Об установлении ставок стоимости разовых талонов на рынках Тарановского района Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Таран ауданының базарларында бір жолғы талондар құнының ставкаларын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабымен, «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы салық кодексінің 373 бабына сәйкес, Таран аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Базарларда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар үшін бір жолғы талондар құнының ставкалары 1 қосымшаға сай, арагедік сипаттағы кәсіпкерлік қызметіндегі жеке тұлғаларға берілетін бір жолғы талондар құнының ставкалары 2 қосымшаға сай белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң іске еңгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Таран ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы ____________ Қ. Сәрсенбаев
Басқа 3. Таран ауданының базарларында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар үшін бір жолғы талондар құнының ставкалары
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының (үшінші шақырылған) 2 қазан 2006 жылғы № 76 шешіміне 1 қосымша Таран ауданының базарларында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар үшін бір жолғы талондар құнының ставкалары № р/б Тарату түрлері Сауда орнына біржолғы талонның құны (айлық есептік көрсеткішке теңге мен пайыз (%)) Тобол кенті Таран селосы басқа елді мекендер 1 2 3 4 5 1. Азық-түлік тауарлары 1) көліктен сауда жасау 206 (20%) 155 (15%) 103 (10%) 2) сөреден  сауда жасау 155 (15%) 103 (10%) 52 (5 %) 3) қолдан сауда жасау 72 (7%) 52 (5%) 31 (3%) 2. Өндіріс тауарлары 1) көліктен сауда жасау 206 (20%) 155 (15%) 103 (10%) 2) сөреден сауда жасау 155 (15%) 103 (10%) 52 (5%) 3) қолдан сауда жасау 72 (7%) 52 (5%) 31 (3%) 3. Мал өнімдері бір бірлікте 1) үй малдарын, құстарды, аңдарды сату 52 (5%) - - Қолданылып жүрген біржолғы талондар құнының өзгерістері аудандық мәслихат шешімімен айлық есептік көрсеткіштің өзгерістеріне және салық комитеті жүргізген хронометраждық бақылау мен зерттеулердің орташа күндік мәліметтері негізінде енгізіледі.
Басқа 4. Таран ауданы бойынша арагедік сипаттағы кәсіпкерлік қызметіндегі жеке тұлғаларға берілетін біржолғы талондар құнының ставкалары
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының (үшінші шақырылған) 2 қазан 2006 жылғы № 76 шешіміне 2 қосымша Таран ауданы бойынша арагедік сипаттағы кәсіпкерлік қызметіндегі жеке тұлғаларға берілетін біржолғы талондар құнының ставкалары № р/б Тарату турлері Сауда орына біржолғы талонның құны (айлық есептік көрсеткішке теңге мен пайыз (%)) 1. Тарату (тұрақты орындарда жүзеге асырылатын қызметтен басқа) 1) газеттер және журналдар 10 (1%) 2) тұқым, басқа да отырғызылатын материалдар (тал – шыбықтар, көкөніс тұқымдары) 10 (1%) 3) саяжайларда және үй жанындағы учаскелерде өсірілген тірі гүлдер 10 (1%) 4) жеке ауылшаруашылығы, бау-бақша және саяжай учаскелерінен жинаған өнімдер 10 (1%) 2. Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке тракторлар иелерінің көрсететін қызметтері 154,5 (15%) 3. Жеке жеңіл автокөліктер иелерінің жолаушыларды тасымалдау бойынша көрсететін қызметтері 103 (10%) 4. Жеке жүк автомобилдер иелерінің жүк тасу бойынша көрсететін қызметтері (лицензия қағазы бар тасымалдан басқа) 154,5 (15%) Біржолғы талондардың қолданылып жүрген құнының әр өзгерістері аудандық мәслихат шешімімен айлық есептік көрсеткішінің өзгерістеріне сәйкес және салық комитеті жүргізген хронометраждық бақылау мен зерттеулердің орташа күндік мәліметтері негізінде енгізіледі.