Об объявлении двухмесячника по охране рыб, нерестующих в водоемах области Қолданыста
Басқа 0
Облыстың су айдындарында уылдырық шашатын балықтарды қорғау жөнінде екі айлық жариялау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау Ережесін бекіту туралы» № 1480 қаулысын басшылыққа ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. 1999 жылғы сәуірдің 20 – нан маусымның 20 – на дейін облыстың су айдындарында уылдырдық шашатын балықтарды аулаудың екі айлығы жариялансын.
Тармақ 2
2. Облыс бойынша балық қорларын қорғау мен балық шаруашылығын реттеу жөніндегі мемлекеттік қызметінің бастығы Р.Қ. Қабиденов екі айлық кезінде жазықтықтар мен өзен аңғарларында, сондай-ақ Ертіс-Қарағанды қаналының су қоймаларында мына мерзім аралығында балықтың төмендегі түрлерін аулауға тыйым салсын: аққайраң, көксерек – сәуірдің 20 – нан мамырдың 20-нан дейін; табан, сазан, тұқы – мамырдың 20-нан маусымның 20-на дейін.
Тармақ 3
3. Облыс ішкі істер басқармасы (Е.Р. Белғожанов), облыс бойынша балық қорларын қорғау мен балық шаруашылығын реттеу жөніндегі мемлекеттік қызметі екі айлық кезінде облыстың су айдындары мен су қоймаларындағы балық қорларын қорғауға бақылауды күшейтсін.
Тармақ 4
4. Облыс бойынша Көлік бақылау комитеті басқармасы (Н.У. Сыздықов) екі айлық кезінде балықтардың уылдырық шашуына қолайлы жағдай жасау мақсатында жеке пайдаланудағы шағын кемелер мен жүзу құралдарының су айдындары мен су қоймаларында жүруіне тыйым салу жөнінде шаралар қолданатын болсын.
Тармақ 5
5. Ертіс-Қарағанды каналын пайдалану жөніндегі Павлодар аудандық басқармасы (Л.И. Баталова) сәуірдің 20-нан маусымның 20-нан дейінгі аралықта су қоймаларындағы судың қалыпты деңгейін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыс бойынша балық қорларын қорғау мен балық шаруашылығын реттеу жөніндегі мемлекеттік қызметі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс тұрғындарын екі айлықтың өту барысында қолданылған шаралар туралы хабардар етіп отыратын болсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.И. Кошевойға жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.