Мемлекеттік білім беру мекемелерінде ауылдық жерлерде тұрып жұмыс істейтін педагог қызметкерлеріне әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік білім беру мекемелерінде ауылдық жерлерде тұрып жұмыс істейтін педагог қызметкерлеріне әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 31- бабы 1-тармағының 2 тармақшасына және 41- бабы 4- тармағының 2-тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЬІ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік білім беру мекемелерінде ауылдық жерлерде тұрып жұмыс істейтін педагог қызметкерлеріне отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек 8000 (сегіз мың) теңге көлемінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Құматаев Н.О.) осы әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім аудандық газетте ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі комиссияға (Г.М. Садуақасова) және аудан әкімінің орынбасарлары Е.С. Тұрымбетовке және В.А. Файльге жүктелсін. Келісілген: «Іле аудандық жұмыспен және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы «Іле аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Жолтаева Бағила Бақытжанқызы "Іле аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Қоңырбаев Айтқазы Қанағатұлы