Об утверждении схемы зонирования земель села Егиндыколь и поправочных коэффициентов для расчета кадастровой (оценочной) стоимости земельных участков Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Егіндікөл селосының жерлерін аймақтау схемасын және жер учаскелерінің кадастрлық (бағалық) құнының түзету коэффициенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1-тармағының 13-тармағына, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 8, 11 баптарына сәйкес және Егіндікөл ауданы әкімдігі ұсынысының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Егіндікөл селосының жерлерін аймақтау схемасын және жер учаскелерінің кадастрлық (бағалық) құнының түзету коэффициенттерін осы шешімнің № 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық маслихаттың бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Егіндікөл ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енеді және ресми жарияланған сәттен бастап іске қосылады.
Басқа 4
Егіндікөл аудандық маслихатының 2006 жылғы 13 қазандағы № С32-4 шешіміне 1 қосымша Егіндікөл селосы аумағының шекаралар сипаты I тұрғын аумақ - селоның орталық бөлігінде орналасқан. Солтүстіктен - Гагарин, шығыстан - Пушкин көшелерімен, оңтүстіктен - Индікөл көлімен, батыстан - стадион, аурухана, мектеп кешенімен шектеседі. Тұрғын массиві негізінен көпқабатты үйлермен және жеке сектормен көрініс береді. Осы аймақта мәдениет үйі, дүкендер, сауықжай, мектеп, бала бақша секілді әлеуметтік - мәдени тұрмыс объектілері шоғырланған. Сондай - ақ мұнда аудандық әкімдік, сот, пошта, СЭС және тағы да басқа әкімшілік ғимараттар орналасқан. II - А тұрғын аумақ - селоның батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігі мен оңтүстігінен өнеркәсіп аумағымен, батыстан - Новочеркасское - Егіндікөл көлік жолымен шектесіп, шығыстан - стадион, аурухана, мектеп шекарасымен өтеді. Тұрғын массиві негізінен жеке сектормен көрініс береді. Аумақта дүкендер мен шұжық цехы орналасқан. II - Б тұрғын аумақ - селоның шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігі мен шығысында селоның бос аумағы, оңтүстігінде - Индікөл көлі, батысында - Пушкин көшесімен шектелген. Аталмыш тұрғын массиві негізінен жеке сектормен көрініс береді. Аумақта дүкендер, электрстанциялар, ауыл шаруашылығы техникаларының тұрағы орналасқан. I - А өндірістік аумағы - селоның солтүстік бөлігінде орналасқан. Шығыстан - Пушкин, оңтүстіктен - Гагарин көшелерімен, батыстан - Новочеркасское - Егіндікөл көлік жолымен, солтүстігінде - босалқы аумақпен шектеледі. Аумақта үш жанармай құю станциялары, ЖЖМ қоймасы, мех.ток, сауықжай, электрстанциясы және басқалары орналасқан. I - Б өндірістік аумақ - селоның оңтүстік - шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде - тұрғын аумақ, шығысында - мектеп, оңтүстік - батысында - көлік жолымен шектеледі. Аумақта элеватор, гараждар орналасқан. III - босалқы аумақ. I тұрғын аумақ, ІІ-А тұрғын аумақ, ІІ-Б тұрғын аумақ, І-А өндірістік аумағы, І-Б өндірістік аумағы өн аумақтарына енгізілмеген жерлер III аумаққа жатады және босалқы аумақ болып табылады.
Басқа 5
Егіндікөл аудандық маслихатының 2006 жылғы 13 қазандағы № С32-4 шешіміне 2 қосымша Егіндікөл селосы жер учаскелерінің кадастрлық (бағалық) құнын есептеуге арналған түзету коэффициенттері Аумақ­тың п/б Кө­лік­тік қа­ты­нас мүм­кін­ді­гі Қыз­мет кө­лі­гі Ор­та­лық­тан ал­шақ­тығы Функ­ци­о­нал­ды аумақ­тау Кө­рік­тен­ді­ру Ин­же­нер­лік же­лі­лер және ком­му­ни­ка­ция Ре­льев Кө­гал­дан­ды­ру Же­ра­с­ты су­ла­ры Ор­та­ша ко­эф­фи­ци­ент І тұрғын 1,5 1,0 2,0 1,0 1,3 1,2 2,0 1,0 1,0 1,3 ІІ-А тұрғын 1,2 1,0 1,7 1,0 1,0 1,2 2,0 1,0 1,0 1,2 ІІ-Б тұрғын 1,2 1,0 1,7 1,0 1,0 1,2 2,0 1,0 1,0 1,2 І-А өндіріс 1,2 1,0 0,8 1,0 0,7 1,2 2,0 0,5 1,0 1,0 І-Б өндіріс 1,2 1,0 0,8 1,0 0,7 1,2 2,0 0,5 1,0 1,0 ІІІ-босалқы 0,5 0,5 0,5 0,5 0,6 0,6 2,0 0,5 1,0 0,7