О порядке снабжения электроэнергией населения области, имеющего право на льготы, взамен бытового газа Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың жеңілдікті санаттағы тұрғындарын қамтамасыз ету үшін тұрмыстық газдың орнына электр қуатын бөлудің тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 19 тамыздағы «Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру кезінде отын босату нормалары тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін және байланыс қызметтерін тұтыну туралы» № 1266 қаулысын одан әрі жүзеге асыру және жеңілдікті газды пайдалану құқығы бар тұрғындарды тұрмыстық қадеттіктерге арналған электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақ 1
1. Облыс бойынша еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасына жәрдем қаржыны қолданылып жүрген тарифтерге сәйкес облыстың жеңілдікті санаттағы тұрғындарына жеткізілетін электр қуаты мөлшерінің құны бойынша баламалы келетін газға айырбастауға рұқсат етілсін.
Тармақ 2
2. Облыс бойынша еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасы қалалар мен аудандар әкімдерімен бірлесе отырып жеңілдікті газды электр қуатына айырбастауға келісу, жәрдемақы сомасын анықтау және облыс қалалары мен аудандарының тиісті электрмен жабдықтаушы ұйымдарымен электр қуатын жеткізуге арналған келісім шарттар жасасу жөнінде тұрғындар арасында тиісті жұмыстар жүргізетін болсын.
Тармақ 3
3. Облыс қаржы басқармасы мен облыс бойынша қазынашылық басқармасы жеңілдікті газдың орнына пайдаланылған электр қуатын қаржыландырудың нобайын дайындасын, сонымен бірге облыс бюджетіне тиісті өзгертулер енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы өкімінің орындалуына бақылау жасау облыс тұрғын үй құрылысы және коммуналдық шаруашылық департаментіне жүктелсін.