О предельных (максимальных) размерах земельных участков, предоставляемых гражданам Республики Казахстан, которые могут находиться в частной собственности Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (максималды) көлемі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабының 3-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жеке меншікте болуы мүмкін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін, жер учаскелерінің шекті (максималды) көлемдері белгіленсін.
Тармақша 1
1) Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін (үй жанындағы және танаптық үлестерді қоса отырып) ауылды жерлерде суарылмайтындарда - 0,50 гектар (оның ішінде - 0,25 гектар тегін) және 0,30 гектарға дейін суарылатын жерлерде (оның ішінде 0,15 гектар тегін);
Тармақша 2
2) жеке тұрғылықты құрылыс үшін - 20 гектар (оның ішінде 0,10 гектар тегін)
Тармақша 3
3) бау-бақша жүргізу үшін, сонымен қатар саяжай құрылысы үшін - 0,24 гектар (оның ішінде 0,12 гектар тегін).
Тармақ 2
2. Қостанай облыстық мәслихатының және Қостанай облысы әкімдігінің "Азаматтардың жеке меншігіндегі және тауарлы ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін ұзақ мерзімді жер пайдалануда болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең үлкен) мөлшері туралы" 2002 жылғы 15 наурыздағы № 201-3 С шешімінің күші жойылды деп саналсын (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімдегі нөмірі 1420).
Тармақ 3
3. Бірлескен шешім мен қаулы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданысқа енеді.