын қайтаруын қамтамасыз ететiн жоспарлар қаралып және жақсыларын iрiктеумен негiзделедi.
Тармақ 13
13. Жақсы жоспарларды қарау, iрiктеу және әрi қарай тендер Жеңiмпаздарын анықтап қамтамасыз етуiн тендер комиссиясы жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Тендер тендерлiк комиссиямен жүргiзiледi. Тендер өткiзу тәртiбi мен оның жағдайын жариялаудан басталады.
Тармақ 15
15. Тендер Жеңiмпаздары болып екiншi деңгейдегi банктерден лизингілік техниканың кақын қайтарға және өтiмдi мүлiктерiне кепiлдiктерi бар жақсы жоспарлар өткiзген Қатысушылар саналады.
Егерде, тендерге Қатысушылар жоғарыда көрсетiлген құжаттарды көрсете алмаған жағдайда, жеңiмпаздың болмағандығынан, тендер өтпеген деп есептеледi.
Тармақ 16
16. Тендер комиссиясының шешiмi оның мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк даусымен қабылданады.
Тармақ 17
17. Тендер комиссиясының шешiмi хаттамамен толтырылады, ол тендер комиссиясының мүшелерiмен, оның төрағасымен және тендер жеңіп алушымен қол қойылады. Комиссия мүшесі өзінің айрықша пікірін хаттай мазмұндауына ұрықсаты бар және оны хаттамаға қосуына, ол туралы соңында белгі салады.
Тармақ 18
18. Тендер қортындысын бекітпеген жағдайда, я болмаса тендер комиссиясымен жеңімпаздардың жоқтығы туралы шешім қабылдаған жағдайда, Қор жаңа тендер жариялау құқығы бар, тендер комиссиясына тендер өткізу тәртібі және жағдайын өзгертуге ұсыныс береді.
Тармақ 19
19. Тендер комиссиясының шешімі негізінде "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамы Басқармасының Төрағасы, ауыл шаруашылық техника түрінде лизинг Басқармасының Төрағасы, ауыл шаруашылық техника түрінде лизинг негізінде МЖС құру және жүйелерін дамыту үшін өткізу Келісіміне қолдарын қояды.