Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики об урегулировании прав собственности Республики Казахстан на объекты курортно-рекреационного хозяйства, расположенные на территории Иссык-Кульской области Кыргызской Республики Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне Қазақстан Республикасының меншiк құқықтарын реттеу туралы келiсiмдi бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған 2006 жылғы 4 шiлдеде Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне Қазақстан Республикасының меншiк құқықтарын реттеу туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Yкiметi арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне Қазақстан Республикасының меншiк құқықтарын реттеу туралы келiсiм
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Yкiметi арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне Қазақстан Республикасының меншiк құқықтарын реттеу туралы келiсiм Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi 1992 жылғы 9 қазандағы Құқықтарды өзара тану және меншiк қатынастарын реттеу туралы келiсiмге және 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Қырғыз Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiк объектiлерiне Қазақстан Республикасының меншiк құқықтарын тану туралы хаттамаға сәйкес төмендегiлер туралы келiстi:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Тармақ 1
1. Қырғыз Тарабы:
Тармақша 1
1) осы Келiсiмге қол қойылған сәттен бастап 5 айдың iшiнде оның күшiне ену үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi жүргiзуге мiндеттенедi;
Тармақша 2
2) осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан ғимараттар мен құрылыстарға Қазақстан Республикасының меншiк құқығын ресiмдейдi, атап айтқанда: "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының спорт-сауықтыру базасы (бұрынғы "Автомобилист Казахстана" демалыс үйi (Қорымды ауылы); "Самал" демалыс үйi (Бөстерi кентi); "Қазақстан" санаторийi (Шолпан-Ата қаласы); "Университет" спорт-сауықтыру лагерi (Бөстерi кентi).
Тармақ 2
2. Қазақстан Тарабы осы Келiсiмнiң 1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген объектiлерге өзiнiң меншiк құқықтарын ресiмдегеннен кейiн мынадай: мүмкiндiгiнше жыл бойы жұмыс iстейтiн 3 немесе 4 жұлдызды қонақ үйлерi деңгейiне: "Қазақстан" санаторийiн - екi жылдың iшiнде, "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының спорт-сауықтыру базасын (бұрынғы "Автомобилист Казахстана" демалыс үйi), "Самал" демалыс үйiн, "Университет" спорт-сауықтыру лагерiн - төрт жылдың iшiнде жеткiзу; жоғарыда көрсетiлген объектiлердi салу және пайдалану кезiнде жұмыс күшiнiң кемiнде 80 пайызын Қырғыз Республикасының азаматтары қатарынан тарту жөнiндегi шараларды қабылдайды.
Бап 2. 2-бап
2-бап Осы Келiсiмге Тараптардың келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
Бап 3. 3-бап
3-бап Осы Келiсiм Тараптардың қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi. 2006 жылғы 4 шiлдеде Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасының Yкiметi үшiн Үкіметі үшін