О мерах по снижению ущерба от возможных весенних наводнений в области Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыста болуы мүмкін көктемгі су тасқынынан келетін зиянды азайту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің 1999 жылғы 24 ақпандағы «Қазақстан Республикасында болуы мүмкін көктемгі су тасқынынан келетін зиянды азайту жөніндегі шаралар туралы» № 2 қаулысына сәйкес және облыста болуы мүмкін көктемгі су тасқынының алдын алу мен одан келетін зиянды азайтуға бағытталған уақытылы сақтандыру шараларын дайындау және өткізу мақсатында:
Тармақ 1
1. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері, облыс бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма өткен жылдардың тәжірибесін ескере отырып, тұрғындарды, жайылымдарды, автомобиль және темір жолдарын сенімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған су тасқынына қарсы барлық қажетті «іс-шаралар кешенін дайындасын және орындайтын болсын (гидротехникалық құрылымдарды су тасқынына дайындау, өзендер салаларын тазарту, көпірлер мен жол үйінділерін бекіту, басқа да қорғаныс жұмыстарын атқару); су тасқынының қаупі туралы тұрғындарды, кәсіпорындар мен ұйымдарды хабарландыру нобайларын, қоныс аудару маршруттарын нақтыласын, апаттық – құтқару жұмыстары мен болуы мүмкін зілзала нәубетінің салдарын жоюға тартылатын техникалық құралдар саны мен ұйымдар тізбелерін анықтасын; бірінші кезектегі құралдар, дәрі-дәрмектер, азық-түлік тағамдары, жарылыс құралдары мен басқа да ресурстардың қажетті апаттық қорларын қамтамсыз етсін.
Тармақ 2
2. Ертіс бассейн басқармасының Павлодар бөлімшесі (Қ.Ж. Қарабаев), ауа райын зерттеу жөніндегі облыстық орталық (А.П. Нагамов), «Павлодар өзен порты» ашық акционерлік қоғамы (Н.Д. Бергер) тиісінше облыс бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма арқылы төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық комиссияға ақпарат бере отырып, қалыптасқан жағдайға баға беру үшін су тасқыны мен жайылымдары болуы мүмкін аймақтарда тұрақты бақылау ұйымдастыратын болсын.
Тармақ 3
3. Ауа райын зерттеу жөніндегі облыстық орталықтың директоры А.П. Нагамов болуы мүмкін су тасқыны құбылыстарының болжамын уақытында жасап, бұл болжамды барлық мүдделі тұтынушыларға алдын ала жеткізсін. Облыс аумағындағы қар қалыңдығының биіктігі мен қар суының қоры туралы мәліметті облыс бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға 1999 жылғы 10 сәуірге дейін тапсырсын.
Тармақ 4
4. «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Павлодар филиалы жүк тасу бөлімшесінің бастығы К.Е. Әлмағамбетов, «Қазақ автомобиль жолы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын Павлодар филиалының директоры В.К. Котельников, облыстық су апатынан құтқару қызметінің бастығы В.М. Ертіс өзенінен өтетін көпірлер мен тіреулердің дайын зерттеп, су тасқындарының олар арқылы қауіпсіз өтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы өкімінің орындалуына бақылау жасау облыс бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға жүктелсін. Өкімнің орындалуы жөніндегі ақпарат облыс әкімі аппаратына облыс бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма арқылы апта сайтын, жағдай күрт төмендеген және төтенше жағдай қаупі туғанда – дереу берілсін.