О создании коммунального государственного предприятия «КОР-РЕСУРС» акима Павлодарской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы әкімінің «ҚОР-РЕСУРС» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 29.10.2004 № 25 шешімімен. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» № 2335 Қаулысы негізін Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы» № 2578-XII Заңына сәйкес, коммуналдық меншікті қолдану тиімділігін арттыру мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Шаруашылық жүргізу құқығымен Павлодар облысы әкімінің «ҚОР-РЕСУРС» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылсын.
Тармақ 2
2. «ҚОР-РЕСУРС» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры болып Вилен Михайлович Елисеев тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Павлодар облысы әкімінің «ҚОР-РЕСУРС» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Жарғысы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 4
4. «ҚОР-РЕСУРС» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры белгіленген тәртіп бойынша кәсіпорындары заңды тұлға ретінде тіркесін.
Тармақ 5
5. Облыс әкімінің істер басқармасы жарғылық қызметі үшін қажет негізгі қаражаттар мен мүліктерді кәсіпорын балансына берсін және олар кәсіпорынның жарғылық капиталы деп есептелсін. Павлодар облысы әкімінің «ҚОР-РЕСУРС» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың атамалы тізімдемесіне енгізілсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Н. Оспановқа жүктелсін.
Басқа 7. Павлодар облысы әкімінің «ҚОР-РЕСУРС» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жарғысы
Облыс әкімінің 1999 жылғы «2» сәуір № 52 шешімімен БЕКІТІЛГЕН Павлодар облысы әкімінің «ҚОР-РЕСУРС» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жарғысы
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелері
1. Жалпы ережелері
Тармақ 1
1. Павлодар облысы әкімінің «ҚОР-РЕСУРС» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (әрі қарай - Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» № 2335 Жарлығының негізінде, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілеті және атқарушы органдары туралы» № 2578-XII Заңына сәйкес құрылды және оған тікелей бағынады.
Тармақ 2
2. Кәсіпорынның фирмалық атауы: Павлодар облысы әкімінің «ҚОР-РЕСУРС» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, қысқаша: «ҚОР -РЕСУРС» ОӘМКК.
Тармақ 3
3. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығы бар коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады.
Тармақ 4
4. Кәсіпорынның жеке балансы, банктерде есеп - айырысу, соның ішінде валюталық, шоттар, мемлекеттік және орыс тілдерінде атаулары жазылған таптаурындары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілдегі өз атауы жазылған мөрі, тиісті мөртабандары бар.
Тармақ 5
5. Кәсіпорын өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды сатып алуға, міндеттерін орындауға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Облыс әкімінің тұлғасындағы, Павлодар облысы жергілікті атқарушы өкіметінің органы әрі қарай Құрылтайшы деп аталады, кәсіпорынның құрылтайшысы (мемлекеттік меншік субъектісі құқығының қызметін орындайтын уәкілетті орган) болып табылады.
Тармақ 7
7. Кәсіпорын өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Кәсіпорын қызметінің мәні және негізін міндеттері
2. Кәсіпорын қызметінің мәні және негізін міндеттері
Тармақ 8
8. Коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы саласында шаруашылық қызметін жүргізу кәсіпорынның негізгі міндеті болып табылады.
Тармақ 9
9. Қойылған міндеттерді орындау үшін Кәсіпорын мына қызмет түрлерін іске асырады: коммуналдық меншік объектілерін есепке алу, түгендеу және олардың тиімді пайдалануын бақылайды; жылжитын және жылжымайтын мүліктің, сондай-ақ әр түрлі мақсаттарға интеллектуалдық меншіктің құнын бағалау бойынша тапсырыстарды орындайды; риэлторлық қызмет (жылжымайтын мүлікпен операциялар); техникалық паспорттарды және бизнес жоспарларды жасау жөніндегі тапсырыстарды орындайды; құқықтық қаржы мәселелері, жылжымайтын мүлікпен және бағалы қағаздармен жасалатын операциялар жөнінде кеңес береді, ақпараттық және заңгерлік қызметтер көрсетеді; қолданылып жүрген заң қағидаттарына тыйым салынбаған басқа қызмет түрлерін жасайды.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Кәсіпорынның мүлкі және қаражаты
3. Кәсіпорынның мүлкі және қаражаты
Тармақ 10
10. Негізгі қорлар және айналымдағы қаражат, сондай-ақ құны кәсіпорынның жеке балансында көрсетілген бағалы заттар кәсіпорынның мүлкін құрайды. Мүлік кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығына бекітіледі.
Тармақ 11
11. Кәсіпорынның меншік иесінің келісімінсіз төмендегідей кәсіпкерлік қызмет түрлерін іске асыруға; өз меншігіндегі ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды және кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын басқа тұлғаларға сатуға, беруге, айырбастауға, ұзақ мерзімге (үш жылдан аса) жалға беруге, уақытша пайдалануға беруге.
Тармақ 12
12. Мыналар кәсіпорын мүлкінің құрылу көзі болып табылды: кәсіпорынға құрылтайшы берген мүлік және қаражат; өндірістік-шаруашылық қызметтен түскен кірісі; ұзақ және қысқа мерзімді несиелер; басқа кірістер.