Вопросы Комитета международной информации Министерства иностранных дел Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық ақпарат комитетiнiң мәселелерi Сыртқы және iшкi саясатты ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ шет елдерде Қазақстан Республикасының жетiстiктерiн насихаттауды күшейту мақсатында, "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық ақпарат комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22. N 986 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 530-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi (Сыртқыiсминi) туралы ережеде: 1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ведомствосы - Халықаралық ақпарат комитетi бар.";
Тармақша 2
2) күші жойылды – ҚР Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық ақпарат комитетi туралы ереже
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2006 жы­л­ғы 28 қа­зан­да­ғы N 1024 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық ақпарат комитетi туралы ереже
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Халықаралық ақпарат комитетiнiң құрылымы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 28 қазандағы N 1024 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Халықаралық ақпарат комитетiнiң құрылымы